Сана саңылауынан таным таразысына дейін

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  40

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  42

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  143

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  116

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  328

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  314

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  302

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  321

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  296

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  391

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  400

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  375

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  399

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  368

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  424

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  502

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  547

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498

Сана саңылауынан  таным таразысына дейін 15.09.2022

Сана саңылауынан таным таразысына дейін

Қай халықтың болмасын, өткенін бүгініне жеткізетін, бүгінін ертеңімен ұштастыратын оның тілі. Осыдан да ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі» десе керек. Тіл адам баласына сор болып жабысып, абыройын айрандай төгуі де оп-оңай. Бақ болып қонып, мәртебесін асыруы да ғажап емес. Осы бақ пен сорды халық деңгейіне көтерсеңіз, көп нәрсенің басы ашылады.

 

Қазақ халқының басына тілдің бақ боп қонған уақыты А.Байтұрсынұлының қырыққа толар шағынан бастау алды. Бұл - 1910 жылдар шамасы. Алғашқы орыс революциясы (1905-07) қазақ баласының да санасын өзгертті. Бұл уақытта Ахмет отыздың үстіне жаңа шыққан. Бірінші мүшелінде алған екі сыныптық (әр сынып үш жылдық оқуды қамтиды) орыс-қазақ училищесі (Торғай) оны Орынбордағы мұғалімдер мектебіне түсуіне мүмкіндік берді. Мұндағы төрт жыл шамасында білімнің қазіргі жоғары мектеп беретін білімге пара-пар екендігі тағы бар. Онан кейінгі он-он бір жылын Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездеріндегі ауылдық және болыстық мектеп-училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады. 23 жастағы жас жігіт Омбыға барған бір сапарында қазақ халқының тарихын түгендеп жүрген, этнографиясы мен фольклорына ден қойған А.Е.Алектровпен жүз-деседі. Меніңше, осы кездесу оны түбегейлі өзгеріске бет бұруға итермеледі. Мұны М.Әуезов ұлт ұстазының 50 жасқа толған мерейтойына арналған мақаласында «Атақты Ильминскийдің жолымен қазақтың көзін ашу үшін осы оқу керек деген саясатты тұтынып жүргендігін сөздерімен білдірген Алектровтың ниетімен жақын келіп танысқан соң, Ахмет қазақ халқының жағдайының ауырлығын ұғып, ел турасындағы түкпірлі ойы сол кезде ояна бастаған. Алектровпен танысудың екінші әсері – Ахаңның жолы ашылып, бұрынғы білім-өнер жолындағы шала білініп, көмескілеу түсініп жүрген нәрселерін таза білуіне себеп болған» - деп көрсетеді. 13 жасында полковник Яковлевтің кесапатынан жапа шеккен әке бейнесі елестеді, енді келіп орыс ғалымының қазақ мәселесін күйттегені жанына батты. Осыдан барып, қазақ тілін, әдебиетін, тарихын, этнографиясын өз жұртының баласы жазғаны жөн деген ойға тоқталса керек. Бұл - біздің пікір, әйтпесе Г.Н.Потанин мен А.Е.