Рухты оятқан Желтоқсан

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  39

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  142

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  301

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  320

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  390

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  374

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  398

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  367

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  422

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498

Рухты оятқан  Желтоқсан 15.12.2021

Рухты оятқан Желтоқсан

Қарашаның соңғы онкүндігінде қалбалақтап жауған қар желтоқсанның ортасына қарай үдей түсіп, соңы сарышұнақ аязға ұласты. Бүгінгі сабақ облыстық партия комитетінің артындағы Н.Гоголь көшесінде орналасқан Медицина институтының бас ғимаратында өтеді. Бірінші сабақ - «Терапиядан» дәріс, қалмау керек. Қалың жауған күпсек қарды сықырлата басып сабаққа асығып келемін.

Ғимаратқа жақындай бергенде байқағаным, айғайлап, ұрандатып келе жатқан қалың нөпір халық. Басында не болғанын түсінбедім, жақындап келгенде естігенім «Неге қазақты қоймайды?..», «Неге басқа ұлттан?..», «Қазақ болуы керек...», «Қазақ болсын...» деген сөздер. Шеттеу тұрған біреуінен сұрап едім, «Қонаевты алып тастап, орнына басқа жақтан, өзге ұлттан қойыпты» деді. Мен мектепті орыс тілінде бітірдім, институтта да орыс тобында оқимын. Қазақшам да шалалау. Сол кезде қандай бұла күш екенін білмеймін, іштен буырқана шыққан жан дауысым «Қалай сонда Қазақстанда басқа ұлт басқару керек?» деп ширыға шықты. Бұл менің ғана емес, сол саяси сәттегі алаңға шыққан бүкіл қазақ жастарының ұлттық санасының сілкінісі болса керек. Сырттағы сақылдаған аязға қарамастан, бүкіл тұла бойымды от-жалын шарпып өтті. Қалың нөпірмен араласып кеттім. Біріміздің білегімізден біріміз қапсыра ұстап, алаңға қарай беттеп келеміз. Көбі жастар. Педагогикалық институттың жатақханасы біздің ғимараттаң жанында болатын. Одан да жүгіріп шығып жатқан студенттер біздің қатарымызға қосылды. Политехтың, ҚарМУ-дің студенттері де ағылып келіп жатыр. Қарамыз көбейе түсті. Факультет деканы мен орынбасары «қайтыңдар», «кері қайтыңдар» деп қалың қарды омбылап жүгіріп жүр. Әр жерден қолдарын сермеп бірдеңе деп айқайлап жүрген оқытушылардың да қарасы көрініп қалады. Олар да дәрменсіз. Ұрандатып, топтасып келе жатқан ашулы топты тоқтату оңай емесін білді ме, кейіндеп қала берді. Алаңға таяй бергенде қара киім киген адамдар мен милициялар, әскери формадағылар бізді жан-жақтан қоршай бастады. Шерушілер сонда да қайтар емес, ұрандатып Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін шырқап алға ұмтылуда. Солдаттар қолдарындағы «дубинкаларымен» алдыңғы топты ұрып тарқата бастады, кейбірінің қолын қайырып, енді біреулерін екі аяғынан сүйреп топтан шығаруға тырысуда. Алаңға жеткізбей кері шегіндірді. Құлап, аяққа тапталып айғайлап, шыңғырып, ышқынып, ыңырсып жатқан дауыстар. Тұруға шама жоқ, тапталып жатыр. Кейбір қыздардың көзінде жас, бар дауысымен әндетіп келе ме, ұрандатып жатыр ма, ызаның, үрейдің көз жасы ма, түсініксіз... Әскерилер мен милиция қызметкерлері бізді арнайы әкеп қойған автобустар мен жабық машиналарға күштеп енгізе бастады. Қарсыласқандарды екі аяқ, екі қолдан ұстап көліктердің ішіне лақтырып жатыр. Мені екі жағымнан ұстаған екі солдат дедектетіп сүйреп әкеліп, автобустың ішіне бір-ақ тықты. Жан-жағыма қарасам, біздің топтан Ахметова Жұмагүл және басқа факультеттің студенттері