Пайдалану мерзімі қысқарды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Пайдалану мерзімі қысқарды 21.12.2021

Пайдалану мерзімі қысқарды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеткілікті шектен асқан соманы пайдалануға қатысты тағы да өзгерістер енгізілді. Бұдан былай қордағы қаражатты баспана жағдайы мен денсаулығын жақсарту мақсатында алуға ниетті тұрғындар оны 20 күн аралығында кәдеге жаратуы тиіс. Бұған дейін бұл мерзім 45 жұмыс күнін құрайтын еді.

«Отбасы банк» АҚ басшылығы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану бойынша өзгерістер енгізілгенін хабарлады. Банктің баспасөз қыз-

меті таратқан мәліметке сүйенсек, алдағы уақытта жеткілікті шектен асқан сомасын алған азаматтар оны 20 жұмыс күні ішінде пайдаланып үлгеруі керек. Әйтпегенде, қаражат қайтадан қорға қайтарылады. Сонымен қатар, бүгіннен бастап «Отбасы банкінде» ашылған депозитке қаржы аудару тетігі қосылғанын еске сала кетейік. Ол үшін enpf-otbasy.kz платформасына кіріп, электронды-цифрлық қолтаңба арқылы қол қойса болғаны.

- Алдымен жеке кабинетке кіріп, депозиттің немесе біржолғы зейнетақы төлемі үшін ашылған арнайы шоттың бар-жоғын тексеру керек. Егер депозиттік шот болғанмен, жеткілікті шектен асқан соманы аударатын шот болмаса, сол платформада тиісті өтінішке қол қою керек. Сол кезде «Отбасы банкте» арнайы шот автоматты түрде ашылады. Бұл қадамдар жасалған соң өтініш Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жолданады. Аталмыш қор өтінішті бес жұмыс күні ішінде қарастырып, «Отбасы банкіндегі» біржолғы зейнетақы төлемі шотына жібереді. Ал сол шоттағы қаржы бірден депозитке аударылады, - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов депозиттегі қаржыны пайдалану тәртібін түсіндірді. Оның айтуынша, қазақстандықтар зейнетақы қорынан аударылған қаражатты 3 жыл аралығында баспана алуға жұмсауы тиіс. Осы уақыт аралығында пайдаланбаса, жеткілікті шектен асқан сома қайтадан зейнетақы шотына жіберіледі.

- Біржолғы зейнетақы төлемі арқылы ашылған немесе толтырылған депозитке де банктің бір жылға төленетін 2 пайыздық мөлшерлемесі мен мемлекет тарапынан берілетін 20 пайызға дейінгі премия қосылады. Әйтсе де, салымшы зейнетақы жинағын шешіп ала алмайды. Депозитті үш жыл аралығында жабатын болса, қаражат толығымен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылады, - деп мәлімдеді Н.Ақшанов. Сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемі есебінен ашылған депозиттік шоттарды интернет-банкингте сатуға тыйым салынады.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

 


Количество показов: 887

Возврат к списку