Алектровтың қазақ өркениетіне сіңірген еңбегін жоққа шығарудан аулақ ойдамыз. Жалпы, бүгінгі қазақты мына мәселелер ойлантуы керек. Біріншіден, «ұлт ұстазы» айқындауышының өз иесін тап- қандығы анық. Демек, респуб-лика көлемінде «Мұғалімдер күні» болып саналатын қазанның алғашқы жексенбісін ұлт ұстазының туған күнімен байланыстырудың да сәті келді деп білеміз. Мұндай тәжірибе біздің мемлекетімізде болды: көп уақыт 22 қыркүйекте мерекеленетін «Тілдер күнін» 2017 жылдан бастап А.Байтұрсынұлының туған күніне орайластырып едік. Меніңше, бұл ойымыз көптеген ұстаздардың көңілінен шығады деп сенемін. Әрине, А.Байтұрсынұлын ұлт ұстазы дәрежесіне көтерген оның ұшан-теңіз еңбегі. Әсіресе, оның қазақ мектептері мен оның тыңдаушыларына арнаған оқу құралдары болса керек. Бұл жерде мұндай оқу құралдар мектеп табалдырығын аттаған балалар мен оларды тәрбиелеуге алған мұғалімдерге де тікелей қатысы бар. Өз тарапымыздан ұлт ұстазының тілдік сезім мен қазақы намысы жоғары болғанын қосқымыз келеді. Бұл екі санатқа отбасы мен орта әсер етеді. Қазақ отбасынан шыққан, қазақ ортасында өскен қазақ баласы өз тілінен кем қалуы мүмкін емес. Осы себептен де ғалым оқулықтарындағы пәнсөздер қазақ пайдаланымында бүгінгі күге дейін сақталып қалып отыр. Ғалым еңбегінен бірде-бір шет тілдер сөзін кездестірмейсіз. Фонетика емес дыбыс жүйесі, лексика емес сөз жүйесі, морфология емес сөз тұлғалары, синтаксис емес сөйлем жүйесі. Оның үстіне ғалым оқулық-тарындағы мысал деректер қазақ санасына дендеп енген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, аңыз- әңгімелерден тұрады. Бұған «Күлтөк-пенің басында күнде жиында» айтылатын әңгіме-дүкенді қосыңыз. Оның үстіне ол уақыт ақпа құлақ ағайын емес, құйма құлақ қазақ жұрты бағаланған шақ. Ата сөзден аулақ қоныстану қазақ баласына тән емес-тін. Ол уақытта қазақ жұрты сөзіне қарай сөйлеушісін бағалай алатын. Мұндай тірлік Ахметтің де сана-сезіміне тікелей әсер етті десек болады. Ахмет еңбектерінің өз қатар-ластарынан озық ойлы болуына не себеп? Ең алдымен, өткен ғасырдың басында А.Байтұрсынұлымен салыстыра көрсететін қазақ тұлғасы жоққа тән. Бұл жерде Ахмет қана оқыды, басқасының білімі жеткіліксіз болды деген пікірден аулақпыз. Біз мемлекеттік саясаттың (бұл саясатты көзі ашық қазақ оқымыстылары ұстанды) оқу-білімге қатысты бағытын айтып отырмыз. Оның алдында кітап терген Ы.Алтынсарин 1889 жылы өмірден өткен. Жаңа ғасыр жаңа тұлғаны аренаға шығарды. Ахмет осылайша қайнауы кем қазанға түсті. Елуге толар-толмас шақта қазаққа ең керек оқу-құралдарын мектеп табалдырығынан өткізеді. Қазақ қоғамынан шыққан Ахмет санасы орыс еңбектерімен танысқаннан кейін аласа-пыран күйге түсті. Қазақ отбасының бағып-қағуынан кейін орыс білімінің нәрін алуы (арнайы оқу орнына түскен жоқ, бірақ оның Орынбор, Омбы сияқты орыс қалаларындағы орыс білгірлерімен қарым-қатынасын айтып отырмыз) қабілетіне күш қосып, психологиялық жады мен логикалық байымы бірден көтеріліп шыға келді. Орыс тілі арқылы Еуропада Женева лингвистикалық мектебінің ірі өкілі Фердинанд де Соссюр (1857-1913), неміс ұлтының ірі өкілі Вильгельм фон Гумбольдт (1767-1835), Ресейде Москва лингвистикалық мекте-бінің ірі өкілі Ф.Ф.Фортунантов (1848-1914) еңбектерімен тікелей танысты десек болады. Ахметтің осындай әлемдік дүниеден нәр алмауы мүмкін емес еді. Байқап қарасақ, А.Байтұрсын-ұлымен заманы бір А.М.Пешков-скийдің еңбегі 1914, М.Н.Петер-сонның еңбегі 1923, А.А.Шахматовтың еңбегі 1925 жылы шығады. Мұның үшеуі де Ф.Ф.