Әр салада серпін бар

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Әр салада  серпін бар 30.11.2021

Әр салада серпін бар

Пандемияның салқынына қарамастан айма-ғымызда құрылыс саласы қарқынды дамуда. Биыл 9 айда 186 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 процентке артық.

 

Тұрғын үй құрылысы тұрақты

Облыстық мәслихаттың VIII кезекті сессиясында өңірдегі құрылыс саласының жағдайы сөз болды. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиевтің айтуынша, жыл соңына дейін 445 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілмек.

- Биыл «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде 22 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Оның бесеуі келесі жылы пайдалануға беріледі. Ал жыл басынан бері 726 пәтерлі 10 тұрғын үйге тұрғындар қоныстанып үлгерді. Баспаналар облыс орталығындағы «Сарыарқа», «Достық» шағын аудандарында, Екібастұз қаласында және Железин ауданында бой көтерді. Жыл соңына дейін тағы 7 үй салтанатты түрде ашылады. Олар Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында орналасқан, -
дейді Қ.Сәтиев. Биыл мемлекеттік бағдарла-малар шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтары мен аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін 319 пәтер сатып алу көзделген екен. Әзірге 123 пәтер алыныпты. Сондай-ақ, «Алюминстрой» шағын ауданынан қоныс аударғандар үшін «Сарыарқа» шағын ауданынан 252 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы қарастырылған. Осы уақытқа дейін 108 пәтерлі 1 үй пайдалануға берілген. Бұдан бөлек, облыстық бюджет есебінен Ақсу қаласындағы Х.Доспанова көшесі, 34 мекенжайы бойынша орналасқан 144 пәтерлі үйдің құрылысы басталыпты. Нысан келесі жылы қолданысқа берілмек.

Инвестжобаның игілігі

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев биылғы 10 айдағы көрсеткіштерге тоқталды. Бұған дейін жазғанымыздай, соңғы 30 жылда аймағымызда алғаш рет 1 млн тоннадан астам дәнді дақылдар жиналды. Картоптың да түсімі мол. Агроөнеркәсіптің өндіріс көлемі бойынша елімізде Павлодар өңірі – көш басында.

- Биыл 10 айдың ішінде ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімі 326 миллиард теңгені құрады. Жыл соңына дейін көрсеткішті 350 миллиард теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Атап өтерлігі, соңғы жылдары инвестиция тарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Мәселен, биыл қаңтар-қазан айларында 85 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық. Шаруаларды қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға барлық деңгейдегі бюджеттерден 29,8 млрд теңге қаражат бөлінді. Әзірге 82 проценті игерілді. Атап айтсақ, инвестициялық салымдарға - 9,8 млрд теңге, мал шаруашылығын дамытуға - 7,7 млрд теңге, өсімдік шаруашылығына - 4,4 млрд теңге, сыйақы мөлшерлеме-лерін субсидиялауға - 4,4 млрд теңге, қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарына - 759 млн теңге. Сонымен қатар, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен жалпы сомасы 21 млрд теңгеге 1364 несие берілді. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылы азық шығындарының құнын арзандатуды 1,5 млрд теңге сомасына субсидиялау жоспарлануда. Оның 1 млрд теңгесі мал шаруашылығына бөлінген субсидия- лар шеңберінде қайта бөлінді. Ал 500 млн теңге облыстық мәслихат сессиясының шешімімен жергілікті бюджет есебінен қарастырылған. Нәтижесінде жыл соңына дейін 700-ден астам ұсақ шаруашылықтар қаржылай қолдауға ие болады, - деді Н.Мақашев. Биыл аймағымызда 19 инвестжоба іске қосылған. Жобалардың жалпы құны 11 млрд теңгеге тең. Атап айтсақ, 3 тауарлы сүт фермасы, жалпы сыйымдылығы 13 мың тоннаны құрайтын 4 көкөніс сақтау қоймасы, 2 астық сақтау қоймасы, суармалы алқапты дамыту бойынша 7 жоба, 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы, құс фабрикасы және мал азығын дайындайтын зауыттың құрылысы пайдалануға берілген. Нәтижесінде 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылған. Жиын барысында облыстық мәслихаттың хатшысы Ернұр Әйткенов күзгі жиын-терім жұмыстарының қорытындысы жайлы сұрады. Белгілі болғандай, 873,2 мың гектарды құрайтын дәнді дақылдар алқабы толығымен орылған. Нәтижесінде 1 054,7 мың тонна астық басты-рылған. Орташа есеппен өнімділігі гектарына 12,1 центнерге тең. Әсіресе Успен (13,8 ц) және Ертіс (13,7 ц) аудандарындағы көрсеткіштер жоғары. Бұдан бөлек, 258,3 мың тонна көкөністер, 85,5 мың тонна бақша дақылдары, 633,8 мың тонна картоп жиналды. Майлы дақылдардың үлесі 145,1 мың тоннаға тең.

Мақсатты пайдаланса...

Ұлан-ғайыр атырапты ұтымды пайдалану маңызды. Бұл ретте, аймағымызда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу жұмыстары жүйелі жалғасуда. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Руслан Дәуітбаевтың мәліметінше, жыл басынан бері шаруалардың иелігін-дегі 172 мың гектар алқаптың кәдеге жарамай тұрғаны анық-талған.

- Мақсатты пайдаланбай тұрған жерлердің басым бөлігі Ақтоғай ауданында (47 мың га), Железин ауданында (46 мың га) және Баянауыл ауданында (32 мың га) тіркелді. Жыл басынан бері жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 9,8 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, - дейді Р.Дәуітбаев. Жиын барысында банктерге, өзге де қаржы ұйымдарына ұзақ жылдар бойы кепілге қойылып, экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып қалған жерлердің «тағдыры» да тілге тиек етілді. Белгілі болғандай, былтыр кепілге қойылған 84 мың гектар жердің 53,1 мың гектары кері қайтарылып, айналымға енгізілген.

- Облыс аумағында 136,6 мың гектар суармалы жер бар. Биыл суарылмайтын жерлерді азайту есебінен суармалы жерлердің аумағы 9,8 мың гектарға ұлғайды. Сонымен қатар, жергілікті шаруа- лар суармалы алқапты іске қосу бойынша 14 жобаны жүзеге асы-руда. Жобалардың жалпы көлемі 23,8 мың гектарға тең. Қаржылан-дыру үздіксіз жалғасатын болса, 2030 жылға қарай суармалы жерлердің аумағын 195 мың гектарға дейін арттыруға мүмкіндік бар, - дейді Р.Дәуітбаев. Жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізілуі туралы айтты. Бұл – биылғы жылдағы соңғы толықтыру екенін еске салды. Белгілі болғандай, тұрғын үй құрылысына, спорт секцияларына баруды жан басына қаржыландыру жүйесіне, тұрақтандыру қорын 7 түрлі азықпен қамтамасыз етуге, «Смарт сити» жобасын қаржыландыруға қосымша қаражат қарастырылған. Осылайша, бүгінде облыстық бюджеттің көлемі 359 миллиард 500 миллион теңгені құрап отыр.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

 


Количество показов: 577

Возврат к списку