Әрекет түбі - берекет

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Әрекет түбі - берекет 05.10.2021

Әрекет түбі - берекет

Демографиялық көрсеткіш соңғы отыз жылда Павлодар облысында халық саны 190 мыңға кемігенін көрсетеді. Көршілес облыстарда да осы жағдай. Сондықтан, жұмыс күшіне тапшы аймақтарға халқы тығыз орналасқан өңірлерден еңбекке қабілетті отбасыларды көшіру бағдарламасы жалғасуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеп, жұмыс күші тапшылығы бар өңірлерде көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Осы тапсырма негізінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында күн санап оңтүстіктен солтүстікке көш түзегендердің саны артып келеді. Бүгінгі таңға дейін қоныс аударғандардың басым бөлігі тұрғын үймен, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтылған. Өз кәсібін ашамын деушілерге егін, мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері ұсынылады. Сонымен қатар, бір жыл бойы көшіп барған отбасының баспананы жалдауға жұмсайтын шығындары субсидияланады. Республикалық бюджеттен бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне тиесілі бір реттік 35 АЕК, яғни 88 375 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Осы уақытқа дейін бағдарламаға қатысу үшін «Отбасында кемінде екі адам (ерлі-зайыпты, ағалы-қарындас, апалы-сіңлілі, т.б.) қоныс аудару керек» деген талап болған. Кейін толықтырулар енгізіліп, енді жалғызбасты азаматтар да бағдарламаға қатысып, солтүстікке қоныс аударуына болады.

Аталмыш бағдарлама аясында еліміздің қиыр терістігіне қоныс теуіп, адал еңбек атқарып жүрген жас мамандардың бірі – Қазына Бауыржанқызы.

enbek.jpg

Қазына Бауыржанқызы 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы Қызылқұм ауылында дүниеге келген. Мамандығы – химия пәні мұғалімі. Қазір Тереңкөл ауданы Береговое ауылындағы жалпы орта білім беру мектебінде қызмет істейді. «Мұғалім ісі – сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ең ұлы істің бірі» деген жазушы әрі ұстаз Константин Ушинский. Еңбек жолын Павлодар облысынан бастаған жас маман, жергілікті тұрғындардың жылы шыраймен құшақ жая қарсы алғандарын жасырмады.

- Еліміздің оңтүстігінен солтүстік аймағына көшіп келгенімізге биыл 3 жылдың жүзі болды. Жолдасым – Арыс қаласының азаматы. Екеуіміз де мұғалімбіз. «Серпін» бағдарламасымен Петропавл қаласында оқыдық. Сол жерде танысып, табысып, кейін шаңырақ құрдық. Қазір Құдай берген бір қызымыз бар. Жоғары оқу орнын тәмамдап, елге қызмет ету – басты мақсатымыз еді. Павлодар облысының жұмыспен қамту басқармасы, көші-қон бөлімінің басшысы Меруерт Есембаева және Тереңкөл ауданы «Жұмыспен қамту орталығының» директоры Азамат Мұқанов бастаған бір топ делегация өңірімізге келіп, үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін түсіндірді. Солтүстік өңірдегі кадр тапшылығы мәселесін көтерді. Сөйтіп, солтүстік аймаққа көшуге бел будық. Алғашқыда жолдасым екеуіміз ғана көшіп келдік. Кейін ата-енем мен туыстарым қоныс аударды, - дейді Қазына.

Бүгінгі таңда жас отбасы ұстаздық қызметімен қоса мал шаруашылығына да қызығушылық танытуда. Ірі қараның санын көбейтуді көздейді. «Әрекетіне қарай берекеті» деген жетелі сөздің жетегіне еріп, қара жұмысқа да жең түрді.

- Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде үй сатып алып, баспаналы болуымыз үшін 4 млн теңге кредит берілді. Жергілікті әкімшілк өкілдері жалға берілетін, сатылымда тұрған үйлерді көрсетті. Өзімізге ұнаған, көңіліміз қалаған үйді таңдап алдық. Айтып өткенімдей, жолдасым да - мұғалім. Қазіргі кезде директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары. Дегенмен жұмысымыз мектеп қабырғасында ғана түгесілмейді. Ауылда тұрған соң мал шаруашылығымен де айналысқан дұрыс қой. «Бизнес бастау» бағдарламасымен несие алуымыздың да басты себебі осы. Бие сауып, қымыз саттық. Қазір қысқы жем-шөптерін даярлауға кірісіп кеттік, - деді жас маман.

Алтын ұя - мектептің қазынасы - мұғалім. Мұғалім болып қызмет істейтін Қазына: «Еліміздің қай ауылы, ауданы, облысы болмасын барлығы - біздің біртұтас атамекеніміз. Жастар елге адал қызмет жасап, мемлекетіміздің өркендеп, көркеюіне өз үлестерін қосады деп сенемін!» - деп әңгімесін түйіндеді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соңғы 10 жылдағы ішкі миграцияға талдау-сараптама жұмыстарын жүргізген. Демограф мамандардың айтуынша, еліміздің оңтүстік аймағында халық өсімі қарқынды дамып жатса, солтүстікте керісінше кемуде. Сәйкесінше, солтүстік өңірлерде жұмыс күшінің жетіспеуі байқалады. Бұл – аймақтарда табиғи өсім жоқ деген сөз емес. Көрсеткіштің төмендеуіне аталған аймақтарда тұратын өзге ұлт өкілдерінің тарихи отанына бет бұруы басты себеп болып отыр. Сондықтан жоғарыда аталған бағдарлама диспропорция мен демографиялық теңсіздікті реттеу үшін аса қажет.

 

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ, Тереңкөл ауданы.


Количество показов: 505

Возврат к списку