бар екен. Көбінің көздері көгерген, еріндері жырылған, енді біреуінің басынан аққан қан қабыршақтанып қата бастаған. Бір кезде менімен бір топта оқитын Бөлтірікова Баянды екі солдат екі жақтан демеп, ес-түссіз күйде автобустың ішіне әкеп, еденге тастай салды. Басынан аққан қан екі бетін жауып кеткен... Бізді Жамбыл ауданының ішкі істер басқармасына алып келіп, үлкен бір бөлмеге әкеп қамады да, әрқайсымыздан жеке-жеке жауап ала бастады. Сұрайтындары толық аты-жөнің, тіркелген тұрғылықты мекенжайың, студент болсаң қайда оқитының, жұмысшы болсаң жұмыс орның туралы мәліметтер. Үсті-басымызды тінтіп, бізден листовка іздеді. Мені тергеген бойы ортадан сәл жоғары жіңішке келген, орта жастағы, денесін тік ұстайтын, әдемі көзілдірік таққан азаматтық киімдегі сіліңгір қара қазақ болды. Кейін білгенімдей, ол ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы екен. Өте сыпайы сөйлейді. Бір топта оқитын Марал деген қыз тергеушілердің қысымына шыдамады ма, әлде тезірек құтылғысы келді ме екен, кім білсін, «Алаңға бізді алып шыққан Торбаева Сая болатын» деп мені ұйымдастырушы ретінде көрсетіп жіберіпті. ҰҚК бастығының мені жеке тергеуі де сол екен. Қауіпсіздік комитетінен апта сайын шақырту қағаз келеді, сенбі күні уақытынан қалмай тергеуге барамын. Бар ойым, үйдің іші біліп қоймаса екен деп жүрмін. Тергеу де бітті. Қандай шешім шығарғанын білмеймін, әйтеуір шақыртуды қойды. Кейін алаңға шығуды ұйымдастырған біздің институттың абонент бөлімінде істейтін кітапханашы екен деп естідім. Егде жастағы қазақ әйелі болатын. Алаңға қарай бара жатқанда ол кісіні жолдың шетінде тұрғанын көргенмін. Кейінгі тағдыры не болғанынан хабарсызбын. Мәселеміз енді институтта қаралды. Комсомолдан қуылғаннан кейін, факультет жиналысының шешімі бойынша Торбаева Сая, Бөлтірікова Баян, Аңдамасова Жанна, Исхакова Гүлжамал, Мухамедиева Гүлбаршын, Ахметова Жұмагүл 3-курстан оқудан шығаруға шешім қабылдады. Кейін еңбек кітапшама қарап отырсам, оқудан шығарылу туралы екі бұйрық жазылыпты: біріншісі, 1986 жылдың 31 желтоқсандағы №1147 уч. бұйрық, екіншісі 1987 жылдың 9 қаңтарындағы №9 уч. бұйрық. Ауылға келіп, жұмысқа тұрмақшы болдым. Шешем екеуіміз күні бойы жұмыс іздеп қақпаған есігіміз жоқ. Еш жерге жұмысқа қабылдамайды. Әкем таныстары арқылы қаладағы дәріханаға еден жуушы қылып орналастырды. Жұмысшылар менімен көп араласпайды. «Саяси сенімсіз» екенімді бұлар да білетін сияқты. Бір жыл еден жудым. Ендігі оқуға қайта қабылдау, қабылданбауымызды Институттың Ғылыми кеңесі шешетін болды. Факультет деканы Ғалым Исламғалиев жақсы пікір білдірді. Оқу бөлімінің меңгерушісі Н.Ф.Эйрих «У Торбаевой в зачетном книжке хорошие оценки, училась хорошо, голосую о восстановлении» деп қолдады. 1987 жылдың 8 желтоқсанында оқуға қайта қабылдандым. Менің табанымнан өткен Желтоқсан ызғарының шындығы осы.

Жазып алған -

Бекен САҒЫНДЫҚҰЛЫ,

ғылым докторы, профессор, Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі.

 


Количество показов: 1113

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  39

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  142

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  301

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  320

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  390

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  374

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  398

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  367

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  422

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498