Шағын шаһарлардың мүмкіндіктері зор

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Шағын шаһарлардың  мүмкіндіктері зор 06.11.2021

Шағын шаһарлардың мүмкіндіктері зор

Бейсенбі күні Павлодар облысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Президент жұмыс сапарын Екібастұз қаласында моноқалаларды дамыту жөніндегі республикалық кеңес өткізуден бастады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы өңірде Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездесіп, индустриалды кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысты, серпінді клеммалар мен бұрандалар шығаратын «Ферротранстрейд» зауытын іске қосты.

 

Қолдаудың басы - талдау

 

Екібастұзда өткен республикалық кеңесте Қасым-Жомарт Кемелұлы ауқымды мәселелерді сөз етіп, шағын шаһарлардан тұрғындардың қоныс аударып кетпеуі үшін барлық жағдайлар жасалуы керектігін ескертіп, арнайы тұжырымдама жасау бойынша Үкіметке, облыс әкімдігіне тапсырма берді. Мемлекет басшысы Қазақстанда 89 қала бар екенін және олардың 27-сі моноқала санатына жататынын атап өтті. Бұл қалалардағы тұрғындар саны – 1,4 миллион адам.

kz1-4358 (1).jpg

– Моноқалалар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 пайызға жуығын өндіреді. Мұнай-газ, металлургия, химия өнеркәсібі және энергетика саласындағы ірі кәсіпорындарымыз сонда шоғырланған. Алайда, бұл қалаларда шешімін таппай келе жатқан түйткілдер аз емес. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелер бар. Моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды. Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу – аса өзекті мәселе, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев кеңеске қатысушылардың баяндамаларын тыңдағаннан кейін моноқалалардың өзекті проблемаларына егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, Президент осы елді мекендерге қатысты мемлекеттік саясатты жедел түрде қайта қарау қажет екенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан-дағы моноқалалардың дамуын орнықты экономикалық өсімнен қатты тұралап қалуға дейінгі деңгейде салыстыра отырып, олардың даму перспективалары әртүрлі екенін атап өтті. Оның бағалауынша, кейбір моноқалалар нарыққа бейімделіп, экономикасын әртараптандыра алған. Мемлекет басшысы Кентау мен Екібастұзды, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының моно-қалаларын мысал ретінде айтты. Бұл ретте, Президент оң даму көрсеткіштері бар мысалдардың көп емес екенін атап өтті.

– Жалпы моноқалаларды дамытуда теңгерімнің жоқтығы айқын көрінеді. Моноқалаларды әлеуетіне қарай негізгі үш топқа бөлген жөн деп санаймын. Бұл мәселеде мейлінше прагматик болу қажет. Өзімізді-өзіміз алдауға және тұрғындарды шатастыруға хақымыз жоқ. Қандай да бір қаланы қолдау шаралары дұрыс жасалған талдауға тікелей байланысты, – деді Президент.

- Біз өнеркәсіптік моноқалалардың көптеген тұрғындары жұмысшы және инженерлік мамандықтар бойынша білікті әрі тәжірибелі екенін білеміз. Мемлекеттік тұрғын үй саясаты шеңберінде дамуы төмен қалалардың азаматтарына жеке тарау енгізу керек. «Отбасы банкі» арқылы алғашқы жарнасы 10%-ды құрайтын, жылдық өсімі 2-5% деңгейінде болатын жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама ұсыну қажет. Үкімет әкімдіктермен бірлесіп осы бастаманы іске асырудың жолдарын жан-жақты талқылап, қажетті қаржыны есептеп шығаруы тиіс. Бұл шараны дамуы төмен шағын қалаларда іске қосу керек. Қоныс аударушыларды қабылдайтын қалаларды да анықтау керек. Біздің даму мүмкіндігі аз моноқалалардың тұрғындарын тағдыр тәлкегіне қалдыруға құқымыз жоқ. Бұл мәселе күрделі, әсіресе адамдарды үйренген қаласынан, үйренген орнынан көшіп келуге көндірудің өзі психологиялық тұрғыдан алғанда қиын, яғни үлкен түсіндірмелік жұмысты қажет етеді, - деді Президент. Мемлекет басшысы Үкіметке әкімдіктермен бірлесе отырып, барлық моноқалаға тиісті талдау жасауды тапсырды. Онда әзірленіп жатқан Аумақтың даму жоспары мен Өңірлерді дамыту жоспарлары ескерілуге тиіс. Президент осы жұмысты 2022 жылдың 1 наурызына дейін аяқтауды міндеттеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев шалғайдағы ірі моноқалалар мен еліміздің өзге өңірлері арасындағы стратегиялық көліктік байланыстарды қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

