Шөптің бағасы шарықтап тұр

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Шөптің бағасы шарықтап тұр 05.10.2021

Шөптің бағасы шарықтап тұр

Күз келсе болғаны, ауылдағы ағайынның қалтасы айтарлықтай жұқарады. Биыл көмірмен қатар, мал азығының да бағасы қымбаттады. Мұның салқыны мемлекеттен субсидия мен арзандатылған дизель отынын алатын ірі шаруашылықтарға тие қоймайды. Ал қорада азын-аулақ мал ұстайтын қарапайым тұрғындар үшін кәдімгідей «бас қайғы».

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Бір тіркеме – 50 мың теңге

Бұл ретте шөп сатумен айналысатын кәсіпкерлер бағаның өсуі негізсіз емес екенін айтады. Олардың қандай уәжі бар? Жергілікті билік мал азығының бағасын бақылауға қауқарлы ма?

Биыл Баянауыл, Май аудандарындағы кейбір ауылдарда ала жаздай бір тамшы жаңбыр жаумай, жұртты әбігерге салғаны бар. Сол тұста-ақ тұрғындар «биыл төрт түлікке талғажау болар шөп мәселесін қайтер екенбіз?» деп уайым еткен еді. Нәтижесі сол, күзде мал азығының бағасы шарықтап шыға келді. Мәселен, Баянауыл ауданындағы Бірлік ауылының тұрғындары шөптің бір тіркемесін 50 мың теңгеге дейін сатып алуға мәжбүр.

DSC_0057.JPG

- Биыл ауылда қуаңшылық салдарынан шөптің шығымы жақсы бола қойған жоқ. Сондықтан қазіргі уақытта өзге ауылдар, тіпті басқа аудандардан мал азығын тасып жатырмыз. Жергілікті шаруалардың шабындық жерлерінен жиналған шөп өздерінің төрт түлігін қыстан аман алып шығудан артық қалмайды. Сатылымға қойған күннің өзінде бағасы аспандап тұр. Өткен жылы бір тіркемені 40-45 мың теңгеге алған едік. Биылғы баға - 50 мың теңге. Осы жылы қорада қыстайтын азын-аулақ мал үшін 700 бума мен 4 тіркеме шөп алдық. Оған 700 мың теңгеге жуық қаражат кетті. Ауылда малмен күнелткен соң кәсіпкерлер айтқан соманы санап беруден басқа амал жоқ, - дейді ауыл тұрғыны Райыс Құлқашев.

Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов ауданда мал азығының тапшылығы байқалмайтынын алға тартты. Бағаның негізсіз өспеуі де бақыланатын көрінеді.

- Аудан көлемінде мал азығымен қамтуда айтарлықтай қиындық жоқ. Мұса Шорман (Теңдік), Ұзынбұлақ, Құндыкөл, Жаңажол, Ақсаң, Жаңатілек, Қаратомар елді мекендерінде шабындық жер жетеді. Қызылтау ауылдық округінің тұрғындары Қарағанды облысының Қарқаралы ауданынан, Бірлік пен Майқайыңның азаматтары Ақсу қаласына қарасты ауылдық аймақтардан шөп тасиды. Әкімдік жанынан құрылған арнайы штаб бағаны бақылап, шаруа қожалықтарымен мал азығын негізсіз қымбаттатпау жөнінде келіссөздер жүргізеді. Барлығы бір ауылдың азаматтары болғандықтан, түсіністікпен қарап, бағаны айтарлықтай өсірмеуге тырысады, - дейді Қанат Сәрсенұлы.

Дәл осындай штаб Аққулы ауданында да бар. Мұнда шөппен қамту, бір жарым жылдық қор жасау бағытында Баянауыл ауданындағыдай мәселелер жоқ. Мал азығы жеткілікті болған соң ауданның кейбір шаруалары мал азығын Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына сатуға көшкен көрінеді.

- Биыл 143 мың гектар аумақтан шөп шабылып, бір жарым жылдық қор дайындалды. Жоспар бойынша, аудандағы төрт түліктің қыстап шығуына 138 мың тонна азық қажет болса, бүгінде бұл жоспар асыра орындалып, 159 мың тонна әзірленді. Аудан көлемінде бір тіркеме шөптің бағасы 35-40 мың теңге. Арнайы штаб өкілдері шөп сататын тұрғындармен кездесіп, бағаны тұрақты түрде сақтап қалу жөнінде келіссөздер жүргізеді. Тиісті меморандум да жасалды. Баға негізсіз өсер болса, шұғыл түрде қажет шараларды қабылдаймыз. Бұл ретте біздің аудан, аймақта ғана емес, республикалық деңгейде дизельді отынның қымбаттауы байқалып жатқанын ескерген жөн, - дейді Аққулы ауданының әкімі Абзал Балғабаев.

