Қозғаушы күшті қолдаймыз!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Қозғаушы күшті қолдаймыз! 07.09.2021

Қозғаушы күшті қолдаймыз!

Бүгінде жастарға жол сілтеп, бағыт-бағдар беріп, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісуге дайын аға буын өкілдері баршылық. Алдыңғы толқынның кейінгі ұрпаққа ақылын айтып, батасын беруі - атадан келе жатқан ізгі сабақтастық. Егемен елдің кемел келешегіне сеніммен қарайтын сондай ақсақалдардың бірі - Қадыр Әжмұратов.

Қадыр Әжмұратұлын Ертіс-Баян өңірінің жұртшылығы жақсы біледі. Жастайынан еңбекке араласып, адал қызметімен ел құрметіне бөленген азамат сексеннің сеңгіріне шықса да, қоғамдық мәселелерден шет қалмай, соңғы жаңалықтардан үнемі хабардар болады. Осы орайда мемлекеттік қызмет саласының ардагері, кезінде ауыл-ауданды басқарған ақсақал Президенттік жастар кадрлық резерві туралы ой-пікірімен бөлісті.

- Әңгіменің әлқиссасын әріден бастайын. Біз оқу бітіріп, қолға диплом алып, жас маман ретінде еңбекке араласқан тұстағы уақыт мүлде басқа еді. Қолыңа жолдаманы ұстатады да, маман тапшы өңірге қызмет ету үшін жібереді. Ол кезде жұмысқа орналасу мәселесіне аса бас қатыра қоймағанымыз рас. Баспана мәселесі де алаңдата қойған жоқ. Абай атамыз айтпақшы, өзіңе, ақылың мен еңбегіңе сеніп, тынбай жұмыс істесең болғаны. Алдыңғы буын аға-апалар жастарға тәлімгер болып бекітіліп, жол сілтеді.

Бұл тұрғыдан алғанда менің жолым болды. Алматы халық шаруашылығы институтын бухгалтер-есепші мамандығы бойынша бітірген соң туған жерім - бұрынғы Лебяжі, қазіргі Аққулы ауданына оралдым. Еңбек жолын қатардағы есепші болып бастадым. Қоғамдық жұмыстарға да ерте араластым. 25 жасымда бастауыш комсомолдар ұйымының бірінші хатшысы болдым. Кейін совхоз директоры, одан соң Аққулы ауданының әкімі ретінде қызмет атқардым. Бұл жоғары әрі жауапкершілігі мол лауазымдардың барлығы - күні-түні еткен еңбектің, төккен маңдай тердің нәтижесі.

Жоғарыда айтқанымдай, біздің кезімізде жастарда таңдау болған жоқ. Жолдамада қай бағыт көрсетілсе, соған қарай бет аласың. Ал бүгінгі егемен елде жас мамандарда еркіндік бар. Мемлекет тарапынан қолдау бар. Еңбекке деген құлшыныс, алға ұмтылу бар. Жанарлары жанып тұрған жастарды көрген кезде марқайып қаламын. Әсіресе, мемлекеттік қызмет саласында «елім, жерім» дейтін жас мамандардың неғұрлым көп болғаны жақсы. Олар - қозғаушы күш. Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаев та «Ел ертеңі - жастар» дегенді жиі айтады. Біздің ізімізді жалғап келе жатқан кейінгі толқынға зор сенім артып, мол үмітпен қараймыз. Бұл ретте Президенттік жастар кадрлық резервінің жеңімпазы атанғандар үшін жауапкершілік жүгі еселене түседі. Себебі үздіктердің үздігі болған жастардан тың серпін, жаңаша көзқарас күтеміз.

Осыдан екі жыл бұрын алғаш рет іріктеу жарияланған кезде «Бұл елге қызмет етемін дейтін азаматтарға берілген жақсы мүмкіндік екен» деген ой түйдім. Бұл ойымның бекер емес екенін жеңімпаз атанған жастар дәлелдеп берді. Алысқа бармай-ақ, өз өңіріміздегі жағдайға зер салайық. Сол іріктеуден сүрінбей өткендердің бірқатары аудандарға, басқармаларға жетекшілік етіп, облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып жүр. «Білгенің өзіңе жақсы, істегенің маған жақсы» деген сөз бар емес пе еді? Сол сияқты жастардың жауапты салаларда еңбек етіп, тәжірибе жинап, өмірлік сабақ алғандары өздеріне жақсы. Ал күрмеулі мәселелерді уақыт оздырмай шешіп, елдің дамуы үшін оңтайлы қадамдар жасауы жұртқа жақсы. Байқауымша, бұл сынақ басқа біреумен емес, алдымен өзіңмен бәсекеге түсуді үйрететін сияқты. Жастар бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуде іркіліп қалмас үшін өздерін қамшылап, білім-білігін жетілдіруге талпынады. Сондықтан дәл осындай кадрлық резервтің жасақталуын қос қолдап қолдаймын. Жақында жарияланған екінші кезеңге қатысушылар қатары да көп болар деген ойдамын. Себебі, бұл іріктеу - тек мансаптық жолдың емес, ішкі дүниетанымның өсуіне де оң ықпалын тигізері анық. Әттең, біздің кезімізде мұндай резервтер болған жоқ. Әйтпесе бірінен де қалыс қалмас едім», - деп сөзін түйіндеді ақсақал.

Қадыр Әжмұратұлының айтуынша, жетістікке жету жолында білім, тәжірибе мен мақсатты серік ету керек. Биікке шығу үшін қанат емес, талап керек. Мемлекет қызмет саласының ардагері жастарға шыңға жетелер мықты талап тілеп, Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысуға кеңес берді.


Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


Количество показов: 922

Возврат к списку