Шаруаның игі ісі – елдің ырысы

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  422

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  410

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  419

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  406

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  417

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  400

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  467

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  438

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  437

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  483

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  452

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  485

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  449

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  493

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  510

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  569

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  534

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  541

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  639

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  649

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  560

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  640

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  629

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  568

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  642

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  567

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  815

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  720

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  730

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  707

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  715

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  735

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  629

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  702

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  728

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  839

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  732

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  833

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  825

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  824

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  803

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  818

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  781

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  891

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  932

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  932

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  874

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  867

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  880

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  884

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  1142

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  1113

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  1010

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  872

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  1017

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  880

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  938

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1174

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1163

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  1127

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы 18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы

Биылғы жылды облыстың ауыл шаруашылығы саласы жоғары көрсеткіш-термен аяқтағалы отыр. Соңғы 30 жылда алғаш рет 1 млн тоннадан астам дәнді дақылдар жиналды. Картоптың да түсімі мол. Агроөнеркәсіптің өндіріс көлемі бойынша елімізде Павлодар өңірі – көш басында. Тәуір нәтижелерге қол жеткізудің жолы қандай? Биыл салада қандай жаңа-шылдықтар орын алды? Осы және өзге де сауалдарға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев жауап берді.

- Нұрболат Абылайханұлы, жиын-терім жұмыстары сәтті аяқталды деуге толық негіз бар. Жетістіктерді немен байланыстырамыз?

- Иә, Тәуелсіздік алған жылдардан бері аймағымызда тұңғыш рет астық молынан қамбаға құйылып, рекордтық көрсеткіштер тіркелді. Бұған бірнеше факторлардың оң әсері бар. Атап айтсақ, ылғал ресурстарын үнемдейтін технологияларды қолдану, сапалы тұқым, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді (гербицидтер, инсектицидтер, фунгицидтер) пайдалану, егіс мерзімдерін назарда ұстап, барлық агротехникалық шараларды сақтау мол өнім жинауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ биыл Табиғат-Ана да оң қабақ танытып, диқандарды әбігерге сала қойған жоқ. Әрине, шаруалар жоғарыда аталған технологияларды тиімді іске асыру үшін мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктерін кәдеге жарата білді. Техника, тұқым, тыңайтқыштар мен пестицидтер, өзге де ауыл шаруашылығы құралдарын сатып алуға арналған шығыстардың бір бөлігін мемлекет өтеп берді. Павлодарлық картоп пен сәбіз өңірдің брендіне айналып үлгергені рас. Сонымен қатар, республика бойынша қарақұмықтың 60 проценті, тарының 58 проценті біздің облысқа тиесілі. Яғни, аталған дақылдарды өндіруде елімізде көш басындамыз.

- Күзгі науқандағы жетістіктерді сандармен сөйлетіп берсеңіз...

- 873,2 мың гектарды құрайтын дәнді дақылдар алқабы толығымен орылды. Нәтижесінде 1 054,7 мың тонна астық бастырылды. Орташа есеппен өнімділігі гектарына 12,1 центнерге тең. Әсіресе Успен (13,8 ц) және Ертіс (13,7 ц) аудандарындағы көрсеткіштер жоғары. Бұдан бөлек, 258,3 мың тонна көкөністер, 85,5 мың тонна бақша дақылдары, 633,8 мың тонна картоп жиналды. Майлы дақылдарды жинау жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Алдын ала болжам бойынша 145,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.

- Шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау зор екенін тілге тиек еттіңіз. Ұсақ шаруашылықтар тасада қалып жүрген жоқ па осы?

- Мемлекеттік бағдарламалар арқылы бөлінетін қаражатқа кез келген шаруашылық үміткер бола алады. Яғни, «сен ірісің, сен ұсақсың» деп бөле-жару жоқ. Кейбір жағдайда шаруасын енді дөңгелете бастаған шаруалар кепілдікке қоятын мүлкінің болмауы себебінен қаржылық ұйымдар арқылы үлестірілетін несиелерден қағылуы мүмкін. Біз өз тарапымыздан ұсақ шаруашылықтарға жол көрсетіп, тегін кеңес беруге әрқашан дайынбыз.

- Соңғы жылдары субсидияның әділ бөлінбейтіні жайлы алыпқашпа әңгімелер көп. Біздің облыста бұл бағыттағы жұмыстардың барысы қалай?

