Отыз жылдағы олжамыз қандай?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Отыз жылдағы олжамыз қандай? 16.12.2021

Отыз жылдағы олжамыз қандай?

Ел Тәуелсіздігіне - 30 жыл. Әлемдік тарих тұрғысынан қарағанда онша көп уақыт емес. Дегенмен осы жылдарда біз әлемге және болашақ ұрпаққа Тәуелсіз Қазақстан атты жасампаздықтың жемісін ұсына алдық. Сол себепті бұл кезең біз үшін Ұлы дәуір. Мәңгілік ел идеясы бүгінде ұлттың алға ұмтылуына жол көрсетуде. Күш-қуаты кемел жас мемлекетіміз өрлеу үстінде. Тәуелсіздік бізге не берді, оны бағалай алып жүрміз бе? Тұғырдан түспеу үшін қандай батыл қадамдар қажет? Сауалдарды «Алаңның» талқысына салып көрдік.

Құдайберген ПІШЕМБАЕВ, тыл ардагері:

- Тың игеру кезеңінде мен оқушы едім. Павлодар қаласындағы интернатта тұрдым. Сол жылдары дүкендерден нанды сатып алудың өзі мұң еді. Нанның кезегіне таңғы сағат 6-дан бастап тұратынбыз. Қазір дүкенде нанның түр-түрі бар. Бұл да - Тәуелсіздіктің жемісі. Кейде қоқыс жәшіктерінің айналасынан шашылған нанды көргенде «әттең-ай» дейсің. «Нан қиқымын шашпаңдар» деп ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген бабалардың сара жолын дұрыс жалғастыра алмай келе жатқандаймыз. Тәуелсіздіктің тұғыры мығым болу үшін бала тәрбиесіне баса назар аудару керек деп есептеймін. Тәуелсіздік алған жылдардан бері аяққа тік тұрып келе жатқан салалардың бірі – ауыл шаруашылығы. Тың игерудің әсерінен егістік алқаптары артты. Сәйкесінше, астық өндіру қарқынды жүргізілді. Әлі есімде, 1956 жылдың күзінде Қазақстан 16 миллион тонна астық тапсырып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Бүгінде еліміз жыл сайын 25-30 миллион тонна астық өндіруде. Биыл Павлодар облысы өзіндік рекорд орнатып, 1 миллион тоннадан астам астық жинады. Мұның бәрі – Тәуелсіздіктің жемісі. Бұл ретте, Тәуелсіздік алғаннан кейін Ел Президенті Н.Назарбаевтың ауыл шаруашылығын жекешелендіруі ұтымды қадамдарының бірі деп санаймын. Содан бері халық өз ісін өзі басқарып, үлкен нәтижелерге қол жеткізуде.

Шолпан БАЙҒАЛЫ, ардагер журналист, ақын:

- Елбасы бір сөзінде: «Тәуелсіздіктің тірегі – ұлттық сана екенін білесіздер. Ал ұлттық сана тіл мен әдебиет арқылы қалыптасады» деген еді. Бұл ретте, әдебиеттің майданында жүрген қаламгер-лерге, тіл жанашырларына жүктелген міндет зор. Мен үшін Тәуелсіздік ойымды еркін айтуға, өлең мен әдеби шығармаларды, повесть, роман жазуға мүмкіндік берді. Жасыратыны жоқ, Тәуелсіздікке дейін өңірде қазақ мектептері жабылып, орыс мектептері үстемдік етті. Өзіміз де балаларымызды орыс мектебіне жетектеп апардық. Қазақ халқы деген атауды ойдан шығара жаздадық. Тіл бар жерде халық бар. Тіл бар жерде оның мәдениеті бар. Тіл жоқ болса, оның бәрі жойылады. Бұл – шындық! Менің айтысқа шыққаныма 40 жыл болыпты. Өткен ғасырдың 80-жылдары Павлодар қаласында тұңғыш рет республикалық айтыс ұйымдастырылды. Мен бұл айтыста тұңғыш рет арнау айттым. Тәуелсіздік алған жылдары менің тілім «қайта шықты». Аймағымызда айтыс жиі ұйымдастырылып, өшкеніміз қайта жандана бастады. Осы уақытқа дейін 20-ға жуық кітап, өлең жинағым, романым жарық көріпті. Қайда жүрсек те, тіл, рух жайлы жырға қосып келеміз. Бүгінде өзге ұлт өкілдерімен көрші тұрамын. Олардың салт-дәстүріне құрметпен қараймын. Елімізде бірде-бір этностың туған тілі жойылмай, керісінше дамып, өркендеп келеді. Тіпті, басқа ұлт өкілдері менің өлеңдерімді жатқа айтып жүр. Енді жүздеген этностар бір ұлтқа айналуы үшін оны біріктіретін күш керек. Ұлттың басын біріктіруші ретінде қазақ тілі халықаралық тіл болуы тиіс деп есептеймін.

Дәулет МҰСТАФИН, құрылыс саласының ардагері:

- Тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі құрылыс саласының қарыштап дамып келе жатқанын көзбен көріп жүрсіздер. Жыл сайын аспанмен таласқан зәулім тұрғын үйлер, ажары келіскен ғимараттар бой көтеруде. Алысқа бармай-ақ, Павлодар қаласында Усолка, Достық, Сарыарқа шағын аудан-дарының пайда болуы сөзімізге дәлел бола алады. Аталған жаңа аудандарда соңғы үлгідегі ғимараттар бой көтерді. Әлі де салынып жатыр. Бұрындары ірі кәсіпорындар өз жұмыскерлерін баспанамен қамту үшін үйлер салатын. Оның өзі жатақханалар болатын. Ол кездегі бір бөлмелі үйдің аумағы небары 20-24 шаршы метр еді. Бүгінде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде сәулетті үйлер қолданысқа берілуде. Бір бөлменің аумағы 40 шаршы метрден кем емес. Жаңа технологиялар енгізіліп, біз түсімізде көрмеген құрылыс материалдары пайдаланылуда. Таң қаламыз, қуанамыз, әрине. Десе де, саладағы проблемаларды да атап өтпей болмас. Құрылыс жобалаудан басталады. Бұл ретте, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлейтін маманның тәжірибесі мол болғаны абзал. Құрылыс саласында кем дегенде 10 жыл еңбектенуі тиіс. Қазір университетті енді ғана тәмамдаған жастар бұл жұмысқа араласуда. Салдарынан жобада қателіктер жиі орын алады. Сол себепті, қай салада болмасын кадр дайындауға баса назар аудару керек деп есептеймін.

 

Пікірлерді жинаған - Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 886

Возврат к списку