DSC_2062.jpg

– Мен Нұр-Сұлтан – Алматы тас жолының құрылысын 2023 жылы аяқтауға тапсырма бердім. Бұл жол – Балқаш қаласының әлеуетін айтарлықтай арттырады. Еліміздің Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы қарқынды жүк тасымалы, халықаралық транзит, сондай-ақ бірегей Балқаш көліне қарай ағылған туристердің легі оның ұзақ мерзімді экономикалық өсімін қамтамасыз етеді. 2024 жылы Жезқазған – Қызылорда тас жолының құрылысы аяқталуға тиіс. Бұл Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының сауда-көлік байланысын күшейтуге және жүк транзитін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Президент. Президент моноқалалардың экономикасын әртараптандыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған негізгі жобалардың маңызды рөліне тоқталды.

– Үкімет құны 2 триллион теңге болатын 79 жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл 20 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бірақ үш моноқалада негізгі жобалар тоқтатылса, Ақсай қаласында бұл жобалар толық іске асырылмаған. Бұл ретте Текелі, Хромтау, Рудный, Ақсай қалаларында жағдай мәз емес. Тұрақты жұмыс істеп тұрған негізгі жобалардың шамамен
75 пайызы 2017 жылға дейін іске қосылған. Бүгінде моноқалалар бойынша ұсынылған 30 жоба әзірге жоспар күйінде қалып отыр. Олардың басым бөлігінің жоспарлануы он жыл бойы созылып келеді. Ақмола, Ақтөбе және Алматы облыстарында мүлдем жоба жоқ. Батыс Қазақстан облысында бір ғана жоба жоспарланған. 19 жаңа жобаның 14-і немесе 75 пайызға жуығы Павлодар және Қарағанды облыстарына тиесілі, – деді Мемлекет басшысы. Президент моноқалаларға жақын жерлердегі жер қойнауларына геологиялық зерттеу жүргізу басты міндеттің бірі екенін айтты.

– Ең алдымен, Риддер, Хромтау, Жезқазған, Теміртау және Балқаш моноқалаларының аумақтарындағы перспективасы бар 7 учаскеге көңіл бөлген жөн. Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының маңында мыстың игерілмеген ірі кен орындары бар. Салық тәртібі қолайлы әрі тұрақты болса, жер қойнауын пайдаланушылар геологиялық барлауды белсенді жүргізуге және кен орындарын игеруге дайын. Бұл көптеген моноқалаға жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы. Мемлекет басшысы еліміздің отын-энергетикалық орталығы саналатын Екібастұз қаласын дамыту стратегиясына арнайы тоқталды.– 2023 жылы МАЭС-1 энергоблоктарын жаңғырту жұмыстарын аяқтау өте маңызды. МАЭС-2-нің үшінші блогының құрылысын аяқтау қажет. Жұмыс созылып кетті. Алдымызда электр қуатының тапшылығына қатысты мәселе туындайтыны байқалады. Құрылысты 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын, – деді Президент.

Шұғыл шешілуі керек

Кеңес барысында Президент моноқалаларды дамыту мәселесімен қатар өңірлердің әкімдері мен Үкімет мүшелерінің назарын жедел әрекет етуді талап етіп отырған бірқатар өзекті мәселеге аударды. Мемлекет басшысы инфляция деңгейінің артуын бірінші мәселе ретінде атап өтті.

– Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 10,4 пайызға қымбаттады. 9 айдың қорытындысы бойынша инфляцияның жалпы өсімі 8,9 пайызды құрады. Егін жинау науқаны аяқталғанымен, көкөністердің бағасы шарықтап тұр. Басқа да азық-түлік тауарларының бағасы қымбаттап барады. Менің тапсырмам бойынша делдалдық әрекеттерді анықтау жөніндегі аймақтық комиссиялар құрылды. Ал шын мәнінде, ештеңе істелмеген. Нәтижесін мен де, халық та көріп отырған жоқ. Президент Әкімшілігі осы мәселені зерттеп, бір апта ішінде есеп беруі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға да тоқталды.

