«Сахна – өмірімнің бір бөлшегі»

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  68

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  66

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  90

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  72

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  99

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  104

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  82

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  103

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  111

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  81

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  83

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  107

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  92

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  296

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  343

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  335

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  266

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  249

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  377

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  259

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  359

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  705

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  659

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  644

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  669

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  841

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  608

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  631

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  580

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  664

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  638

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  475

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1060

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  879

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  643

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  591

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  378

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  591

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  514

11 медаль!
11:05 24.01.2023  596

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  606

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  545

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  616

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  810

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  590

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  468

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  607

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  632

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  566

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  2922

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2813

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2780

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  2868

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  2827

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  2923

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  2994

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2725

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2724

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  2848

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  2778

«Сахна – өмірімнің  бір бөлшегі» 28.05.2022

«Сахна – өмірімнің бір бөлшегі»

Қазақ халқының құнды байлығы – ұлттық ән өнері. Атадан балаға мирас болып, көзіміздің қарашығындай, қымбат та бағалы қазынаға айналған да осы. Өңірімізде аталған дәстүрлі бағытты жалғастырып, ұмыт қалған аспаптардың қайта жаңғыруына үлесін қосып жүрген өнер иелері де бар. Соның бірегейі Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның мүшесі, Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің сыбызғышысы Ұғыбайдолла Мүфтәнмен сұхбаттасудың сәті түсті.

- Қазіргі күні халқымыздың ұлттық ән өнерінің дамуын қалай бағалар едіңіз?

- Тарихқа үңілсек, кезіндегі Біржан сал, Ақан сері, Мұхит аталарымыз өзінің заманындағы дәстүрлі әнді, жалпы ұлттық өнерімізді насихаттап, жоғары деңгейге шығарған еді. Одан бөлек, еліміздің атын шығарып, тарихта кең диапазонды дауыс иесі болған Әміре Қашаубаев еске түседі. Сонымен қатар, Естай, Иса Байзақов, Мария Шамсутдинова, Жаяу Мұса секілді дәстүрлі ән мектебінің өкілдері бар. Әр тұлға - өзіндік қолтаңбасы бар дарын иелері. Ал қазіргі
ән үйрену мектебі сол аталарымыздан қалыптасқан, бүгінгі күнге дейін мұра ретінде жалғасып келеді. Әрине, бұл өнерпаздарды қазіргі заман алыптарымен салыстыруға келмес. Дегенмен қолынан келгенше дәстүрлі мектептің қаймағын бұзбай, әнді нақышына салып жүргендердің қатары қалың. Сондықтан, қазақ өнерінің дамуына ықпал етуші әншілерді, шығармашылық ұжымдарды жоғары бағалаймын.

- Өнер адамы болу балалық арманыңыз ба еді?

- Бала кездегі арманым ғарышкер болу еді. Көгілдір экраннан Тоқтар атамыздың ғарышқа ұшқан бейнебаянын көрсеткен әр сәт сайын сүйсініп, қызыға қарайтынмын. Бірақ, өнерлі әулетте дүниеге келген соң, көбіне музыкаға әуес болдым. Мектеп қабырғасында жүріп домбыра үйрене бастадым. Кейін колледжде, университетте аспапта орындаушылық мамандығын оқыдым. Әрине, бала қиялымдағы ғарышкер бола алмасам да, бүгінгі күні менің ұлттық дәстүрлі өнерімізді көкте қалықтатып, дүниежүзі танитындай тарихта қалсын деген арманым бар. Пандемия салдарынан соңғы жылдары концерттер тоқтап қалғаны мәлім. Шынайы әртіс сахнасыз «ауырады». Тіпті, кейде депрессияға ұшырауы әбден мүмкін. Еліміз үшін осы ауыр кезеңде сахнаны айрықша армандадық, сағындық. Сахна – өміріміздің бір бөлшегі.

- Жалпы, сізді күйші әрі сыбызғышы ретінде танимыз. Осы екеуінен жаныңызға жақыны қайсысы?

- Маған жақыны - дәстүрлі өнер. Жалпы, мұның ішіне аспап, ән, күй, би де жатады. Түрлі аспапта ойнағанды жақсы көремін. Әрине, қазіргі уақытта сыбызғыға көп мән берудемін. Себебі, бұл бағыттағы дәстүрлі өнерді ұстанушы адамдар аз. Насихатты да көп талап етеді.

- Көмей өнерін адам өзінен қалай байқайды? Сіздің айналысып келе жатқаныңызға қанша уақыт болды?

