Шарапатпен салынған шырақшы үйі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Шарапатпен салынған шырақшы үйі 07.10.2021

Шарапатпен салынған шырақшы үйі

Ақкөл-Жайылмадағы Исабек ишанның кесенелік кешенінің жаңғыртылғанына тура он жыл өтіпті. «Атам зиратының» басында игі істер мұнымен тоқтап қалған жоқ. Алдыңғы жылдары мұнда жарықтандыру мәселесі шешілсе, жуықта шырақшы үйі пайдалануға берілді. Ендігі жерде қонақ үй салу жоспарда бар. Оған Ақкөл ауылындағы музей көшірілмек. Бастысы - жол проблемасы. Екібастұз әкімдігі бұл істе сең қозғалғанын айтып, үміт шоғын маздатқандай болды. Іске сәт!

Оралхан ҚОЖАНОВ

Имандылықты насихаттаған Исабек ишанның аты күллі мұсылман жұртына мәшһүр. ХІХ ғасырда Ақкөл-Жайылмада діни орталықты құрып, төңіректегі қалың елге ислам дінінің шуағын таратқаны ақиқат. Оның өмірбаяны, ғибратты ғұмыры жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Біз кесене басындағы игі істерге тоқталмақпыз. Өткенге көз жүгіртсек, 2010 жылы Исабек ишан қоғамдық қоры құрылған болатын. Оны қоғам қайраткері Зекен Құсайынов басқарды. Одан бөлек, қамқоршылық кеңесі мүшелері бекітіліп, Ерлан Арын, Абызбай Адамов (марқұм), Әбілқақ Түгелбаев, Мұхит Омаров, Серікбай Бояубаев, Жұмабек Қамзин сияқты іскер азаматтар қатардан табылды. Қор жайлы тегін сөз қылып отырғанымыз жоқ. Қордың жұмысы дұрыс жолға қойылғандықтан болар, кесене басында игі істер жүйелі жалғасын табуда. Әйтпесе, қордың шаруасын реттеу де оңай шаруа емес. Бұл – үлкен жауапкершілік. Исабек ишан сияқты қасиетті жанның атына қор ашып қойып, үнсіз жатудың өзі қылмыс жасағандай қуысқа тығылу емес пе? Осы ретте, қордың жұмысын жандандырып жүрген аптал азаматтардың ерен еңбегін атап өткен жөн. 2011 жылы кесенені тұрғызу үшін Маңғыстау өңірінен арнайы ақ тастар әкелінгені белгілі. 90 күннің ішінде Ермұхамбет Әлиев бастаған шеберлер үлкен шаруаны тындырып үлгерді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, кесененің құрылысына өңірімізге танымал меценаттар Алмаз Ибрагимов пен Тасболат Әбғожинов көп көмек көрсеткен. Сол жылы Қылдыкөлде қамқорлық кеңесі мүшелерінің қаражатына тәу етуге келген азаматтарға қонақ үй салынғанын да атап өткен жөн. Сол уақытта қайғы-қасіретінен арылу, сырқатынан айығу үшін тәу етіп келетін кісілерге қызмет көрсететін шырақшыны табу мәселесі алдан шықты. Жасыратыны жоқ, жапан далаға өркениет көшінен қол үзіп, кім барғысы келеді дейсің. Тақуалық туралы әңгіме осындай кезде айтылса керек. Көпшіліктің қуанышына орай, қожалардың жалғасы Ерғали Әбсаттаров жауапкершілігі мол істі қолға алуға бел буыпты. Айтпақшы, Исабек ишанның шөбересі Жандарбек ата көзі тірісінде Ерғалиға батасын берген көрінеді. Содан болар, шырақшы әлі күнге дейін тәу етуге келген тұрғындарға қызмет көрсетіп, маңызды миссияны мүлтіксіз орындауға барын салуда. Жоғарыда жаңадан шырақшы үйінің салынғанын жаздық. Оның да кішігірім тарихы бар екен. «Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан» демекші, көпшілік қауым Ерғали шырақшыға отбасын құруды жиі айтып жүрген. Мұны достығы жарасқан Жұмабек Қамзин мен Тасболат Әбғожинов та әрдайым есіне салып отырған. Тіпті, «үйленетін болсаң, Қылдыкөлдің басында үй салып береміз» деген уәде де беріліпті. Көптің дұғасы қабыл болып, Ерғали шырақшы Алмаз Ибрагимовтің демеушілігімен