Ресейлік нарықтан орын алмақ

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Ресейлік нарықтан орын алмақ 20.04.2021

Ресейлік нарықтан орын алмақ

Екібастұз қаласында кәсіп бастауға ниетті тұрғындарға жан-жақты жағдай жасалған. Бұрыннан-ақ электр энергиясы, теміржол кластері, көмір өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан шаһарда соңғы уақытта жеңіл өнеркәсіп саласына да көп көңіл бөлінуде. Жергілікті шеберлердің туындылары көпшілік арасында сұранысқа ие. Тіпті, көршілес мемлекеттердің тұтынушылары тарапынан қызығушылық байқалады.

IMG_1164+.jpg

Екібастұздық Ләззат Әйтімова осыдан небары бір жарым жыл бұрын текстиль саласындағы жеке кәсібін бастады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдас-тырған «Бизнес-Мектеп» жобасы аясында жеке істі бастау негіздерін үйренген ол – бүгінде табысты кәсіпкерлердің бірі. «Adiyat Home textile» кәсіпорны әр үйге керек тұрмыстық тауарлар – төсек-орын жабдықтары, орамалдар шымылдықтарды тігеді. Пандемияға байланысты медициналық киімдерді дайындауға да кірісті.

- Мен бұрыннан бері жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсібім болғанын армандап едім. Бірақ бұл бағытта кәсіпкерлік тәжірибем болған жоқ. Сондықтан «Бизнес-Мектеп» жобасы бойын-
ша білім алып, бизнесті жүргізудің қыр-сырын үйрендім. Тауар шығаруға қажет шикізатты таңдау мен сатып алу, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, дайын өнімді сатылымға шығару, есеп-қисап пен салық төлемдерін жасау – барлығы туралы жан-жақты білім алдым. Кейін Адият есімді жиенімнің құрметіне жаңа кәсіпорынды «Adiyat Home textile» деп атауды жөн санадық. Көптен бергі ойымның жүзеге асуына жолдасым, екі қызым мен күйеу балам көп көмек көрсетіп, қолдау білдірді, - дейді «Әйтімова» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Л.Әйтімова. Бүгінде екібастұздық жеңіл өнеркәсіп компаниясы көбінесе жеке тапсырыстар бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, тұрмыстық қажеттіліктерді тендер арқылы сатады. Олар тек үйлерде емес, кез келген өндіріс орны, әлеуметтік нысандарда да қажетті тауарлар қатарына жататындықтан, сұраныс көп. Ал жақында ресейлік сауда желілерінің бірімен келісімшарт жасалды. Яғни, «Made in Kazakhstan» заттаңбасы бар өнімдер енді көршілес елдің нарығында да сатылымға шығарылады.

IMG_1177+.jpg

- Әрине, өндірісті енді ғана бастаған тұста қиындықтар болды. Бірақ аз уақыт аралығында тұтынушылардың көңілін табу үшін барымызды салдық. Өндіріс барысында тек сапалы маталарды қолданып, оларға тұрғындардың барлығына бірдей қолжетімді болатын бағаларды белгіледік. Сондықтан болар, тапсырыс үзілмейді, - дейді кәсіпкер. Кәсіпорын басшылығы бұл жетістіктерге тоқмейілсіп қалмақ емес. Өнім түрін көбейтіп, кәсіпті одан әрі дамыту үшін бірқатар жобаларды қолға алды. Мәселен, алдағы уақытта өңірдің ірі өндіріс орындарына арнайы киімдер тігу жоспарда бар. Бүгінде бірқатар компанияға ұсыныс та жасалды. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде. Айта кетейік, Ләззат Әйтімова басшылық ететін кәсіпорын «Сауда үздігі» республикалық байқауының «Бөлшек сауданың үздік кәсіпорны» аталымында үшінші орынға ие болған еді. «Adiyat Home textile» заттаңбасымен шығатын өнімдердің барлығының белгіленген сапаға сай келетінін растайтын серти-

фикаты бар. Ал таяуда ин-
дустриялық сертификатты да
иеленді. Бұл өз кезегінде кәсіпо-рынның мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысып, кәсіп аясын кеңейтуіне зор мүмкіндік береді.


Количество показов: 331

Возврат к списку