Бірақ жергілікті билік өкілдерінің ұсыныстары мен кеңестеріне құлақ түрер кәсіпкерлер табыла қойса жақсы. Шөп бағасы көмір нарығы сияқты мемлекет тарапынан бақыланбайды. Сондықтан шекті бағаны белгілеу, белгілі бір сомадан асыруды талап ету мүмкін емес. Тым құрығанда бюджеттік қаражат есебінен субсидия мен арзан дизельді отын алатын шаруаларға бағаға қатысты нақты талап қойылса, жеке кәсіпкерлер де бағаны шарықтатып жібермес еді.

- Қазіргі таңда шаруаларға мемлекет тарапынан көп көмек бар. Оны бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп, күнделікті өмірде көріп те жүрміз. Бірақ сол шаруалардан қолдаудың қайтарымы болмай тұр. Қаржылай көмектің сан түрін алса да, шөп бағасын шарықтатып қояды. Осы орайда жер-жердегі әкімдіктер сол аумақтағы нарықтық жағдайды, шөптің көлемін ескере отырып, әр аудандағы шекті бағаны белгілегені дұрыс деп ойлаймын. Мәселен, шаруалардан шөптің бір тіркемесін 20-25 мың теңгеден асырмау туралы талап қойылса, мемлекеттен еш көмек алып отырмаған шағын шаруашылықтардың өзі бағаны амалсыз түсірер еді, - дейді Ақтоғай ауданының тұрғыны Ринат Балтабаев.

Өкінішке қарай, қазіргі уақытта жергілікті әкімдіктердің қолында ондай билік жоқ. Сондықтан кәсіпкерлер бір бума, орама, тіркеме шөп үшін қалаған бағасын еш қымсынбастан сұрай алады.

Батыс пен оңтүстіктен сұраныс жоғары

Бума демекші, биыл бір бума орама шөптің бағасы да өсті. Айталық, өткен жылы бір бума мал азығының бағасы 500 теңге көлемінде болса, биыл 700 теңге тұрады. Сол сияқты бір орама шөптің бағасы 6 мың теңгеден 8 мың теңгеге дейін қымбаттады.

- Бүгінде шөпті бума, орама түрінде алған әлдеқайда ыңғайлы. Бұрынғыдай бірнеше тіркеме шөпті сақтайтын кең аумақ, оны үйетін адам керек емес. Сатып аласың да, қораның іргесіне қатарлай қоясың. Бірақ шөптің осындай ыңғайлы түрінің бағасы да айтарлықтай артты. Бәрінен де кейбір кәсіпкерлердің қарапайым тұрғындар мен ірі шаруаларға бір орама азықты бірдей бағамен сататыны қынжылтады. Мәселен, қорадағы азын-аулақ малы бар менің және Павлодар ауданында тауарлы сүт фермасы бар бизнес өкілдерінің қаржылай мүмкіндіктері бірдей емес. Соған қарамастан, шөппен айналысатын азаматтар бір ораманы маған да, оған да 8 мың теңгеден сатады, - дейді Успен ауданының тұрғыны Медет Қайырхан.

Павлодар ауданы тілге тиек етілген соң мұндағы шабындық жерлердің басқа аудандармен салыстырғанда аз екенін атап өтпеске болмас. Сол себепті болар, аудан көлемінде мал басы жыл санап азайып келеді. Айталық, 2016 жылы мұндағы 7 мыңға жуық қожалықтың тең жартысы мал шаруашылығымен айналысса, бүгінде небары 2 мыңға жуық кәсіпкер осы бағытта ісін жүргізіп отыр.

Павлодар аудандық мәслихатының депутаты Бақытбек Баткеевтің сөзінше, сол көлемі аз шабындық жерлердегі шөптің өзі өзге өңірлерге жөнелтілуде.

- Былтыр Павлодар ауданында бір тіркеме шөптің бағасы 30-35 мың теңге төңірегінде болса, биыл 40 мың теңге тұрады. Мал азығына сұраныс жоғары болғандықтан, кәсіпкерлер де бағаны бірден өсірді. Қыс кезінде бір тіркеменің 50 мың теңгеге сатылуы да ғажап емес. Бұл ретте аудан көлеміндегі кейбір жерлердің қосалқы жалға беріліп отырғанына баса мән бермесе болмайды. Одан қалса, жергілікті шаруалар да алдымен өзімізді емес, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының тұрғындарын «жарылқап алуды» қалайды. Себебі батыс пен оңтүстікте мал азығы қымбат. Бұлай жалғаса берсе, аудандағы тұрғындарға шөп жетпей қалуы әбден мүмкін. Жалпы, өңірде шөппен қамту, оның бағасын реттеу мәселесін шешу үшін жеке аулаларда шаруашылықты дамытуға бағытталған арнайы бағдарлама қажет сияқты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауына осы мәселеге назар аударуды тапсырған болатын, - дейді депутат.

