Паралимпиада жүлдегерінің арманы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Паралимпиада жүлдегерінің арманы 14.10.2021

Паралимпиада жүлдегерінің арманы

Токиода өткен Паралимпиада ойындары да павлодарлық спорт жанкүйерлерін теледидарға телміртті. Байрақты бәсекеде жерлесіміз, дзюдо шебері Зарина Байбатина бақ сынап, облыс тарихында тұңғыш рет Паралимпиаданың жүлдесін ел қоржынына салды. Туған жерге оралған спортшыға оқырмандар атынан құтты болсын айттық. Зарина алдағы жоспарларымен бөлісіп, спорттағы мансабы жайында әңгімелеп берді.

- Зарина, күміс медаль құтты болсын! Жүлде алғаннан кейінгі алғашқы әсеріңмен бөліссең...

- Қуанышыма ортақтасқан барша ағайынға алғысым шексіз. Әрине, төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын дүбірлі доданың жүлдесін алу-зор бақыт. Әр спортшының асқақ арманы –
Олимпиадада топ жару. Паралимпиада ойындарының дәрежесі одан кем емес. Әрине, Токио төрінде көк туды желбіреткеніме қуаныштымын. Күміс алған кездегі алғашқы әсер өмірімдегі тарихи сәттердің бірі деп білемін. Бір адам сеніп тапсырған жұмысты дұрыс атқарсақ қуанамыз ғой. Ал барша Қазақстан халқының сенімін ақтау – зор мәртебе!

- Спортқа қашан қадам бастың? Неліктен дзюдоны таңдадың?

- Әу баста Ақсу қаласындағы волейбол секциясына қатысып жүрген едім. Кейін 7-сыныптың табалдырығын облыс орталығындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында аттадым. Ондағы волейбол жаттығуына бір-ақ күн ғана қатыстым. Келесі күні дзюдо бөліміне ауысып, содан бері аталған спортпен шұғылданып келемін. Жалпы, ер мінездімін. Содан болар, қыз балаға тән спорт түрлерінен гөрі күрес, жекпе-жек жаныма жақын.

- «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген мақалдың сізге қатысы бар ма?

- Дөп түстіңіз. Әкем грек-рим күресімен шұғылданған. Әпкем волейболшы болған. Яғни, отбасым - спорт десе ішер асын жерге қояр жандар. Әкем музыкант болса, сахнада ән айтып жүрер ме едім, кім білсін?!

- Спорттық мансабыңыз-дағы алғашқы ірі жетістігі-ңізді еске алсақ...

- Мектеп-интернатының 11-сыныбында оқып жүрген кезім. Сирия астанасы Дамаск қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысып, 3-орынды иелендім. Бұл жетістігім үшін спорт шебері атағына қол жеткіздім. Бұл ретте, биік шыңға жетелеген жаттықтырушыларым Бақыт Смағұлов пен Жанат Шариповтың еңбегін атап өткен жөн.

- Жасыратыны жоқ, спорт мектептерін тәмамдаған түлектердің бетке алатын бағыты біреу. Дене шынықтыру және спорт факультеттеріне құжаттарын тапсырады. Сіздің тағдырыңыз ше?

- Бізге де сол жалғыз таңдау маңдайға жазылыпты. ПМПИ-ге оқуға түстім. Жалпы, спорт мектептерінде білім алып, жарыстарға қатысып, үлкен нәтиже көрсетіп жүрген спортшылар оқуын тәмамдап, «далада» қалып қойғандай болады. Бұрынғыдай қамқорлық жоқ. Ұлттық құрамаға кірсең ғана жалақы төленіп, спорттық мансабыңды жалғастыруға мүмкіндік бар. Ал құрамаға бәрі бірдей алына бермейді. Салдарынан көптеген спортшылар мансабын ерте аяқтап, дене шынықтыру пәні мұғалімі немесе бапкер ретінде жаңа өмір бастайды. Айтпағым, спорт мектептерін тәмамдаған жастардың таланты көміліп қалмауы тиіс. Осы мәселені шешу жолдары қарастырылса екен.

DSC_1569.JPG

- Паралимпиада бағытында бақ сынауға не себеп болды?

