Пошташы қызметіне сұраныс көп

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Пошташы қызметіне сұраныс көп 09.10.2021

Пошташы қызметіне сұраныс көп

Ақпараттық технологияның қарқынды дамығанына қарамастан, поштаның орнын ешнәрсе алмастыра алмайтындығы сөзсіз. Газет-журнал оқитын оқырман үшін де поштаның орны бөлек. Осы орайда қоғамдағы ежелгі мамандықтың бірі - пошташы-лардың еңбегін ерекше атап өткен абзал.

Аққулы ауданына қарасты Қарақала ауылындағы «Қазпошта» бөлімінің басшысы Бақыт Борисқызы Нурконың негізгі мамандығы есепші. Жылдар бойы өз ауылында қажыр-
лы еңбек етіп жүрген маман. Ол 2010 жылдың маусым айынан пошта бөлімінде қызмет атқаруда. Он бір жылдан астам уақыт ауыл тұрғындарына жедел түрде газет-журнал мен тапсырыстарын жеткізіп отыр. Зейнетақысын поштадан алатын қарттар үшін коммуналдық қызметтерді уақытылы төлеуге де көмек көрсетеді. Айтуынша, «Қазпоштаның» көмегіне жүгінетін тұрғындар әлі де жетерлік.

- Бұл салада қызмет етіп жүргеніме он жылдан астам уақыт өтті. Біз поштада жұмыс істеп жатқан соң, соңғы жаңалықтардан хабардар болуымыз керек. Кесте бойынша ауыл тұрғындарының үйлерін аралаған уақытта тың жаңалықтан қалыс қалмауға тырысамын. Қазіргі кезде ақпараттық тұрғыдан жаңашылдық көбейгенімен, әлі шет мемлекеттен хаттар легі түсіп жатады, - дейді Б.Нурко. Жұмыспен қатар отбасының қамын назардан шығармаған пошта маманы - бір ұл мен екі қыздың анасы. Бүгінде ұл-қыздары мен жиендерінің қызығына кенеліп отырған Бақыт апай өз жұмысына деген ерекше ықыласы бар екендігін жасырмады.

- Әр жұмыстың өз қиындығы бар. Дегенмен мамандыққа деген сүйіспеншілік болса, кез келген қиыншылықты еңсеріп өтуге болады. Бұл жұмысқа алғаш келгенімде біраз уақыт үйренісе алмағаным есімде. Алайда, күнделікті адамдармен тығыз қарым-қатынас, үлкендердің алғысының арқасында еңбектің наны тәтті болатындығын түсінемін, - дейді Б.Нурко. Сонымен қатар, Қарақала ауылындағы «Қазпошта» бөліміне түскен хат-хабарды, газет-журналдарды шұғыл жеткізуге тырысатындығын айтты. «Оқырманның қуанышын көргенде жұмысымның маңыздылығын түсінемін» деген Бақыт Борисқызына толағай табыстар тілеп, Дүниежүзілік пошта күнімен құттықтаймыз. Елге қылған жақсылықтың еленбей, ерінбей еңбек еткен жанның кенелмей қалмайтындығына сенім білдіреміз.

М.ТӨЛЕБАЙ.

 


Количество показов: 621

Возврат к списку