Әр сөзі - тұнған шежіре

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  40

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  35

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  36

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  42

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  34

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  37

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  39

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  36

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  34

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  41

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  37

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  41

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  43

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  145

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  133

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  114

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  127

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  134

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  121

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  118

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  117

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  125

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  139

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  246

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  264

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  258

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  284

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  237

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  306

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  242

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  265

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  334

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  287

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  271

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  329

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  315

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  303

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  323

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  297

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  312

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  330

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  320

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  306

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  318

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  309

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  332

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  393

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  403

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  369

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  401

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  378

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  400

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  370

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  400

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  425

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  504

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  552

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  548

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  499

Әр сөзі - тұнған шежіре 11.08.2022

Әр сөзі - тұнған шежіре

Халқымыз өзінің ақылы асқан, білімі тасқан абзал азаматтарын «Қажымас қара нарым» деп мақтан етіп, оның есімін аузынан тастамай, асқар биікке шығаруға тырысады. Халқының адал туған сондай ұлдарының бірі Тілеукен Ахметұлы Еңсебаев еді.

Қайталанбас қара нар

Тілеукен арғы атасы Қырғыздың Естекі атасынан тарайтын Еңсебайдың Ахметбегінің шаңырағында Қарағанды қаласында дүниеге келіп, осындағы №20 орыс орта мектебін үздік бітіреді. Бірақ, ол өзінің алғыр болғанына қарамастан, жоғары оқу орнына түсіп кетуге асықпайды. Отбасының тұңғышы болғандықтан, үй ішіне көмектесуді қажет деп табады да, артындағы іні-қарындастары Жарылқан, Жұмақан, Әділхан, Алтын мен Айманның аяғынан тік тұруы үшін біраз уақыт жұмысқа кіргенді дұрыс шешеді. Екі жыл «Қарағанды-көмір» өндірістік бірлестігінің ағаш өңдеу комбинатында балташы болып істеп, үшінші жылы ғана Қазақстандағы белгілі жоғары оқу орнының бірі - Қарағанды мемлекеттік политехникалық институтының кен электромеханикалық факультетіне келіп түседі. Қызыққа толы студенттік жылдар көз ілеспей өте шықты. Мұнда да ойдағыдай оқыған және оқу орнының қоғамдық жұмыстарына белсене араласқан жас жігіттің ғылымға деген бейімін байқаған болуы керек, факультет басшылығы оны институт қабырғасында кафедраға оқытушы етіп қалдырады. Осында қызметін атқара жүріп, 1980 жылы аспирантураны бітіріп, Ленинград қаласындағы Бүкілодақтық электрмашина жасау ғылыми-зерттеу институтында ғылым кандидаты атағын абыроймен қорғап шығады. Оның өмірінде ғылыми жұмыстарындағы барлық жетістіктері Павлодар облысындағы университетке барған соң жарқырап көрінді деп айтуға әбден болады. Ол ғылыми атағын алған соң Қарағандыда бес жыл қызмет атқарып, сол институтқа ауысқан болатын. Жаңа ғылыми ортадағы жұмысы күн сайын алға баса берді. Талантты ғалымды мұндағы әріптестері де лайықты дәрежеде бағалай білді. Тілеукен Кереку жеріне келісімен де шежіре жинаумен айналысты. Сонау өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы мен сексенінші жылдардың басында біз Пришахтинскідегі 23 ықшам ауданда көрші тұрып, сол кезден таныс едік. Сол уақыттың өзінде шежіре жинаумен айналысып жүретін. Қаракесектің шежіресін «шемішкеше шағып» отыратын. Менің ол кезде шежіреге онша ден қоймаған шағым еді. Тілекеңнің бәрін біліп, ақ-қараны айырып отырғандығына таң қалатынмын. Өзінің қырғыз руынан екендігін айтып, ата-бабасын таратып берген. Менің өзімнен талай нәрсе сұраған еді, бірақ оның кейбіріне жауап бере алмағанмын. Өйткені, шежіреші болу әркімнің қолынан келе беретін іс емес. Тілеукеннің Павлодардың индустриалды институтына не себептен ауысқанын өзі біледі, содан кейін қайтіп кездескен емеспіз. Көне Кереку қаласындағы бұл оқу орны кейіннен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне айналған. Осы оқу орнында өзінің қызметін абыроймен атқара жүріп, профессор атанды, Қазақстан Республикасы халыққа білім беру ісінің құрметті қызметкері болды, өзінің мамандығы инженер-энергетик бола тұра, қазақ халқының тарихын жасауға, шежіресін жинауға барын салып еңбек етті. Сонымен қоса, осы ПМУ және Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған тарихи-этнографиялық экспедицияларға үзбей қатысып отырды. Соның нәтижесінде «Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер» (Бірінші бөлім. Көне дәуірден ХХ ғасырға дейін) (2001 ж.), «Исторические прошлое кыпчаков Евразии: очерки истории средневековых кыпчаков» (2002 ж.), «Этапы военной колонизации Павлодарского Прииртышья царской Россий» (2002 ж.), «Военное искусство кыпчаков в эпоху средневековья» (2003 ж.) атты зерттеу кітаптары жарық көріп, кешегі Кеңестік идеологияға негізделген тарихи әдебиеттерді жоққа шығаруға, жас ұрпақтың отаншылдық, мемлекетшілдік сезімдерін қалыптастыруға зор ықпал етеді. Жалпы алғанда Тілеукен Ахметұлы 6 кітаптың, 20 оқу құралының, облыстың энциклопедиясы үшін тарих, этнография, өлкетану салалары бойынша жазылған 200-ден астам мақаланың авторы болды, 7 ғылыми мақалалар жинағына редакторлық етті, 20 ғылыми еңбектің редакция алқасының мүшесі болды. Түрлі жиындарда және баспасөз беттерінде кешегі коммунистік идеологияны жақтаушы тарихшылармен үнемі пікірталасқа түсіп, олардың қателіктерін бетіне басқан уақыттары аз болмады және облыста қазақ тілінің мәртебесін арттыруға барынша үлес қосты. Сонымен қоса, 2002 жылы бір топ ғалыммен бірлесе отырып энергетика жөнінен орысша-қазақша түсіндірме сөздік жасап шығарды. Электр-техника саласынан алғашқы болып қазақша дәріс оқуды бастады. Ол Павлодар өңіріне шежіреші ретінде танылды. Оның жинаған бай материалдары негізінде «Павлодар уезі қазақтарының шежіресі», «Қанжығалы шежіресі», «Сүйіндік шежіресі» кітап болып жарық көрді. Арғынның Бәсентиін руының және басқа да жинаған шежірелері әлі жеке кітап болып шыққан жоқ. Тілеукен Ахметұлы жайлы айтқанда оның «Қаракесек шежіресін» жинаудағы, оны жеке кітап етіп жария етудегі еңбегін ерекше атап өтуіміз қажет. Ол жинаған шежіренің бірінші кітабы 2009 жылы өзі дүниеден өткен соң ғана баспадан шығып, тұсаукесерін көре алмағаны өкінішті болды. Бұл жинақтың бірінші кітабына Арғынның Қаракесек руының Ақшасынан тарайтын Бесбошан ұрпақтары берілген еді. Енді екінші кітапта Қаракесектің Түйтесінен туатын Майқы мен Танастың бүгінгі күнге дейінгі ұрпақтарын таратып берген. Сонымен қоса Қарқаралы мен Ақтоғай өңірінде тұратын қырғыздардың да шежіресі келтірілген. Бұл кітаптың тағы бір ерекшелігі Қаракесектің батырларын, билерін, шешендері мен ділмарларын, қайырымды мырзалары мен меценаттарын, мемлекет және қоғам қайраткерлерін, Кеңес Одағының батырларын, Социалистік еңбек ерлерін, палуандары мен спортшыларын, ақындары мен жазушыларын, ғалымдарын, мәдениет және өнер қайраткерлерін, әншілерін, сазгерлерін, қоғам қайраткерлерін және басқа да белгілі адамдарын тізіммен берген екен. Жалпы алғанда бұл кітаптан талай мәліметтер алуға болатындығына көзіміз жетті.

