Шарбақтыда берекелі іс көп

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  274

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  261

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  265

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  261

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  271

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  258

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  298

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  299

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  294

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  321

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  309

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  321

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  307

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  335

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  334

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  431

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  392

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  395

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  476

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  487

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  418

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  479

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  466

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  423

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  479

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  427

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  657

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  555

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  569

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  547

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  554

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  544

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  487

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  542

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  571

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  671

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  593

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  665

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  660

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  656

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  642

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  671

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  640

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  727

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  769

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  765

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  722

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  713

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  728

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  744

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  933

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  960

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  846

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  729

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  823

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  741

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  791

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1016

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1010

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  964

06.02.2021

Шарбақтыда берекелі іс көп

Инвесторлардың көмегі мол

Кез келген басшының басты міндетінің бірі – инвестиция тарту. Соңғы уақытта Шарбақты ауданының әкімдігі осы саланы мықтап қолға алғаны байқалады. Мәселен, өткен жылы  негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7 млрд. 448 млн. теңгені құраған. Аудан әкімі Әзілхан Әбеуовтің айтуынша, ауданда жеке инвесторлар саны жыл санап артып келеді.
- Былтыр атқарылған ірі жобалардың басым бөлігі жеке кәсіпкерлердің инвестициялары есебінен жүргізілді. Мәселен,  бір ғана «Победа» ЖШС-нің салған қаржысы   1 млрд. теңгені құрады. Ол қаржыға көкөніс қоймасы салынып, жаңадан ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтары сатып алынды. Бұдан бөлек, «Шарбақты Бидай Терминалы» мен «Медеу К» ЖШС-терінің белсенділін атап өту керек, - дейді Ә.Әбеуов.
Аудан басшысы инвесторларды тарту жұмысы биыл да жалғасатынын айты. Тіпті бұл мақсатта бірқатар жұмыстар жүргізіліп, жоспарлар бекітілген. Жалпы алғанда ағымдағы жылы жеке инвестиция-лардың көлемі 7 млрд. теңгеден асады деп күтілуде.

Ауыл шаруашылығы - басты сала

Шарбақты ауданының экономикалық дамуының ең негізгі бағыты - ауылшаруашылық саласы. Аудан әкімінің айтуынша, бүгінде мұнда 430 серіктестік пен шаруа қожалығы жұмысын дөңгелетіп отыр. Онда кемі 2 мың адам тұрақты еңбекпен қамтылған. Жалпы, ауданда ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен 19 цех айналысады. 
Былтыр ауданда 25,1 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,6 млрд. теңгеге артық. Мұнда сүт өнімі - 44 мың 909 тонна, ет - 7 мың 339 тонна, жұмыртқа  74 млн. 240 мың дананы құрады. Сонымен қатар, 2020 жылдың соңында «Абай» ЖШС Біріккен Араб Әмірліктеріне қой етін импорттау бойынша 5 айға келісімшарт жасасып, қазіргі уақытта «Абай» ЖШС брендімен ет жеткізілімдері басталды.
Аудан басшысының сөзіне сүйенсек, былтыр 1 ЖШС мен 13 шаруа қожалығы өз жұмысын бастаған. Жалпы, ауыл шаруашылығын дамыту бағыты бойынша барлық қолдаулар жасалған. Мәселен, «Рассвет» несие серіктестігі арқылы 462 млн. 
теңге көлемінде  жеңілдетілген несиелер берілген. 
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, көктемгі егіс жұмыстарына қажетті жанар-жағармайдың бағасының литрін 165 теңгеге дейін төмендеттік. Бұл нарықтық бағадан 15%-ға төмен. 2020 жылы мемлекет тарапынан ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 535 млн. теңге көлемінде субсидия төленді. Оның ішінде егін шаруашылығына 241 млн. теңге (2019 жылы - 176 млн. теңге), мал шаруашылығына 294 млн. теңге (2019 жылы 557 млн. теңге) бөлінді. Ал мал өсірушілер 423 млн. теңгенің субсидиясына қол жеткізіп, асыл тұқымды мал санын арттыруға мүмкіндік алды, - дейді Әзілхан Кәріғұлұлы.
Өңірде мал шаруашылығын дамыту бойынша да бірқатар ірі жобалар қолға алынған. Мәселен, 2019-2023 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын жасау барысында мал басын 27 мыңнан 40 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. Бүгінде бұл жоспар да өз деңгейінде іске асуда. Тіпті, «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасына жүгініп, кәсібін кеңейтетіндер саны артқан. Өткен жылдың соңында осы бағдарлама аясында 200 бас ірі қара және 970 бас ұсақ мал сатып алынған. 

