Әрбір өзгеріс – игілік жолына

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына 25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына

Республиканың барлық өңірлерінде дерлік шектеу шараларының сақталуына қарамастан, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына жарналар тұрақты түсіп жатыр. Оларға 2020 және 2021 жылдары есептелген инвестициялық табыс өткен жылдардың көрсеткіштерінен асып түсті. БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға өз шоттарын бақылау және басқа да зейнетақы қызметтерін алу мүмкіндігін жеңілдету үшін барынша заманауи әрі ыңғайлы қызметтерді ұсынуда. Осы орайда «БЖЗҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Владимир Питраковты әңгімеге тарттық.  

- Владимир Юрьевич, ағымдағы жыл зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне елеулі өзгерістер енгізді. Олардың ең бастыларына тоқталып өтсеңіз...

- Биыл ең жиі талқыланған тақырыптың бірі – қазақстандықтар өз жинақтарының бір бөлігін кезек күттірмейтін қажеттіліктерге, атап айтсақ, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мен емделуге пайдалану құқығын иеленді. Сондай-ақ, салымшыға инвестор болу – инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау және оған өзінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аудару мүмкіндігі пайда болды. Жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және инвестициялық портфельді басқарушыларға аударудың басты шарты – жинақтардың жеткіліктілік шегінен асатын бөлігінің болуы. Басқаша айтқанда, бұл мүмкіндікті көптеген жылдар бойы тұрақты түрде (қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне - биыл 23 жыл) аударымдар жасап және зейнетақының ең төменгі мөлшерін қамтамасыз ету үшін қажетті соманы жинақтағандар пайдалана алады. Зейнетақы жинақтарының көбеюіне және кейін оларды ұзақ мерзімді пайдалануға ықпал ететін басқа да маңызды жаңалықтар бар. Мысалы, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері әдістемесінің, ерікті зейнетақы жарналарын ашу және төлеу шарттарының өзгеруі.

- Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үдерісінде БЖЗҚ-ның атқаратын рөлі қандай?

- Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар тұлғалар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе емделу ақысын төлеу үшін пайдалана алады, ол үшін:

1) жеке зейнетақы шотындағы МЗЖ және МКЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы жинақталған зейнетақы қаражатының ең аз жеткіліктілік шегінен асып түсуі тиіс. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) МЗЖ немесе МКЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы мен жинақталған зейнетақы қаражатының ең аз жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауға тиіс;

2) ал отставкадағы судьялар үшін зейнетақы мөлшері Қазақстан Республика-сының үкіметі бекіткен тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық табысын алмастыру коэффициентін қамтамасыз етеді. Орташа айлық табысты алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық табыстан аспайтын табысы ескеріледі. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.

3) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасағандар. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы МЗЖ және МКЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшерінен аспауға тиіс. Осылайша, азаматтардың өз пайдасына немесе жұбайының немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсартуға зейнетақы жинақтарын алу үшін және (немесе) өздері немесе жұбайы, жақын туыстарының емделуіне ақы төлеу үшін аталған шарттардың біріне сай келу жеткілікті. Ең алдымен, азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін өздерінің зейнетақы жинақтарын тексеріп, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында алуға қолжетімді соманың бар екеніне көз жеткізулері тиіс. Қордың enpf.kz корпоративтік сайтындағы жеке кабинетте, сондай-ақ, БЖЗҚ жаңартылған мобильді қосымшасында осы жылдың қаңтар айынан бастап алу үшін қолжетімді сома туралы ақпаратты онлайн режимінде тексеру мүмкіндігі іске асырылды. Зейнетақы жинақтары туралы қажетті мәліметтерді egov.kz порталы арқылы да алуға болады. Павлодар облысындағы деректерді келтіретін болсақ, 2021 жылдың 2 қарашасы бойынша біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен тұрғын үй жағдайын жақсартуға 21 021 салымшының 48 307 млн. теңге көлеміндегі өтініштері қанағаттандырылды. Осыған сәйкес, тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланылған сомалардың орташа мөлшері 2,3 млн теңгені құрады. Сондай-ақ, осы жылдың 2 қарашасы бойынша зейнетақы жинақтарын емдеу мақсатына пайдалану үшін 2 294 млн теңге көлемінде 2 938 салымшының берген өтініштері орындалды. Аударылған сомалардың орташа мөлшері - 0,8 млн.теңге.

- Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға аудару қалай жүзеге асады? Бұл жаңалық салымшылар арасында танымал ма?

- 2021 жылғы қаңтардан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалану құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді. Бұл зейнетақымен қамсыздандыру нарығында қосымша бәсекелестік тудырып, БЖЗҚ салымшыларына өз жинақтарын қалауларынша инвестициялауға мүмкіндік берді. Яғни, ақша жүйеден шығарылмайды, сонда қалады және көбейеді. Басқарушы компанияны таңдау үшін, мүмкіндігінше, оның қызметімен танысу керек. Негізгі ақпарат - инвестициялық декларация, комиссиялық сыйақы туралы мәлімет БЖЗҚ сайтының «Қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы төрт ИПБ-мен, атап айтсақ, «Jusan Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «BCC Invest» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ арада келісімшарттарға қол қойды. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес жеке кәсіпкерлер инвестициялық басқару үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ-лардың комиссиялық сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% аспауы тиіс. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ басқару органы бекітеді және ол жылына көп дегенде бір-ақ рет өзгертіледі. Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ға аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі керек. Өтініш enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне барған жағдайда берілуі мүмкін. Басқарушы компаниялардың қандай табыс табатыны туралы ақпаратты салымшылар сайттағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадан алатын өздерінің зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде көрсетілетін мәліметтер арқылы қадағалай алады. Әрбір ИПБ-ның инвестициялық қызметіне жалпы шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде жарияланады. Ағымдағы жылдың 2 қарашасындағы жағдай бойынша шамамен 5,4 млрд теңге аударылып, БЖЗҚ 2 мың 912 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы – 1,9 млн теңге.