 

Сүйіндік ЖАНЫСБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Алаш азаматы

 

Ертістің Кереку өңірінде ұлты мен жұрты үшін қызмет еткен зиялы қауым өкілдерінің бірі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті, профессор Тілеукен Еңсебаев еді.

 

Тілеукен Ахметұлы өз мамандығы инженер-электрик бола тұра, Алаш қайраткері, технолог-экономист Әлихан Бөкейханов, теміржол инженері Мұхамеджан Тынышбаев секілді шынайы ел тарихын жазу, шежіресін жинақтау, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, қазақша оқулықтар дайындау мәселелерін жүзеге асыруға бел байлады. Сөйтіп, егемендік кезеңінің алғашқы жылдарында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің энергетика факультетінде техникалық ғылымдар бойынша пәндерді мемлекеттік тілде оқытуды қолға алды, энергетика саласы бойынша тұңғыш орысша-қазақша түсіндірме сөздігін дайындады. Тілеукен Ахметұлы шежірешілдікпен кәсіби шұғылданған маман шежіреші ретінде де жұртшылыққа танылды. Оның еңбектерінде этностардың тарихы, аңыз-әңгімелері, мәдениеті, салт-дәстүрі, мекені, саны, белгілі тұлғалардың өмірбаяндық мәліметтері қоса беріледі, сонысымен құнды. Ол жинақтаған қазақ тайпаларының, қырғыз руларының шежірелері, «Хандар, сұлтандар, төрелер шежіресі» түрлі баспасөз беттерінде жарық көрді. Бұл жарияланымдар кейін өзге авторлар құрастырған біршама шежіре кітаптарының өзегіне айналды, кейбірінің ауқымды бөлігін құрады. Оның өз аталары қазақтың қырғыз руынан еді. Бір өкініштісі, Төкеңнің қаншама дүниесі жарық көрмей қалды.

 

Арман ҚАНИ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.


Количество показов: 1128

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  40

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  35

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  36

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  42

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  34

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  37

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  39

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  36

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  34

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  41

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  37

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  41

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  43

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  145

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  133

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  114

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  127

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  134

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  121

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  118

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  117

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  125

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  139

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  246

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  264

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  258

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  284

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  237

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  306

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  242

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  265

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  334

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  287

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  271

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  329

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  315

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  303

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  323

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  297

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  312

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  330

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  320

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  306

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  318

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  309

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  332

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  393

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  403

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  369

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  401

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  378

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  400

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  370

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  400

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  425

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  504

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  552

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  548

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  499