қажылық парызын өтеп, үш жыл бұрын шаңырақ көтерді. Енді мына қызықты қараңыз. Шаңырақтың берекесін арттыруға серт берген келін Исабек ишанның досы Бекбау атаның ұрпағы болып шықты. Бір жарым ғасырдан кейін Қылдыкөлде сүйегі асыл аталардың ұрпақтары неке қиюы тегін емес-ау. Бәлкім, бұл - қос әулиенің өсиеті ме екен, кім білсін?! Уәденің аты - уәде. Биыл жазда карантиндік ахуалға қарамастан Жұмабек Қамзин, Зекен Құсайынов, Қуаныш Кәрімов сияқты азаматтар кеңес құрып, шырақшы үйін салу ісін мықтап қолға алады. Бұл ұсынысты сөзге келмей ағайынды Тасболат және Бекболат Әбғожиновтар да бірауыздан қолдайды. Олар демеушілік ретінде 26.000 дана кірпіш үлестіріпті. «Көп түкірсе – көл» демекші, игі іске атсалысқан әр азаматтың атын атап, түрін түстесек артық емес. Мәселен, алғашқылардың бірі болып Қазақстан электролиз зауытының директоры Серік Дөңбекбаев оң қабақ танытып, 40 футтық контейнер, құрылыс материалдарын табыстап, қала берді, тас қалаушыларды да үйдің іргесін қөтеруге жұмылдырған. «Гидропром» құрылыс компаниясының басшылары Сергей Рязанцев пен Исламбек Құлтуманов цемент, кірпіш және өзге де құрылыс материалдарын, құрылғыларын, құны 2 миллион 500 мың теңге тұратын жылу құбырын беріпті. Жандарбек ата мешітінің құрылысына демеушілік көрсеткен Сұлтан Мүрсәлімов үйдің жапқыш плиталарын әперген. «Құрылыс» компаниясының басшысы Нұрлан Темірболатов 7 бөлме есіктерін сыйласа, «Жәрдем» серіктесігінің басшысы Серік Ахметов 7 пластикалық терезелерді сыйға тартқан. «Тепловик-Астана» ЖК басшысы Серік Түгелбаев жылу пешін, өзге де қажетті қосалқы бөлшектерді беріп, тіпті Нұр-Сұлтан қаласынан қоластындағы бригадасы арнайы келіп, қондырғыларды орнатты. Павлодар мен Екібастұз қалаларынан құрылыс материалдарын жеткізуде Серік Жұмалиевтің еңбегі зор. Өздерінің жүк көліктерімен құм, қож, қиыршық тас тасымалдауға Ысқақ Аханов пен Тахир Ибрагимов те белсенді атсалысты. «Газель» автокөлігін тізгіндеген Нұрланбек Кеңесбаев пен Марат Сарбасовтың де еңбегі өлшеусіз. Құрылыс жұмыстары жүргі-зілген уақытта сенбілік жиі ұйым-дастырылып тұрды. Бұл ретте, Екібастұздағы МАЭС-1 және МАЭС-2 кәсіпорындарының басшылығы қажетті техникалармен қамтамасыз етіп, тазалық шарасына адамдарды жұмылдырды. Аталған стансалардың менеджерлері Ғалымбек Әутәліповке, Ардақ Қайырбаевқа, МАЭС-2 кәсіпорнының жетекші инженері Виктор Гармоновқа, «ҚазСуШар» кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалының басшысы Жұмагелді Қожановқа көпшіліктің алғысы шексіз. «Sagan-сolor» фирмасының басшысы Ұрысхан Мержоев бояулармен қамтыса, «Стальмонтаж» серіктестігінің басшысы Александр Терентьев, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-ның басқарма төрағасы Муслим Махмудов, «Екібастұзкоммунсервис» кәсіпорнының басшысы Жанат Тілеуберлина қажетті техникалармен көмектескен. Павлодар ауданының әкімі Ержан Иманслям, Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов та зор қолдау танытқан. Қ.