Сегіз қырлы Ардақ апай

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Сегіз қырлы Ардақ апай 14.10.2021

Сегіз қырлы Ардақ апай

Кітапхана – рухани білімнің қайнар бұлағы. Кітапсүйер қауымның көңілінен шығып, оқырманның алғысына бөленіп жүрген жандардың бірі - кітап ісінің маманы Ардақ Жұмағалиева.

 

Екібастұз қаласының орталық кітапханасында жиырма жылдан астам уақыт бойы табысты қызмет етіп келе жатқан Ардақ апайды жергілікті оқырман қауым жақсы таниды. Үлкенге деген құрметі, кішіге деген ізеті бөлек кітапханашы осы кітапханаға келетін әрбір оқырманның жүрегіне жол тауып жүр. Көпбалалы отбасында туып-өскен Ардақ апай – Орал өңірінің тумасы. «Біз кітапты жарыса оқып өскен ұрпақ өкіліміз. Ата-анамыз жиі-жиі кітап сатып алып, отбасылық кітапханамызды мазмұнды дүниелермен толықтырып отырғандықтан, барлығымыз кітапқұмар болып өстік. Сондықтан отбасымыздан үш бірдей кітапханашының шығуы кездейсоқ емес», - дейді Ардақ апай. Алғашқы еңбек жолын Батыс Қазақстан облысындағы Жымпиты аудандық мәдениет бөлімінде әдіскер болып бастаған Ардақ апай өмірдің ағысымен мүлдем басқа салаға бет бұрды. 2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жемісті еңбек етуде. Кітапханаға жұмысқа орна-ласқан кезде кейіпкеріміз балаларға арналған қазақ тіліндегі тақпақтардың тапшылығын байқайды. «Өткізілетін іс-шараларға дайындық барысында тақпақтар таба алмай қинлатынбыз. Сол кезден бастап балаларға лайықтап тақпақтар жазып, жұмбақтар құрастыра бастадым. Қазіргі таңда 130-ға жуық тақпақ, әліппе, санамақ, өтірік өлең, жұмбақтарым мен 2–3 қысқа әңгімелерім бар. Балалар әдебиетіне теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесімді қосу мақсатында балалар тақырыбында қалам тербеп жүрмін», дейді кітапханашы.А.Жұмағалиеваның балаларға арналған өлеңдері облыстық «Naizatas» журналына, жергілікті «Отарқа» газе-тінде, балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ұлан» газетінде жарық көріп жүр. Сондай-ақ «Halyq radiosy»-сынан да ара-тұра оқылып тұрады. Оқырмандар сұранысын қамтамасыз ету үшін «Кітапханашы Ардақ Жұмағалиеваның балдырғандарға базарлығы» атты балаларға арналған тақпақтар жинақ-талған Telegram каналын ашқан. Сегіз қырлы, бір сырлы кітапханашы Ардақ Жұмағалиева – отбасында аяулы жар, ардақты ана. Жолдасы Тимур Жұмағалиев теміржолшы, қызы Айгерім Алматы қаласында дизайнер болып еңбек етуде. Ардақ апайдың Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ақын Абдолла Жұмағалиевтің отбасына келін болып түскеніне 30 жылдан асыпты.

Торғын ОРАЗАЛЫ.

 

 


Количество показов: 519

Возврат к списку