Жолдарды жөндеу жалғасады

Ауданда қолға алынған басым бағыттың бірі - автожолдарды реттеу. Өткен жылы мұнда 71 шақырым автомобиль және 10 шақырымнан астам ауыл ішінің жолдары жөнделген. Жалпы, барлық жолдардың ұзындығы 429 км.-ді құрайды. Оның 275-і - аудандық  маңызы бар жол. 
- «Нұрлы жол» жобасы аясында Шарбақты-Галкин аймақтық жолының 30 шақырымына және республикалық жолда облыс орталығына дейінгі ұзындығы 38 шақырымды құрайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Маралды көліне апаратын жолдың кіре берісіндегі 3 шақырым да ретке келтірілді. Бұдан бөлек, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге 194 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді, - деді ол. 
Ал 2021 жылы тағы 53,5 шақырым жолды орташа жөндеу жоспарлануда. Мұнда Маралды-Жылыбұлақ арасындағы 10 шақырым мен Красиловка (23 км), Сахновка (8,8 км) ауылына кіре берістегі жолдарды орташа жөндеу жоспарлануда.  

Әлеуметтік нысандар жаңарды

Былтыр «Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының шапағатын көрген шарбақтылықтар дән риза. Мәселен, аталған қос бағдарлама аясында ауыл жолдарынан бастап, талай жыл жөндеу көрмеген ғимараттар жөнделіп, жаңа келбетке ие болды. Сондай нысанның бірі – Александровка ауылындағы жалпы орта білім беретін мектеп. Оның жөндеу жұмысына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 61 млн. теңге қаржы бөлінген. Оған мектептің қасбетінен бастап, электр желісі, сыныптардың терезесі мен есіктері ауыстырылып, едені сырланды. 
- Бұдан бөлек, осы ауылдағы «Балапан» балабақшасына да күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Мұнда да ғимараттың қасбетінен бастап, заман талабына сай жаңарды. Негізі бұл балабақшаға соңғы рет 2005 жылы жөндеу жұмысы жүргізілген екен. Жалпы ауданда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы негізінде 11 ауқымды жоба қолға алынған болатын, - дейді аудан басшысы. 
Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 8 жоба қолға алынған. Осының нәтижесінде ауданда 88 жұмыс орны ашылып, тұрғындар еңбекке тартылған. Айлық еңбекақысы - 85 мың теңге. Аталмыш бағдарлама негізінде «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне» ағымдағы жөндеу жүргізіліп, ондағы жүзу бассейні де жаңартылған. Бұдан бөлек, Галкин орта мектебі, №5 «Шарбақтыдағы мамандандырылған мектеп-интернатының» іші жөнделсе, Хмельницкийдегі ауылдық мәдениет үйі мен «Орталық кітапхана» ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген. 
- Аудан тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы біздің жіті бақылауымызда. Сонымен қатар, ауылдың гүлденуі үшін, мұнда жас мамандарды көптеп тарту үшін де жұмыстар атқарылуда. Соңғы уақытта тұрғындарды таза ауызсумен қамту мәселесі оң шешімін тауып отыр. Бүгінде аудан халқының 90 пайызы таза ауызсумен қамтылған. Өткен жылы ауданның 9 елді мекен таза ауызсумен қамтылды. Ауданның 3 ауылында - Есілбай, Красиловка және Шегіренде су құбырының құрылысы аяқталды. Биыл Малиновка, Сахновка, Сынтас ауылдарына су құбырының құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленді. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде, біз халықтың 100 пайызын таза ауызсумен қамтамасыз етеміз, - деді Ә.Кәріғұлұлы. 
Қазіргі таңда ауданда 179 адам үй кезегінде тұр. Оларды баспанамен қамту мақсатында орталықта бос тұрған ғимараттарды қайта жаңарту көзделуде. Яғни, бос тұрған 3 қабатты ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, 27 пәтерлі тұрғын үйге айналдырмақ. Міне, осылайша, аудан басшылығы 2025 жылға дейін тұрғын үй салудың ұзақ мерзімді жоспарын жасаған.
Баспаналы болды

