Шаһарда - жаңа басшы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Шаһарда - жаңа басшы     20.07.2021

Шаһарда - жаңа басшы

Кеше Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл міндет бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Асайын Байхановқа сеніп тапсырылды.

 

Павлодардың жаңа әкімінің кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісіліп, қала мәслихаты депутаттарымен мақұлданды. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қаланың жаңа басшысының қызметіндегі басымдықтарды айқындап берді. Ол бюджетті жоспарлау мен мемлекеттік сатып алудағы жоспарлаудың қателіктері салдарынан қала әкімдігінде шыбын-шіркейге қарсы күреске арналған конкурс дер кезінде өткізілмей, жолдарды жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу мерзімдері кейін шегерілгенін атап өтті. Мердігерлік жұмыстың сапасы да сұрақтар туғызатынын айтып, бұл бағытты қатаң қадағалауды тапсырды.

- Шаһар әкімдігі қаланың мәселелері жөнінде білетін және оларды жедел, ұтқыр, тиімді шешетін орын болуы тиіс. Алайда іс жүзіне келгенде қала басшылығы көп жағдайда уақыт өткізіп алады және оған жеке өзімнің, менің орынбасарларымның немесе облыстық басқармалар жетек-шілерінің араласуына тура келеді. Облыстық әкімдік қалалық әкімдікті алмастыра алмайды. Бұл мәселелерді өзіңіздің жеке, үздіксіз қадағалауыңызға алуыңызды тапсырамын. Проблемаларды дер кезінде анықтап, оларды шешуге белсенді әрекет ету, мердігерлер жұмысын үздіксіз қадағалап, мемлекеттік сатып алуды тиімді жоспарлау қажет. Сонымен қатар, жылу беру маусымының мәселелері де басымдықтар қатарында болуы тиіс, - деді Әбілқайыр Сқақов. Асайын Байханов 1978 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. 2000 жылы ол Павлодар университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдап, 2005 – 2006 жылдары ProCredit Holding AG и European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) халықаралық банк холдингінің біліктілікті арттыру корпоративтік орталығында білім алды. 2017 ж. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірді (іскерлік әкімшілік магистрі, «Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік»). 2000 жылы Асайын Байханов еңбек жолын банк секторында, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Қазақстанда өткізген бағдарлама бойынша бастады. Екібастұзда несиелік эксперттің тыңдаушысынан ЕҚҚДБ-нің Алматыдағы бас кеңсесінің жаңа банк өнімдерін енгізу бөлімінің басшысына дейін өсіп, сонымен бірге ЕҚҚДБ-нің Қазақстанда және шет елдерде өткізген семинарларында көпсатылы оқу бағдарламасын меңгерді. 2003–2007 жылдары Асайын Байханов ProCredit Holding AG банкі халықаралық банк холдингінде түрлі лауазымдар атқарды, оның ішінде Киевтегі «ПроКредит Украина» ЖАҚ-ын басқарды. 2007 жылы А.Байханов Қазақстанға оралып, «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасыны орынбасары қызметіне тағайын-далып, филиалдар желісін кеңейту мен шағын және орта бизнесті, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы несиелендіруді дамыту бағыт-тары үшін жауапты болды. 2009–2015 жылдары ауыл шаруашылығы саласында кәсіп-керлікпен айналысты: Алматыда және Алматы облысында мал және өсімдік шаруашылығында, логистика және жүк тасымалдау бойынша бірқатар сәтті жобаларды жүргізіп, дамытты. 2015–2020 жылдары - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамындағы «ҚазАгроӨнім» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. Осы мерзім ішінде ауылшаруашылығы саласының түрлі мемле-кеттік бағдарламаларын талқылау және өзгерту, сондай-ақ, агроөнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығарудың мақсатты индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі және жетекшісі болды. 2020 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, ауыл шаруашылығы, ауылды аймақтарды дамыту, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары, жер қатынастары және т.б. мәселелер үшін жауапты болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 


Количество показов: 253

Возврат к списку