Әр ағашты баптау – сауапты іс

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс 16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс

Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізде орман шаруашылығын дамыту мақсатында 2 млрд қарағай отырғызуға тапсырма берген болатын. Оның 6 пайызы Павлодар облысы аумағында тамыр тартпақ. Осы орайда, биыл сәуір айынан бастап орман көлемін арттыру бойынша аймақтық жоспар жүзеге аса бастағаны белгілі. Маңызды шаруаны атқаруда орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі ерен.

 

Әңгімеміздің кейіпкері Бағдат Мұхамедьяров Май ауданында орналасқан Көктөбе орман шаруашылығында еңбек етеді. Аталған шаруашылық Павлодар өңірлік орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемеге қарайды.

- 2014 жылдан бастап орман шебері ретінде жауапкершілігі мол істің басы-қасында жүрмін. Көктөбе орман шаруашылы-ғының аумағы 8525 гектарды құрайды. Мұнда 3 бөлімше жұмыс істейді. Біздің бөлімшеден менен бөлек 4 қорықшы бар. 3525 гектар аумақтың жағдайына жауап береміз. Яғни, өрттің алдын алып, ағашты заңсыз кесу оқиғаларына тосқауыл қою –
басты міндетіміз. Тәртіп сақшыларымен бірге рейдтік шаралар ұйымдастырылады. Содан болар, соңғы уақытта заңсыз ағаш кесу фактісі мүлдем тіркелген жоқ. Бірақ, өрттен қауіп көп. Орманға жақын орналасқан шабын-дықтар отқа оранып, орманға қарай лап қоятыны бар. Өкінішке қарай, өрт оқиғалары көбіне адами факторлардың салдарынан орын алып жатады. Бұл ретте, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп тұрады, - дейді Б.Мұхамедьяров. Аталған орман шаруашылығында қара-терек, көктерек және үйеңкі өседі екен. Орманның бір бөлігін Ертіс өзені қоршап тұр. Яғни, мұнда шағын аралдар кездеседі. Бұл ретте, қорықшылар қайықпен «қаруланған». Иелігінде автокөлік және өзге де қажетті құрылғылар бар. Бірақ, қару ұстауға рұқсат жоқ.

- Жоспарға сай санитарлық ағаш кесу жұмыстары да атқарылады. Ормандағы тәртіпті бақылап жүргенде әлсіз ағаштарды белгілеп аламыз. Жыл сайын шамамен 400-500 текше метр ағаш кесіледі. Оны жергілікті тұрғындарға отын ретінде ұсынамыз. 1 текше метр ағаштың бағасы – 2 мың теңге. Қаражаттың барлығы мемлекеттің қазынасына түседі, - дейді әңгімеміздің кейіпкері. Бағдат ағаның зейнеткерлік ауылына қадам басуына 1 жыл 2 ай уақыт қалыпты. Мұны тегін айтып отырғанымыз жоқ. Орман шаруашылықтарында еңбектеніп жүрген-дердің дені – егде тартқан азаматтар. Жалақының аздығынан жастар бұл жұмысқа жоламайтын көрінеді.

- Қатарымызда жастар аз. Соңғы уақытта 1-2 жас жігіт жұмысқа араласты. Оның өзі жергілікті ауылдың азаматтары. Әйтпесе, сырттан ешкім келгісі жоқ. Баспана, жалақы мәселесі алдан шығады. Зейнеткерлік жасқа жақындаған сайын жылдап жинаған тәжірибеңмен бөліскің-ақ келеді. Орман шаруашылығында еңбек еткісі келетін маманның есте сақтау қабілеті жоғары болуы керек. Орманның картасын жатқа білуің тиіс. Су тасығанда, өрт болғанда тілсіз жаудың ортасында қалып қоймас үшін орманның әр нүктесін назарда ұстаған жөн. Бастысы – кез келген жұмысты жандандыру үшін адал ниет болса жеткілікті, - дейді орман шебері. Бағдат Мұхамедьяров атақ қуып көрген емес. Орман шаруашылығын дамытудағы еңбегі үшін саладағы мекеме тарапынан алған марапаттары жетерлік. «Орманның әр ағашын күту – сауапты іс. Бұдан басқа марапат керек емес», - дейді ол.

 

Оралхан ҚОЖАНОВ

 


Количество показов: 525

Возврат к списку