- Болашақ зейнетақымызды көбейтудің маңызды құралы – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) туралы білгіміз келеді. Бұл мәселеде қандай өзгерістер болды?

- Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – бұл салымшылардың өз бастамасы бойынша БЖЗҚ-ға салатын ақшасы. Оларды жеке тұлғалар өз пайдасына, жеке және заңды тұлғалар үшінші тұлғаның пайдасына аудара алады. Бұл ретте ЕЗЖ мөлшері мен төлеу кезеңділігін жеке немесе заңды тұлға дербес белгілейді. ЕЗЖ төлеудің артықшылықтарының бірі – жеке тұлға ЕЗЖ-ны өз табысы есебінен жеке пайдасына төлеген кезде салық заңнамасында ЕЗЖ төленген сомаға салық шегерімінің көзделгендігі. Бұдан басқа, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық агенті (жұмыс беруші) өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын ашу үшін БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы негіз бола алады. Осылайша, салымшыға (алушыға) Қор кеңсесіне барудың қажеті жоқ. Пайдасына ЕЗЖ есептелінетін жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылатын болады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы сақталатындарға төмендегілер жатады:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған;

4) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы ерікті зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомалары шегінде кемінде бес жыл зейнетақы жинақтары бар адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындайды.

- БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға қызметтер ұсынудың жеделдігімен және жоғары сапасымен ерекшеленеді. Өз салымшыларыңызға қандай қызмет түрлерін көрсететіндеріңізді және қазақстан-дықтардың қандай өтініш беру тәсілін жиі таңдайтындарын айтып берсеңіз.

- БЖЗҚ көрсететін қызметтер саны жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар, біз салымшыларымыздың қандай да бір қызмет түрлеріне деген қажеттіліктерінің өсіп жатқанын көріп, бұл сұраныстарды қанағаттандыруға тырысып, тіпті алдын-ала болжай аламыз. Ағымдағы жылдың тоғыз айында (01.01.2021-01.10.2021 аралығы кезеңінде) БЖЗҚ өз салымшыларына
30 миллионнан астам қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46%-ға көп. БЖЗҚ сайтында да, мобильді қосымшасында да бар жеке кабинетте салымшылардың қызметтерді кез келген уақытта және кез келген жерде алу мүмкіндігі бар екенін естеріңізге сала кетейін. Оған мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау және т.б. жатады. Айтпақшы, биыл заңнамалық өзгерістердің енгізілуіне байланысты тағы да қажетті қызметтер қосылды. Мысалы, қазір азаматтар алу немесе ИПБ-ға аудару үшін жеткілікті соманың шотта бар-жоғын 2-3 минут ішінде тексере алады. Жинақтардың жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін ИПБ-ға аудару да enpf.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Қызметтердің бір бөлігі автоматты форматқа ауыстырылды. Бұрын айтқанымдай, қазір МЗЖ бойынша да, ЕЗЖ бойынша да салымшылардың өтініштерінсіз-ақ шот ашуға болады. Бұл салымшылардың уақытын едәуір үнемдеуге көмектеседі. 2021 жылдың 26 қазанынан бастап тағы да заңнамалық өзгерістер күшіне енді, соған сәйкес міндетті кәсіптік жарналар есепке алынатын шоттар да өтініш бермей-ақ ашылады. Бұл жарналардың осы түрін төлейтін жұмыс берушілер үшін өте ыңғайлы. Ағымдағы жылдың 1 қазанына сәйкес, Павлодар облыстық филиалында зейнетақы төлемдерін алуға бағытталған 6876 өтініш, сақтандыру мекемелеріне аударуға бағытталған 318 өтініш қанағаттандырылды. Салымшылардың қосымша деректемелеріне өзгеріс енгізу бойынша 21474 қызмет көрсетіліп, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарынан 34227 үзінді көшірме берілді. Зейнетақы шарттарынан 11054 көшірме берілді және ақпараттандыру құралдарын өзгерту туралы 14376 қосымша келісім-шарт рәсімделді. Павлодар облысында 01.10.2021 жылғы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналарынан қалыптасқан жалпы жинақтары 643 млрд. теңгені құрайтын 493 661 жеке зейнетақы шоты, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан қалыптасқан жалпы жинақтары 30 млрд. теңгені құрайтын 51 721 жеке зейнетақы шоты және ерікті зейнетақы жарналарынан қалыптасқан жалпы жинақтары 349 млн. теңгені құрайтын 7 461 жеке зейнетақы шоты бар.

-    Әңгімеңізге рахмет!

 

Өз тілшіміз.

 



Количество показов: 138

Возврат к списку