- Денсаулығыма байланысты 2019 жылдан бері парадзюдомен шұғылданып келемін. Қалған спорт түрлерінде құлағының мүкісі бар жандар, өзге де мүшелерінде кемістігі бар азаматтар сайысқа түссе, парадзюдода көзі нашар көретін спортшылар ғана бақ сынайды. 2006 жылы ана атандым. Одан кейін кәдімгідей үлкен спорттан қол үзе бастадым. Кейін әріптестерімнің кеңесіне құлақ түріп, парадзюдомен айналысуға шешім қабылдадым. Нақтырақ айтсақ, сыныптасым, Павлодар өңіріндегі дзюдодан белді бапкерлердің бірі Денис Амелин осы бағытта бағымды сынап көруге ұсыныс білдірді. 2019 жылы Атырау қаласында өткен Азия чемпионатында 2-орынды иелендім. Бірден ұлттық құрама сапына шақырылдым.

- Токио Паралимпиадасына дайындық ойдағыдай болды ма?

- Дүбірлі додаға арнайы жоспар шеңбе-рінде дайындықты пысықтадық. Оқу-жаттығу жиындары жиі өткізіліп тұрды. Дене дайын-дығымен қатар, күн тәртібін Жапонияның уақыт кестесіне сай реттедік. Яғни, кешкі сағат 22.00-де ұйқыға жатып, таңғы 6.00-де оянып жүрдік. Уақыт белдеулігі де көп нәрсені шешеді. Десе де, Жапонияға кеш барғандықтан, бейімделуге де уақыт болған жоқ. Парадзюдошылардың бірінен коронавирус анықталды делініп, сараптама нәтижелерін күткенше біраз уақыт жоғалттық. Абырой болғанда ковид ешкімде тіркелмеді. Токиоға Стамбул қаласы арқылы 1 күн ұшып бардық. Екі күннен кейін жарысқа шықтым.

- Еліміздегі парадзюдоның дамуын қалай бағалайсыз? Проблемалар бар ма?

- Дзюдо мен парадзюдо - екі бөлек тақырып. Токио Паралимпиадасы көптеген мүмкіндігі шектеулі жандарға жігер сыйлағанын аңғардым. Жақында ғана елімізде өткен спартакиадада парадзюдоға 100-ден астам адам қатысуға ниет білдіріп, жетпісі іріктелді. Бұл – жақсы нәтиже. Бізде спорттық нысандар жеткілікті. Білікті бапкерлер көп. Пара-
дзюдомен айналысуға талпынған азаматтардың да қатары артып келеді. Аталған спорттың дамуын оң бағалауға толық негіз бар.

- Білуімізше, ел бірін-шіліктерінде жарысқа Атырау облысы атынан шығып жүрсіз...

- Кім зор қолдау көрсетті, сол жерден табылдық. Жасыратыны жоқ, мені кезінде Павлодар өңірінің спортқа жауапты басшылары керек те қылмады. Токио Паралимпиа-
дасынан оралған уақытта да дұрыс құттықтаған жоқ. Есесіне, атыраулықтар астыма су жаңа көлік мінгізіп, 3 бөлмелі пәтер сыйлады. Әкімі, спорт басқармасы, спорт демеушілері, әрқайсысы 1 миллион теңгеден табыстады. Аяғымды жерге тигізбей, құрметтеп күтіп алды. Павлодарға енді оралмайтын сияқтымын. Ақсу қаласында ата-анам тұрады. Туған-туысқандарым, достарым үшін қос облыстың ортасын жалғап жүрмін.

- Алдағы мақсатыңыз қандай?

- 2024 жылы Франция астанасы Париж қаласында өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алып, жеңіс тұғырынан көрінгім келеді. Іріктеу жаңадан басталады. Қола алды екен деп қолпаштау жоқ енді. Ел чемпионатында, Азия біріншіліктерінде оза шабуың керек. Әзірге демалыстамын. Аз уақыттан кейін дайындықты мықтап қолға аламын.

- Әсерлі әңгімеңізге рақмет. Жеңісті сәттер көп болғай!

 

Сұхбаттасқан – Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 1077

Возврат к списку