Рекордтық көрсеткіш!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Рекордтық көрсеткіш!  10.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!

Қазақстан электролиз зауыты өндірген алюминий көлемі 3 млн тоннаға жетті. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов металлургтерді айтулы өндірістік жетістікпен құттықтады. Айтып өтейік, былтыр мұнда рекордтық көрсеткіш орнады: бір жылда 265 мың тонна металл өндірілді.

Қазақстан электролиз зауыты 2013 жылы бір миллионыншы тонна өнім шығарған еді. Араға төрт жыл салып павлодарлық металлургтер өнім көлемін 2 млн тоннаға дейін жеткізді. Былтыр мұнда рекордтық көрсеткіш орнады: бір жылда 265 мың тонна металл өндірілді. Ал зауыттың іске қосылғанына 14 жыл болған тұста өндіріс орнының қызметкерлері жалпы өндірілген өнім көлемін 3 млн тоннаға дейін арттырды. Осы уақыт аралығында өндірістегі маңызды оқиғалардың куәгері болған қызметкерлердің бірі - түсті металл құюшы Асқар Нұрпейісов.

VNB_8660цвет.jpg

- Мен зауытта 13 жыл жұмыс істеп келемін. Кәсіпорынның құрылып, өндірістің басталғанын, жыл сайын қуаттылықтың артып, көрсеткіштердің еселенгенін көрдім. Аз уақыт аралығында кәсіпорын айтарлықтай жетіс-тіктерге жетіп, әлемдік нарықтан орын ала білді. 14 жыл аралығында 3 млн тонна алюминий құйған екенбіз. Бұл – зауыт тарихындағы айтулы оқиға әрі ертеңгі күні немерелерге айтып берер маңызды жайт, - дейді А.Нұрпейісов. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов пен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ президенті Серік Дөңбекбаев «қанатты» металл өндіретін кәсіпорынның жетістігіне арналған ескерткіш тақтаны орнатты.

f73008fc0a8831704fdb0f336e3788d9.jpg

- Қазақстан электролиз зауыты қызметкерлердің ерен еңбегінің нәтижесінде отандық металлургияның көшбасшысына айналды. Бүгінде Павлодарда өндірілген алюминий әлемнің 9 еліне экспортталады. Қазақстанда жасалған өнім шет елдерде кеңінен танымал әрі сұранысқа ие. Біздің алюминий кластерін дамытуға қатысты ауқымды жоспарларымыз бар. Алдағы уақытта атқарылатын істер бәрімізді жаңа жетістіктерге жетелейді деп ойлаймын. Өндірістің өркендеуіне үлес қосқан әрқайсыңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін, - деді Ә.Сқақов. Зауыттың бүгінгі жетістігі – ауыз толтырып айтарлық көрсеткіш. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, кәсіпорында өндірілген алюминий пакеттерін тізіп қойса, Еуропаның үш астанасы – Берлин, Париж және Мадридті жалғайтын жолдың ұзындығындай болар еді. «Қанатты» металдың 3 миллион тоннасы 100 мыңнан астам Boeing 737 жолаушы ұшағын жасауға да жеткілікті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген – Валерий Бугаев.

 


Количество показов: 327

Возврат к списку