Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Педагогтарды жауапқа  тарту дұрыс па? 21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?

Кәмелетке толмаған балаларға қысым көрсеткен педагогтар түрмеге қамалуы мүмкін. ҚР Ішкі істер министрлігі жасөспірімдерге жәбір көрсеткен балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынып отыр. Конституцияның 17-бабында ешбір азамат өзге адамнан жәбір көрмеуі тиіс деп жазылғанымен, ол ешбір заңнамамен бекітілмеген. Дегенмен қоғам өкілдерінің басым бөлігі мұндай жаңашылдықты құптамайды. Айтуларынша, пәлеқорлар көбейіп кетуі мүмкін. Осы орайда «Алаңда» тақырыпты талқыға салдық.

Серік Жолдасбаев.jpg

Серік ЖОЛДАСБАЕВ, заңгер:

- Ұсыныста «азаптау» термині айтылған. Алдымен азаптау сөзіне анықтама беріп алайық. Азаптау – ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері арқылы адамға физикалық немесе психикалық зардап шектіру. Қылмыстық Кодекс бойынша жеке адамға қарсы қылмыс деп танылады. Ал мұғалім мектеп оқушыларын қалай азаптауы мүмкін? Қайта мұғалімдер өздері қызмет бабында оқушылардан, ата-анадан, мектеп әкімшілігі, сондай-ақ көптеген комиссиялардан психикалық және моральдік тұрғыда зардап шегеді. Мұғалімде бос уақыт деген мүлде жоқ. Сабаққа дайындалу, дәптер тексеру, оқушы күнделігін тексеру, ата-анамен байланыс, оқушының сабақтан соң аман-сау үйіне жетуі, демалыс күндері оқушы қауіпсіздігіне алаңдау, үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыс жасау, кәсіби іздену. Сансыз жұмыстың арасында отбасы мен денсаулығын ойлауға уақыт таппай жанталасады. Осындайда көп нәрсеге жүйкесі шыдас бермеуі мүмкін. Сол кезде оқушыларына қатты сөз айтып қалуы мүмкін, әдейілеп ұрмаса да, қолы тиіп кетуі ықтимал. Соңғы кездерде мұндай оқиғалар жиі кездесе бастады, алайда бұны азаптау деуге болмайды. Ұстаздың өлшеусіз еңбегін лайықты бағалап, ұстаз мәртебесін арттыру қажет.

Жаңагүл Төлеубаева.jpg

Жаңагүл ТӨЛЕУБАЕВА, Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназия мектебінің педагог-психологы, Павлодар қаласы:

- Өкінішке қарай, қоғамда баланың тағдырына немқұрайлы қарап, қатыгездік көрсету, оған қысым жасау, ұрып-соғу сияқты жағдайлар кездесіп жатады. Мұндай әрекетке баратындар көбіне шаршаған, психологиялық кедергісі бар адамдар болуы мүмкін. Осындай әттеген-айларға кездесіп қалмау үшін мұғалімдер ешқашан педагогикалық этиканы ұмытпауы керек. Психологиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа жол бермеу үшін мұғалімдер жас ұрпақты – еліміздің келешегін тәрбиелеп отырғандарын жадынан шығармауы қажет. Педагогтар адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттер жасаудан, адамның қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтудан аулақ болуы тиіс. Кері жағдайда педагогқа тиісті шара қолдануға тура келеді. Мектеп әкімшілігі тарапынан ескерту беріп, шара қолдану бұрыннан тәжірибеде бар. Дегенмен осындай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін кәсіби әдеп шеңберінен шықпай, кездескен мәселелерді шешуде мұқият болғанымыз абзал.

Күннұргүл Сәбитова.jpg

Күннұргүл Сәбитова, тәрбиеші:

- Балаларға қол көтеру дегенге үзілді-кесілді қарсымын. Он жылдан астам уақыт тәрбиешімін. Өз тәжірибемде ешқашан мұндайға жол берген емеспін. Баланы ұрмақ түгілі, саусақтың ұшын да тигізуге болмайды. Ол жүз жерден тыңдамайтын, еркетай бала болса да, оның тілін таба білу керек. Балабақша тәрбиеленушілерінің арасында біреудің тұңғышы, біреудің кенжесі, біреудің жалғызы деген сияқты еркешора балалар көп. Оларға үйіндегі анасындай жылы сөйлеп, балабақшаны үйіндей көруі үшін қарым-қатынас та сондай болуы керек. Өз басым кез келген баланы бауырыма тарта, еркелетіп ұстаймын. Сондықтан да болар, көшеде көріп қалса, балаларым «апай, апай» деп жүгіріп келіп, амандасып жатады. Балабақша –
балалардың екінші үйі. Біз, тәрбиешілер, екінші анасындай болуымыз керек. Мұндағы жылы атмосфера балалар үшін өте маңызды. Балаларға ұрсып, жекіп сөйлейтін тәрбиешілер болады. Балабақшада жөнсіз қаталдыққа, қатыгездікке жол жоқ. Балалар қаталдықты мүлде ұнатпайды. Тәрбиешілер оларға жылы жымиып, анасындай қамқор, әкесіндей қорған болуы керек. Сонда бүлдіршіндер бақшаға барудан қашпай, қуана келетін болады.

 

«Алаңды» үйлестірген – Торғын ОРАЗАЛЫ.

 


Количество показов: 521

Возврат к списку