Бағаның өсуі негізсіз емес

Бұл ретте шөп сатумен айналысатын тұрғындардың да айтары бар. Павлодар қаласының тұрғыны Руслан Төлеубаевтың сөзінше, осы жылы мал азығының 5-10 мың теңгеге өсуіне басты себеп - дизельді отын бағасының қымбаттауы мен күрт азаюы.

- Біз шөптің бағасын белгілейтін тұста барлық шығынды ескереміз. Айталық, өткен жылы дизельді отынның бір литрінің бағасы 165 теңге болды. Ол кезде бір тіркеме шөп 20-25 мың теңгеге сатылды. Ал биыл жанар-жағармайдың бір литрі 250 теңге тұрады. Павлодар мұнай-химия зауыты ағымдағы жөндеуге байланысты жұмысын тоқтатқандықтан, өңірде дизельді отынды табудың өзі қиындай түсті. Сол себепті бір тіркеме азықтың бағасы 30-35 мың теңгеге дейін көтерілді. Оған қоса, трактор бөлшектерінің бағасы 20-25 пайызға қымбаттады. Ал біз шағын ғана шаруашылық болғандықтан, мемлекет тарапынан субсидия, дизельді отын алмаймыз. Былайша айтқанда, өз күнімізді өзіміз көріп отырмыз, - дейді ол.

Май ауданының тұрғыны Дастан Әлиақпаров та бірқатар күрмеулі мәселенің барын айтты.

- Шөп шабу - оңай шаруа емес. Бүгінгі күні мал азығын дайындаумен айналысатын адамдардың барлығында бірдей арнайы техникалар жоқ. Мәселен, менің қолдағы қаражатым құны 1,5 млн теңге болатын шөп шабатын техника сатып алуға ғана жетті. Ал оны жинайтын құрылғыны 200-300 мың теңгеге жалға аламын. Сонымен қатар, қазіргі таңда шабындықта жұмыс істейтін адамдарды табу қиын. Бұл маусымдық іс болғандықтан, ауылдықтардың көбі шаруаға араласқысы келмейді. Оларды жұмысқа тарту үшін жоғары еңбекақы беруге тура келеді. Бізге осы шығындардың барлығын жауып, үстінен аз да болсын пайда көру керек. Сондықтан жыл сайын шөп бағасы да қымбаттайды, - дейді Д.Әлиақпаров.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, биылғы жоспар бойынша өңірде 1 млн 450 мың тонна шөп дайындалуы тиіс. «Сақтықта қорлық жоқ» дегенді ескерген шаруалар бұл жоспарды асыра орындап, бір жарым жылға жететін мал азығын әзірледі.

- Бүгінде облыс көлемінде 1 млн 486 мыңнан астам мал азығы дайын. Оған қоса, былтырдан қалған 39,8 мың тонна шөп бар. Фермерлік шаруашылықтар мен жеке аулаларды қамтамасыз ету үшін орман алқаптары мен Ертіс өзенінің жайылымынан 203,7 мың гектар жер берілді. Ірі шаруашылықтар шабатын шөптің қалдығын шөймелеп үйіп, оны бумалап, кейін тұрғындарға үлестіру мақсатында 37 меморандум жасалды. Кемінде 400 мың гектардан жиналатын бұл мал азығы да төрт түлікке талғажау болып, жергілікті жұртшылықты қамтуда оң ықпал берері анық, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев.

Яғни, жергілікті биліктің пайымынша, аймақта шөп тапшылығы туындамауы тиіс.

Ерте қамданып, қор жасаған жақсы-ақ. Бірақ соның барлығын алуға қарапайым халықтың жағдайы жете ме? Мәселен, бір сиырға қыс бойы 3 тіркеме шөп қажет. Орташа есеппен әр аулада 10 ірі қара бар екенін ескерсек, мал азығының 30 тіркемесін жеткізіп алуы керек. Сонда тек ірі қараның қыстан қысылмай шығуы үшін 1,5 млн теңгеге дейін қаражат шығаруға тура келеді. Оған қоса, қой-ешкі, жылқысы болуы мүмкін. Оларға тағы 10-20 тіркеме шөп қажет. Сайып келгенде, төрт түлік көктемге дейін көтерем болып қалмас үшін 2 млн теңгеңізді сайлай беріңіз. Мұндайда «шөптің көптігінен не пайда, бағасы қолжетімді болмаса?» деген ой туындайды.


Количество показов: 817

Возврат к списку