- Соңғы жылдардағы өзгеріс-терге сәйкес, субсидия алу үшін «Qoldau.kz» сайтына өтініш қалдыру керек. Яғни, барлық шаруа электронды түрде реттеледі. Алғашқыда жүйе дұрыс жұмыс істемей, жиі істен шығып жүргені жасырын емес. Шалғайдағы шаруалар да компьютердің «тілін» түсінбей, өзіне тиесілі қаражаттан қағылған болатын. Яғни, интернет жылдамдығы аз, тіпті жоқ жерде шаруасын дөңгелетіп отырған шаруалар демеуқаржы алуға үлгермей қалды. Қазір фермерлер жаңа жүйеге үйренісіп, өтінішін жедел қалдыруға дағдыланған. Десе де, кейбір жағдайда әлі күнге дейін өтінішті толтыру кезінде ақпараттар толық қамтылмайтынын атап өткен жөн. Бұл – өтінішті қанағаттандыру процесін тежеп, сәйкесінше, қаражаттың кешігіп түсуіне алып келмек. Қазір шаруалар субсидия алу үшін ақпараттық-аналитикалық жүйе, төрт түлікті бірдейлендіру жүйесі сияқты 4 бірдей бағдарламадан хабардар болуы талап етіледі. Жаңа жүйенің ашықтығы сол, кім алғашқылардың бірі болып өтініш қалдырады, сәйкесінше қаражат та жедел түседі. Шаруаларға барынша мұқияттылық танытқан абзал. Жалпы, 2021 жылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға барлық деңгейдегі бюджеттерден 30,1 млрд теңге қаражат бөлінді. Әзірге 79 проценті игерілді. Атап айтсақ, инвестициялық салымдарға - 9,8 млрд теңге, мал шаруа-шылығын дамытуға - 7,7 млрд теңге, өсімдік шаруашылығына - 4,4 млрд теңге, сыйақы мөлшер-лемелерін субсидиялауға - 4,4 млрд теңге, қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарына - 759 млн. теңге. Сонымен қатар, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен жалпы сомасы 20,9 млрд теңгеге 1 303 несие берілді. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылы азық шығындарының құнын арзандатуды 1,5 млрд теңге сомасына субсидиялау жоспарлануда. Оның 1 млрд теңгесі мал шаруашылығына бөлінген субсидиялар шеңберінде қайта бөлінді. Ал 500 млн теңге облыстық мәслихат сессиясының шешімімен жергілікті бюджет есебінен қарастырылған. Нәтижесінде жыл соңына дейін 700-ден астам ұсақ шаруашылықтар қаржылай қолдауға ие болады.

- Субсидияның тәртібі жиі өзгеретініне шаруалардың еті үйренген. Бұл ретте, фермерлер қандай толықтырулар енгізуге ұсыныс білдіруде?

- Жыл сайын субсидия тәртібінің өзгеруінің себебі бар. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әр жылдың қорытындысын саралап, тиімсіз бағыттардың тізімін жаңартып отырады. Мәселен, соңғы жылдары көпшіліктің талқылауына түскен «гектарлық» субсидия алынып тасталды. Себебін жіктеп берсек. Бұған дейін көктемгі егіс науқаны кезінде жоспарланған тұқым себілетін алқаптың көлеміне қарай қаржылай көмек көрсетіліп келді. Жоспар орындалды, қаржы игеріледі. Комиссия жұмыс көлемін растап, қабылдайды. Сосын түрлі себеп-сылтаулар табылып, әлгі себілген аудан белгілі бір мөлшерге азаяды. Тіпті, егіс алқабына жоспарланған дақылдардың орнына басқа тұқым себілген жағдайлар да тіркелген. Бірақ, жұмсалған ақшаны сұрап жатқан ешкім жоқ, комиссия актісі болса болды. Бұл ретте, сала мамандары субсидия түпкі нәтижеге төлену керек деген шешімге келіп, «гектарлық» демеуқаржы тізімнен алынып тасталған болатын. Биыл инвестициялық субсидия-лаудың ережесіне де азғантай өзгеріс енгізілгенін атап өткен жөн. Ендігі жерде субсидия бөлу кезінде паспорт деген ұғым қолданылады. Демеуқаржыны үлестіру кезінде қаражат жетпей жатса, паспорттардағы қаржыны бір-біріне ауыстыруға мүмкіндік бар. Ұсақ шаруашылықтарға көбіне №4 паспорт тиімді. Десе де, өзгерістерге сәйкес, күн панельдерін субсидиялау тоқтатылды. Бұрын жайлауда орнатылған вагондарға 80 пайыз субсидия берілсе, енді 25 пайызы төленеді. Қала берді, сумен жабдықтау ісі бойынша генератор, су сорғысы, ұңғыма қызу жұмыстарының 50 пайызы субсидияланатын болды. ҚР Ауыл шаруашылығы министр-лігі қазіргі уақытта жеке қосалқы шаруашылықтардың мәртебесі мен оларды қолдау құралдарын реттейтін «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» Заңын әзірлеуде. Жергілікті шаруалардың ұсыныс-өтініштерін назарға ала отырып, аталған Заң жобасына келесі ұсыныстар жолданды:

1. Жеке қосалқы шаруашы-лықтарды жүргізетін азаматтарға жылдық мөлшерлемесі 2%-дан 4%-ға дейін жеңілдікпен несие беру.

2. Ауыл шаруашылығы коопера-тивтері арқылы мал шаруашылығы өнімдерін (ет және сүт) субсидиялау.

- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығын дамытуды бірге алып жүру керек екенін жиі айтады. Аймағымызда бұл бағыттағы жұмыстардың барысы қалай?