– Халыққа екпе салу жоспарының тек үштен бір бөлігі орындалуда. Әлемде толассыз анықталып жатқан жаңа штаммдарды ескере отырып, мұның дұрыс емес екенін айтуға тиіспіз. Мемлекеттердің басым бөлігі тұрғындарға вакцинаны қайта салуға кірісіп кетті. Екпе егуді наурыз айында қолға алғанымызды ескере отырып, біз үшін де қайта вакцина салу уақыты келді деуге болады. Үкімет пен әкімдер тұрғындарды қайта вакциналау науқанына кірісуі керек, – деді Президент. Еліміздегі жанар-жағармай тапшылығы – өзекті мәселе. Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай өңдеу көлемінің артқанына және мұнай өңдеу зауыттары жаңартылғанына қарамастан, Үкімет пен «Самұрық-Қазына» Қоры мұнай өнімдерінің тапшылығына жол бергенін айтты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы мұнай өңдеу зауыттарын жаңартудың сапасына наразылық білдірді. Бұл салаға 2 триллион теңге бөлінсе де, мұнай өңдеу зауыттарының жұмыстарын жоспардан тыс тоқтату әлі күнге дейін жалғасып келеді. Президент ауыл шаруашылығын тиімді субсидиялау мәселесіне тағы да тоқталып, соңғы 5 жыл ішінде бұл мақсатта 2 триллионнан астам теңге бөлінгенін атап өтті.

– Нәтижесінде не көріп отырмыз? Бюджет қаражаты лезде жоқ болады, олардың жұмсалуы бойынша бірыңғай бақылау қойылмаған. Нақты экономикалық пайда да жоқ. Нарықтарымызда көршілес елдердің ауыл шаруашылығы өнімі басым. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне прокуратурамен және басқа да органдармен бірлесе отырып, осы салаға кешенді талдау жүргізуді тапсырдым. Бұл мәселеге жұртшылық пен аграрийлерді тарту қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Субсидиялау мәселесіне қатысты сыбайлас жемқорлық пен ақша жымқыру фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының басшысы Марат Ахметжанов егжей-тегжейлі баяндады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жуырда Алматы облысының Пенжім елді мекенінде болған оқиғаға тоқталып, қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау және нығайту мәселесіне назар аударды. «Мұндай арандатушылар еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруде. Сондықтан осы оқиғадан дұрыс шешім шығаруымыз керек», – деді Президент. Мемлекет басшысы қоғамда түрлі этностар мен конфессиялар өкілдерінің тату көршілік және бейбіт қатар өмір сүру дәстүрін нығайту, жоғарыда аталған оқиғаларға мән беру алгоритмдерін әзірлеу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, еліміздің бірегейлігіне, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы нұқсан келтіруге және ұлттық қауіпсіздікке зиянын тигізуге бағытталған кез келген әрекеттерге құқық қорғау органдары тарапынан шара қолданылатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, мемлекеттік аппарат – мемлекетті басқарудың негізі екенін атап өтіп, олар жауапкершілік алып, ең күрделі жұмысты орындауы тиіс деді. Сонымен қатар кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы «ERG» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек және Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой баяндама жасады. Жиын соңында Павлодар облы-сының әкімі Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады, сондай-ақ Екібастұз қаласын дамытудың негізгі жобалары туралы презентация жасады.

- Екібастұздағы кеңесте Президент моноқалалардың жаңартуды қажет ететін инфрақұрылымына жеке тоқталды. Екібастұз да қалыс қалған жоқ. Сондықтан біз Жоспардың жеке бағытын қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға арнадық. Сумен және жылумен жабдықтау бойынша 11 жоба, 160 километрден астам жолды реконструкциялау, 200 мың шаршы метр тұрғын үй салу, 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізу, «Шахтер» паркін реконструкциялау, сондай-ақ, қосымша білім беру, мәдениет, спорт объектілерін салу және тағы басқалар. Егер жоспардың көптеген блоктары негізінен жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылса, ТҮКШ және әлеуметтік сала мәселелеріне қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Біздің міндетіміз – Екібастұзды заманауи, жайлы инфрақұрылымы бар экономикалық әртараптандырылған қалаға айналдыру. Біз бірлесіп алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін! - деді кейін бұл жөнінде облыс әкімі Ә.Сқақов Инстаграм парақшасында.

