Сәукеленің сәні бөлек

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Сәукеленің  сәні бөлек 02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек

Кәсібін жандандырам деген жанға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек көп. Осы ретте, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауда «Business Ertis» жобасы оң нәтиже беруде. Пандемияның салқынына қарамастан бизнесмендер шаруасын дөңгелетіп, өңір экономикасының дамуына зор үлес қосуда. Солардың бірі - Қалимаш Баталова.

Жобаның басты бағыттарының бірі – шағын және орта бизнесті қолдау. Осы орайда, облысқа қарасты барлық қала мен аудандарда 13 шағын индустриалды аймақтар ашылған болатын. Бүгінде онда 60-қа жуық кәсіпкер еңбектенуде. Кәсіпкерлердің тыныс-тірші-лігімен танысу мақсатында облыс орталығындағы шағын индустриалды аймаққа бас сұқтық. Ғимараттың сырты жұпыны көрін-генімен, іші жайнап тұр екен. Бастысы – кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылымның барлығы дерлік қамтылған. Тек еңбектенуіңді біл. «Сәукеле – Қобдиша» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Қалимаш Баталованың айтуынша, шағын индустриалды аймаққа кез-келген кәсіпкер қоныстана бермейді екен. Болашағы зор, сұраныс мол жобалардың иелері ғана мұндай жеңілдікке қол жеткізіпті. Жеңілдік демекші, жұмыс орны әкімдік тарапынан тегін үлестірілетіні белгілі. Кәсіпкерлер коммуналдық төлем үшін айына небары 1000 теңге ғана жұмсайды екен.

- Мамандығым – мұғалім. Қолөнермен тұрақты түрде айналысып жүргеніме 3 жылға жуықтады. Бұдан табыс табу бір бөлек, әжемнен қалған дәстүрдің үзілмеуін қалаймын. Жасы 103-ке келіп бақиға аттанған асыл әжем өмірінің соңғы сәтіне дейін қолынан ұршығын тастаған емес. Анам да - ісмер адам. Кішкентай кезімде үйдің іші оюлы көрпеше, шымылдық, жастық сияқты бұйымдармен салтанатты сарай сияқты жайнап тұратын. Соның әсері болуы керек, қолөнер маған жат емес. Алғаш рет мамық ойыншық тіккенім есімде. Кейінгі жылдары мұғалім, аудармашы болып еңбек етіп, қолөнермен ара-тұра айналысып келген едім. Соңғы жылдары әулеттің игі дәстүрін жалғамаққа ниет етіп, шығармашылыққа ден қойдым. Қазақтың тойына қажетті бұйымдарды тігіп жүрмін. Ешкімде жоқ қайталанбас дүниелерді жасауды мақсат еткен едім. «Қоржынымда» әшекейлермен әспеттелген, мамық маталармен қапталған бірегей туындылар аз емес. Тұтынушылардың ерекше бұйымдарға назары бірден ауатынын ескерсек, сұраныс та артып келеді, - дейді Қалимаш. Әңгімеміздің кейіпкері сырға салу дәстүріне қажетті ұмыт болып бара жатқан сәукеле қобдишаны жаңғыртуды мықтап қолға алыпты. Қобдишаның ішіне сырға және үкілі шаш қыстырғыш салынады екен. Кейін қобдиша қыз-келіншектердің косметикалық заттарын салуға да қызмет көрсететінін атап өткен жөн. Мемлекет тарапынан жасалған қолдауды сезіне білген кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, жаңадан жұмыс орындарын ашқысы келеді. Шәкірт тәрбиелеу де - ойында. Ендеше, іске сәт!

Оралхан ҚОЖАНОВ


Количество показов: 540

Возврат к списку