Фортунантовтың шәкірттері. Қолы ұзын дейтін орыстың кітаптары тек өткен ғасырдың үшінші он жылдығында баспа бетін көреді. Ахмет екінші он жылдық басталмай тұрып оқу құралдарын бере бастайды: «Әліппе» – 1910; «Тіл-құрал» 1912-25 жылдар. Демек, Ахмет өз замандастарының еңбегін оқуы екіталай, бірақ олардың ұстаздарынан тараған еңбектермен таныс болғандығы анық болып шығады. Әрине, ғылыми деңгей бір арнада қабыспайды. Бірақ сол ғылымға қаузау болар қауыздың Ахмет оқулықтарының өн бойында тұрғандығы бүгін жұмбақ емес. Қазаққа «Тіл – құрал» осындай жолдармен келді. Жоғарыда айтқа-нымыздай, «Тіл-құрал» 1912-1925 жылдар аралығында жеті рет жарық көреді. Оның бесеуі орыс патшасы уақыты да, екеуі Кеңес деген өкіметтің белең алған тұсы. Құрал «Тіл танытқыш кітап» деп аталып, төрт деңгеймен жеткізілген: 1-сі Дыбыс жүйесі – 1912-15 жылдар; 2-сі Сөз жүйесі – 1914-17 жылдар; 3-сі морфологиялық құрылымы (Қазақ тілінің сарфы) – 1915 жыл; 4-сі Сөйлем жүйесі – 1925 жыл. Бұл бөлістің өзін шартты деп қарау қажет. Себебі 1-тілтанытқыш кітап 1925 жылы 5-інші рет басылым көріпті. Жалпы, ғалымның «Қазақ тілінің сарфы» деп тарқатқан кітаптары қазіргі ұғымдағы грамматика аясына сәйкеседі. А.Байтұрсынұлының Дыбыс жүйесі мен түрлері дыбыс, буын және олардың жазылу емлесін жинақтайды. Бұл - қазіргі күнгі ең осал тұсымыз. Біз 2017 жылдан бастап не әліпбиді, не емлемізді түзе алмай келеміз. Неге? Ең бастысы, қазіргі қазақ жұрты баба берген 24 (28) дыбысты басшылыққа алмай отыр. Оның 5-уі (9) дауысты да, 19-ы - дауыссыз дыбыс. Біз қазір 31-35 дыбыспен тарқатқымыз келеді. Баяғы сол «басқа жұрт не дейді?» деген жалтақтық. Бір ғана у және й дыбысын өзінің тума жағдайына келтірсек, яғни олардың тек дауыссыз дыбыс екендігін жаңғыртсақ, қазақтың қазіргі емлесі де тез шешімін табар еді. А.Байтұрсынұлының синтаксистік ілімі үлкен дүниені қозғауды қалайды. Себебі ғалымның синтаксисі ғылыми тілдің шарықтау шегіне бара алған. Оны синтаксис салаларын тарқатудан тануға болады. Сөйлем жүйесі деп бекітілген бұл ілім сөйлемнің барлық түрін және сапасын аңғарта алады. Қалай болғанда да, қазіргі синтаксис ілімін А.Байтұрсынұлының тұжырым-дарына сүйене отырып, бес тарау- мен жеткізуге болады. Өзіміз осы пәннің басы-қасында жүргеннен кейін, мұндай пікір білдіруге толық хақымыз бар деп білеміз. Тек осы жағдайда ғана қазақ тіл білімін күні бүгінге дейін орыс тіл білімімен теориялық тұрғыдан салыстыра берген жаңсақ тұжырымдардан сақтап қалған болар едік. Ал Ахмет ілімі тек қазақы теорияға негізделгені ақиқат.

Бекен САҒЫНДЫҚҰЛЫ, ғылым докторы, профессор, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

 


Количество показов: 633

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  40

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  42

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  143

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  116

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  328

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  314

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  302

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  321

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  296

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  391

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  400

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  375

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  399

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  368

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  424

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  502

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  547

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498