Арынов арнайы кесте бекітіп, Жалаулы, Қожамжар, Басқамыс, Жолболды, Ақжол, Барлыбай, Мүткенов, Шұға және Өтес ауылдарының тұрғындарын сенбіліктерге жұмылдырған. Жергілікті ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері, сол кездегі басшысы Дархан Дощановтың еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Ержан Иманслям болса, қонақ бөлмеге жиһаз сыйлады. Ақкөл-Жайылмаға көршілес жатқан ауылдардың әкімдері де тасада қалған жоқ. Ақкөл ауылының бұрынғы әкімі Бахтияр Артаевқа, Жанат Ибраевқа, Ақкөл ауылының әкімі болып жаңадан сайланған Ерлан Қабылтаевқа құрылысшылардың алғысы шексіз. Осы орайда, Ақкөл, Төртүй, Өлеңті, Ақши, Қаражар, Зеленая роща, Жақсыат, Мыңтомар, Көксиыр ауылдарының тұрғындары да ұйымшылдықтарын танытып, бір кісідей атсалысты. Олар күн-түн демей құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуіне жәрдемдесті. Айтпақшы, тұрғындардың асар танытуының арқасында 10х10 болатын үйдің қабырғасы 7 күннің ішінде тұрғызылған! Тимур Смағұлов бастаған «Margulan Centre» орталығының археологтары «Еріктілер» жастар бағдарламасы шеңберінде сенбіліктерге атсалысып, аспашамдар табыс етті. Есіктер мен терезелерді орнатуға, үйдің ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізуге Талғат Мұсабеков атсалысқан. Қылдыкөлдің басында шырақшы үйі салынып жатыр дегенді естіген қарапайым тұрғындар да игі істен қалыс қалмай, қаржылай көмектерін көрсетіпті. Кейбірі бір айлық зейнетақысын да аударыпты. 100-150 мың көлемінде қаржылай қолдау танытқандардың қатарында Нұргүл Айтқұлова, Ботагөз Қабылбекова, Қымбат және Ермұрат қажы Қамзиндер, Арман Ағыбаев, Темур Жүкенов, Сәуле Көпбергенова (туысқандарымен), Анар Байғабылова, Маржан Имятова, Қайрат Сунтаев, Азамат Жансейітов (достарымен), Олжас Әкімбеков бар. Сауабы мол істі ұйым-дастырушылардың бірі Жұмабек Қамзиннің айтуынша, шырақшы үйінің іргетасын өткен Ораза айт күндерінде үлкендердің батасымен, дұғамен бастап, нысанды 63 күннің (Пайғамбар жасы) ішінде салуға серттескен. Үйдің қабырғасын тұрғызу үшін құрылысшылар қатарынан 7 күн еңбектенген. Ал қалған жұмыстар демалыс күндері ғана жалғасқан. Ыстық ауа райына, кесенелік кешеннің шалғай орналасуына қарамастан, құрылыс жұмыстары әу баста меже ретінде таңдалған 63 күннің ішінде аяқталған. Қасиетті сан демекші, 2000 жылы ағайынды Әбғожиновтардың демеушілігімен бой көтерген Ақкөл ауылындағы мешіт те 63 күнде салынған екен. Ал 2011 жылы кесене аумағында құдық салынып, Т.Әбғожинов қасиетті Мекке қаласынан 63 литр зәм-зәм суын әкеліп, құдыққа ырымдап құйған. Сол жылы кесене аумағында тәу етушілерге арналған мешіттің құрылысы 40 күннің ішінде (Пайғамбарлық қонған жас) аяқталған болатын. Енді, міне, көпшіліктің қолдауымен шырақшы үйі де қасиетті сандарға негізделіп, бой көтеріп отыр. Аллаға мың шүкір! Жоғарыда кесене басында жарықтандыру мәселесі шешілгенін жаздық. Бұл проблема облыстық «Saryarqa samaly» газетінде журналистердің белсенділігімен бірнеше мәрте көтерілген болатын. Тілшілердің еңбегі еш кетпеді. Билік тарапы аталған мәселеге назар аударып, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шешімін тапты. Десе де, кесенеге жасаған сапар барысында электр жарығының қуаты төмен екенін естідік. Алдағы уақытта жаңа нысандар салынса, барлығына бірдей жарық жетпеуі әбден мүмкін. Одан басқа проблемалар да аз емес. Таза ауызсу мен жолдың жайы - жауыр болған түйткілдер. Соңғы жылдары Мәшһүр Жүсіп кесенесі аумағында инфрақұрылым жұмыстары жүйелі жалғасуда. Ал Мәшекеңнің ұстазы болған Исабек ишанның кесенесінде қашан өркениет өріс алады?

 

Екібастұз қаласы, Ақкөл ауылдық аймағы.


Количество показов: 520

Возврат к списку