- Кез келген өнерді меңгеру үшін шынайы ниет керек деп ойлаймын. Көмей - баяғы заманнан келе жатқан көне өнер. Үйрену оңай емес, қиын. Егер мақсат қойып, төзімділік танытса, кез келген адамнан көмей дауысын шығаруға болады. Оған қоса, сыбызғыда күй ойнап жатқан уақытта да көмей дауысы қолданылады. Ал сыбызғы аспабын қолға алғаныма екі жылдан астам уақыт болды. 2020 жылдың наурыз айында барлығы үйде қамалып отырған уақыт еді. Инстаграм желісінде «Алматы қаласында жаңадан ашылған фольклорлық музыка мектебі онлайн түрде сабақ береміз» деген жарнаманы көзім шалып қалды. Сол мектепте домбыра, қылқобыз, жетіген, сазсырнай, сыбызғы және ұрмалы аспаптар үйретеді екен. Менің таңдауым сыбызғыға түсті. Бастапқы кезеңде үйрену ауырға соқты. Себебі, онлайн форматтағы дәрістерге үйренбеген едім. Балалардың қашықтан сабақ оқуының күрделі екенін өзім басымнан кештім. Сыбызғының дыбысын шығара алмай талай уақыт жұмсадым. Бірде дыбысы шықса, кейде ойықтарын жабуға саусағым жетпей қала берді. Екі күн дайындалғаныммен, нәтиже болмады. Тіпті, жалыққан сәттерім де болды. Музыкалық жоғары білімі бар музыкантқа мұндай аспап қиын болады деп кім ойлаған?! Десе де, шыдамдылық танытып, бастаған істі соңына дейін апаруға тырыстым. Түрлі байқауларға қатыстым. Астанада өткен «Шабыт» фестивалінде лауреат атандым. Алғашқы нәтиже жаман емес. Қазіргі таңда Естай атындағы мәдениет сарайында «Әл-Әки» фольклорлық ансамблінде сыбызғышы қызметін атқарамын. Одан бөлек, Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрімен сыбызғы аспабына лайықталған түрлі шығармалар мен күйлерді қосып ойнап жүрмін.

- Қазақ тарихында қандай мықты сыбызғышылар өткен? Солар туралы айтып берсеңіз?

- Негізі, сыбызғының шығу тарихы біздің заманымызға дейін 3-ғасырда пайда болды. Бірақ, ол дәуірдегі күйшілердің есімдері белгісіз. Тек 18-19 ғасырлардан бастап этнограф ғалымдардың дерегінде Сармалай, Делдал, Сабыр, Макар, Саймақ, Шерубай деген күйшілер дерегі кездеседі. Олардың жолын жалғастырушы Оспанғали Жорабеков, Ысқақ Уәлиев, Кәлек Құмақайұлы, Шанақ Ауғанбаевтар еді. Құрманғазы атындағы консерваторияда 1945 жылы қазақтың халық аспаптары факультеті ашылғаннан кейін Ахмет Жұбанов сыбызғы сыныбын жүргізуді қалады. Алайда, сыбызғышы маманының жоқ болуына байланысты іс нәтижелі жүзеге аспады. 1959–1961 жылдары Алматының Құрманғазы атындағы өнер институтында сыбызғы сыныбы ұйымдастырылып, оған профессор А.Жұбановтың басшылығымен Шығыс Қазақстаннан сыбызғышы Оспанғали Қожабергенов арнайы шақыртылыпты. Музыка зерттеушісі, белгілі күйші Уәли Бекенов өз естеліктерінің бірінде «Оспанғали Қожабергеновтен 6 бала сыбызғы үйрендік. Бұл шәкірттер нақтылы сыбызғышы болып кетпегенмен, қазақтың сыбызғы аспабында ойналатын көптеген күйлердің сарынымен танысты. Оның құрылысы мен мінезіне талдау жасайтындай негіз алдық. Сыбыз-
ғышы Оспанғали Қожабергеновтің репертуарында «Ақсақ қой», «Балжыңгер», «Жорға аю», «Көк бұқа», «Сарыөзен», «Аққабаның толқыны» сияқты көптеген күйлер бар» деп жазды.

- Қазақстанды сыбыз ән аспабын жасайтын шеберлер бар ма? Өзіңіз қайдан аласыз?

- Жезқазған қаласында фольклорлық аспаптар жасайтын Азамат Бақия есімді шебер бар. Өте тәжірибелі, мықты маман. Көне аспаптарды жаңғыртушы ретінде де республикаға танымал. Сыбызғыны да сол өңірден аламын. Азамат сияқты сыбызғы жасайтын азаматтар баршылық.

- Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз...

- Қазір уақытта Башқұртстан елінде сыбызғы мамандығында оқып жатырмын. Оқуды аяқтаған соң, музыкалық мектеп, колледждерде сыбызғы класын ашып, шәкірттер тәрбиелесем деген мақсатым бар.

- Әңгіменізге рахмет. Шығармашылық табыс тілеймін!

Сұхбаттасқан – Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


Количество показов: 835

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  68

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  66

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  90

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  72

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  99

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  104

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  82

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  103

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  111

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  81

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  83

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  107

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  92

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  296

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  343

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  335

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  266

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  249

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  377

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  259

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  359

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  705

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  659

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  644

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  669

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  841

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  608

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  631

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  580

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  664

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  638

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  475

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1060

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  879

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  643

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  591

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  378

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  591

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  514

11 медаль!
11:05 24.01.2023  596

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  606

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  545

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  616

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  810

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  590

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  468

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  607

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  632

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  566

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  2922

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2813

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2780

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  2868

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  2827

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  2923

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  2994

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2725

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2724

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  2848

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  2778