Павлодарға үлкен футбол оралды!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Павлодарға үлкен  футбол оралды! 26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!

Сүйінші! «Ақсу» командасы мықтылар топтасқан ел чемпионатының Премьер-лигасына жолдама алды. Бірінші лиганың аяқталуына бір тур қалғанда маңызды жеңіске қол жеткізген жерлестеріміз тарихтың жаңа бетін ашты. Орталық стадионға жанкүйерлер оралады!

Оралхан ҚОЖАНОВ

8.jpg

Жасыратыны жоқ, ел чемпионатының 5 дүркін жеңімпазы «Ertis»-тің аянышты тағдырынан кейін Павлодарда футбол думаны тоқтап қалғандай еді. Туған жеріңнің командасы болмаса ел біріншілігін теледидардан тамашалаудың өзі біртүрлі екен. Орталық стадионнан ары-бері өткен сайын сағынышқа беріліп, үлкен футболды аңсап жүргеніміз рас. Биыл Қазақстан Бірінші лигасында облыс намысын қос команда – «Ақсу» мен «Екібастұз» қорғады. Екібастұздықтардың жағдайы мәлім. Соңғы жылдары қаржылық қиындықтардың салдарынан турнир кестесінің көш басынан табылып көрген емес. Тіпті, Өзбекстанға оқу-жаттығу жиынына барып, қаражаттың жоқтығынан елге қайта алмай ұятқа қалғаны бар. Ал «Ақсу» жайлы әңгіме бөлек. Екінші лигада оза шауып, бірден Бірінші лиганың үздіктеріне айналған ақсулықтар биыл биік мақсат қойды. Премьер-лиганың жолдамасын алуға серттесті. Асқақ арман орындалды! Ақсу қаласының 60 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген айтулы күнде көкшетаулық «Оқжетпес» командасы қарсылас атанды. Премьер-лигада мол тәжірибесі бар қонақ ұжым қауқарлы еді. Ережелерді бұзғаны үшін жаза ретінде бірнеше ұпайдан айырылып қалған-ды. Әйтпесе әу баста көшбасшылардың бірі осы көкшетаулықтар саналған болатын. Қос команда арасындағы кездесу бірден тартысты басталды. Алма-кезек қауіпті шабуылдар ұйымдастырылды. Бірінші таймның ортасына қарай қонақ команданың қақпашысы айып алаңында ақсулық Мирас Тұрлыбекті шалып құлатты. Төреші пенальти белгілеп, Мирас мүлт кетпеді. Бұл оның чемпионаттағы 20-шы голы еді. Екінші таймда «Оқжетпес» шабуылдарын үдетіп, дегеніне жетті. Руслан Болов есепті теңестіріп кетті. Десе де, ақсулықтар жинақылық танытып, қонақтар қақпасына тағы 2 доп салды. Гол авторлары: Демият Сламбеков, Анатолий Красотин. Бұл жеңістен кейін «Ақсу» 47 ұпай жинап, турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Соңғы турда сырт алаңда «Тараз-Қаратау» командасымен өтетін ойынның маңызы жоқ. Бірінші лигадан 2 ұжым Премьер-лигаға жолдама алатынын ескерсек, жерлестерімізбен бірге «Мақтаарал» командасы мықтылар қатарына қосылғанын атап өткен жөн.

Сіз не дейсіз?

092bf6e4445ca49ff5e05645a0b4cc3a-696x464.jpg

Ойрат СӘДУОВ, Павлодар футболының ардагері:

- Павлодар футболының тарихы тереңде. «Трактор» командасынан басталған жеңісті кезеңдер тоқтап қалмауы тиіс. «Ertis»-тің аянышты ахуалынан кейін еңсеміз түскені рас. Осы ретте, жыл бойы «Ақсудың» аяқ алысын бақылап отырдым. Жігіттердің көзінен отты байқадым. От болса, гол да соғылады. Армандар орындалады. Маңызды миссияға қол жеткізілді. Ендігі жерде қаржылық қиындықтардан айналып өтіп, жергілікті жанкүйерлер асыға күткен футбол тойын ұзағынан тамашалау бұйырсын!

WhatsApp Image 2021-10-25 at 11.23.55.jpeg

Айбек ЖҰМАТОВ, спорт шолушысы:

- Келесі жылы үздіктер қатарында ойнайтын команданы жан-жақты күшейтуді қазірден-ақ ойластыру керек. Құрамды сапалы футболшылармен толықтыру керек. Дегенмен, команданың павлодарлық кейпі сақталуы шарт: үш-төрт пози-ция ғана өзгертілуі тиіс. Ал «Ақсу» бірден чемпион болмаса да, келесі жылы Премьер-лигада көптің бірі болмай, Павлодар футболы деген брендті Қазақстанға мойындата білетіндей ойын көрсетсін деп тілеймін.


Количество показов: 988

Возврат к списку