 

Жастардан жауапкершілік күтіледі

 

kz1-4469-2.jpg

Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттік жастар кадр резервінің осы өңірдегі өкілдерімен кездесті. Президенттік жастар кадр резервінің бірқатар өкілі, атап айтқанда, Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко және «Екібастұз МАЭС – 2» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Сүйентаев Мемлекет басшысының алдында сөз сөйлеп, беріліп отырған мүмкіндік үшін алғыс айтты. Олардың айтуынша, Президенттік жастар кадр резервін құру, ауыл әкімдерін сайлау сияқты бастамалар жастарға жол ашып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев жастардан өңірдегі өзекті мәселелер туралы сұрап, кадр резервінде болудың жауапкершілігін атап өтті.

– Жастар кадр резерві дегеніміз – мемлекеттің резерві. Мәселе үлкен бастық болуда емес, резерв өкілі болудың мәні – ел үшін аянбай еңбек етуде. Мемлекеттің дамуы жолында өздеріңіздей мамандар қажет. Біз бүгін осы өңірдегі және еліміздегі түйткілді мәселелерді ашық талқыладық. Соны жүзеге асыруға сіздердің көмектеріңіз қажет болады. Барлық бастамаларыңыз-
ға табыс тілеймін, – деді Қазақстан Президенті.

 

Екібастұз - теміржол кластері орталығы

 

DSC_8446.jpg_2.jpg

Жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы өңірдегі ірі теміржол жасау саласындағы кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен «Проммашкомплект» теміржол дөңгелектерін шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Мемлекет басшысына өндіріс барысы көрсетіліп, жұмысшыларды әлеуметтік қолдау шаралары, кәсіпорынның экспорттық әлеуеті мен одан әрі жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді. 2012 жылы салынған зауыт 700-ден 1250 мм-ге дейінгі әртүрлі диаметрлі және дискілі конструкциядағы темір жол дөңгелектерін шығарады. Зауыт жылына 300 мың дана өндіруге қабілетті. Компанияда 750-ге жуық адам жұмыс істейді. Бұдан кейін Президент серпінді клеммалар мен бұрандалар шығаратын «Ферротранстрейд» зауытын іске қосты.

KZ1_4707.jpg_2.jpg

– Бүгінде Екібастұз еліміздің теміржол машина жасау орталығына айналды. Қала кәсіпорындары өнеркәсіп өнімінің 73 пайызын құрайды. Олар жыл сайын теміржол саласына қажетті
85 миллиард теңгенің өнімін шығарады. Оның 70 пайызы экспортталады. Бүгін ТМД елдерінде баламасы жоқ «Ферротранстрейд» зауыты іске қосылды. Бұл жерден халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін компоненттерді шығарады. Жаңа өндіріс толық күшіне енгеннен кейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы терминалдар мен бұрандаларды импорттамайтын болады. Кәсіпорын отандық машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыратынына сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы кәсіпорынның өнімдерінен жасалған көрмені аралап, зауыттың еңбек ұжымымен кездесті. Бұл жерде 160 адам жұмыс істейді. Зауыт жылына рельс бекітетін 3 миллион жинақ және 4,5 миллион дана полимерлі төсеу құралын шығарады. Президентке теміржол сала-сындағы өнеркәсіптің жетістіктері мен перспективалары туралы ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді. Бұл кәсіпорындар теміржол саласындағы еліміздің шикізаттық емес экспортының үлесін айтар-лықтай арттыруға мүмкіндік береді. Президент облыстың әлеуметтік және экономикалық саласындағы оң өзгерістермен таныса келе, алда тұрған міндеттер бойынша ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын айтып, тиісті тапсырмалар берді.

 

akorda.kz сайтының мәліметтері бойынша әзірленді.

Суреттер akorda.kz сайтынан алынды.

 


Количество показов: 1982

Возврат к списку