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты бойынша Шарбақтыға көшіп келіп жатқан отбасылар аз емес. Өткен жылы мұнда еліміздің Оңтүстік өңірінен және шеттегі қазақ отбасылардан биыл 41 отбасы, яғни 170 адам қоныс аударған. Оның 68-і - бала, бесеуі - студент, біреуі - мүмкіндігі шектеулі адам және үшеуі - зейнеткер. Көшіп келушілер арасында ауданға қажетті мамандар бар. Мәселен, мұғалім, дәрігер, жүргізуші, ауылшаруашылық маманы (механизатор), механик, аспаз, шаштараз, тігінші, тәрбиеші, хореограф, музыка, құрылыс маманы, заңгер, есепші, дәнекерлеуші, бағдарламашы, кондитер, энергетик бар. Көшіп келушілердің көбі Галкин, Шегірен, Есілбай, Шарбақты ауылдарына қоныстанған. 
- 2020 жылы ауданға көшіп келушілердің әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында бірқатар істер атқарылғаны белгілі. Соның бірі – баспанамен қамту. Осы мақсатта ауданға көшіп келетін отбасыларға арналған үйлердің құрылысы басталып, жылдың соңын-
да қолданысқа берілген болатын. Атап айтқанда, Александровка ауылында 4 пәтерлі 2 үй, Шарбақты ауылында 16 пәтерлі 8 үй және үш қабатты, 27 пәтер тұрғын үй салынды. Соның ішінде Шарбақты ауылы Тәуелсіздік көшесі мен Әбенов көшесіндегі 8 пәтерлі 4 үй көшіп келушілерге берілген еді. Қалған үйлер де  кезекте тұрған көшіп келушілерге берілді, - деді аудан әкімі. 
Шарбақты аумағына 2017-2020 жылдар аралығында шет елдерден және оңтүстіктен 82 отбасы, яғни 345 адам көшіп келген. Қоныс аударған 16 адам бүгінде жеке кәсібін бастаса, 24 қоныстанушы үш жылға 240 мыңнан  530 мың теңге аралығындағы мемлекеттік гранттарға ие болған.
Ал биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында ауданға көшіп келген отбасыларға арнап Шарбақты және Александровка ауылында 20 жаңа пәтер салу жоспарлануда.

Жас мамандарға қолдау бар

Соңғы жылдары ауданға «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы аясында ат басын бұрған жастардың саны артқан. Соның ішінде медицина саласының мамандары да бар. 2020 жылы ауданға 8 медицина саласының маманы келген. Оның 6-ы дәрігер. Мұнда  педиатр, хирургтан бөлек 4 фельдшер бар. Медицина саласының жас мамандарын ынталандыру мақсатында 8 жас дәрігерге 500 мың теңгенің гранты табыс етілген. 
Айта кетелік, Шарбақты ауданына өткен жылдың соңында заманауи үлгідегі технологиямен жабдықталған жылжымалы медициналық кешен берілген болатын. Бұдан бөлек, аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілсе, Есілбай ауылындағы медициналық пункт жөнге келтірілген. 
Бұдан бөлек, биыл ауданда туризм саласы да оң жолға қойылмақ. Мәселен, Маралды көлінде туристік демалыс аймағын дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған тұжырымдамасы жасалған. Бұл жобаға жалпы сомасы 150 млн. теңге бөлінбек.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ


Количество показов: 457

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  274

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  261

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  265

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  261

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  271

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  258

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  298

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  299

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  294

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  321

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  309

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  321

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  307

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  335

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  334

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  431

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  392

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  395

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  476

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  487

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  418

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  479

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  466

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  423

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  479

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  427

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  657

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  555

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  569

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  547

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  554

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  544

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  487

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  542

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  571

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  671

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  593

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  665

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  660

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  656

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  642

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  671

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  640

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  727

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  769

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  765

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  722

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  713

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  728

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  744

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  933

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  960

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  846

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  729

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  823

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  741

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  791

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1016

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1010

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  964