- Облыста өсімдік шаруашы-лығының үлесі 51%-ды, сәйкесінше, мал шаруашылығы 49%-ды құрайды. Соңғы жылдары өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қос «майданда» да еңбектенуде. Мұның артықшылығы көп. Біріншіден, тұрғындар тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу шаруашылықты дамыту үшін қаражаттың тұрақты түсуін қамтамасыз етеді. Өсімдік шаруашылығымен айналысатындарға дақылдарды тиімді бағаға өткізіп қана қоймай, малдың жем-азығын молынан әзірлеуге мүмкіндік бар.

- Көктемгі және күзгі науқанды ойдағыдай жүргізу үшін техникаңның жаңа болғаны маңызды. Бұл ретте, аймағымыздағы техника паркінің жағдайы қалай?

- Облыста 48 235 ауыл шаруашылығы техникасы бар. Биыл егін жинау науқанына 2 206 моди-фикациядағы трактор, 1 709 комбайн (оның ішінде 1603 астық жинайтын комбайн), 721 дестелегіш, 2 651 автокөлік және 1 255 трактор тіркемесі жұмылдырылды. Жалпы, жыл басынан бері 25 млрд теңгеге 975 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Осылайша, шаруалардың иелігіндегі техникалар жыл өткен сайын жаңара түсуде.

- Шетелден мал әкелуге ниеттенген кейбір шаруашылықтардың проблемаға тап болғанын білеміз. Қандай қателіктерге бой алдырмау керек?

- 2018 жылдан бастап импорттық аналық ірі қара мал басын әкелу бойынша «Сыбаға» бағдарла-масы жүзеге асырылуда. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері малды оператор арқылы яки өздері тасымалдай алады. Десе де, төрт түлікті бірыңғай оператор арқылы әкелу ұсынылады. Себебі, қызмет көрсету ақысы төмен және толық құжаттар пакетін ұсына отырып, өнімділігі жоғары малды әкелуге кепілдік береді. Жасыратыны жоқ, кейбір шаруалар бағдарламаның талабын дұрыс түсінбей, кейін шикіліктер орын алып жатады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі вете-ринарлық бақылау Комитеті белгілеген бағыт парағын ұстану керек. Фермерлер құжаттарды ресімдеу кезінде барынша мұқият болғаны абзал.

- Соңғы уақытта жайылым мәселесі жиі көтеріліп жүр. Бұл турасында не айтасыз?

- Облыс бойынша жайылым алқабы 8,3 млн гектарды құрайды. Жер пайдаланушыларға 3,9 млн га жайылымдық жерлер бекітілген (оның ішінде 386,1 мың га түбегейлі жақсарту, 2289,4 мың га суландырылған, 98 мың га отарлы мал шаруашылығы). Ал елді мекендердің маңайында мал жаю үшін 1,5 млн га жайылым бар. Елді мекендердің айналасындағы жайылымдардың жетіспеушілігі 406,3 мың га құрайды. Бүгінде оны шешу жолдары қарастырылуда. Төрт түліктің өсу динамикасына байланысты ауылдық округтердегі жеке қосалқы шаруашылықтарда халықтың малын жаю үшін уақытша өтеусіз қысқа мерзімді жер пайдалануға беру практикасы қолданылады.

Елді мекендерде жайылымдардың жетіспеушілігі проблемаларын шешу мақсатында облыстың қалалары мен аудандарының қосалқы жерлерінде 2,6 млн га жуық бос жайылымдық алқаптар-
дың ресурстары жеткілікті, солардың есебінен халықтың жайылымдарға қажеттілігі қанағаттандырылатын болады.

- Аймағымыздағы суармалы алқапты дамыту жұмыстары жайлы не айтасыз?

- Мол әрі сапалы өнімге қол жеткізудің бірден-бір жолы – суармалы алқапты дамыту. Бұл бағыттағы шаралар өсімдік шаруашылығын өркендетіп қана қоймай, малдың сапалы жем-азығын әзірлеуге жол ашып, сүт және ет бағытындағы мал шаруашылығының алға жылжуына түрткі болмақ. Бүгінде аймағымыздағы суармалы алқаптың көлемі 56 мың гектардан асып жығылады. 1 гектар суармалы алқаптың өнімі жай алқаппен салыстырғанда 10-17 есеге артық. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар жандануда. Ең ірі жоба – Ертіс-Успен жасанды су каналының құрылысы. Жоба сәтті жүзеге асса, 10 мың гектар жер суармалы алқапқа айналады деп күтілуде. Осылайша, агроөнеркәсіп өнімділігі 20 процентке артатын болады.

- Ауыл шаруашылығы саласында кадр мәселесі өзекті тұр. Алдағы 10 жылда ветеринар таппай қиналатын түріміз бар...

- Оқу бітірген жас мамандар ауылға келіп жатыр. Бұл ретте, агроколледж және шаруашылық басшылықтары арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған. Алайда
кейбір жастар жұмыстың ауырлығын алға тартып, көп ұзамай кетіп қалады. Келе сала, «жалақыны көтеріңіз» дейтіндер де бар. Жұмысын адал істесе, мықты кадрды алып қалу үшін шаруашылық басшылары аянып қалмасы анық. Жасыратыны жоқ, ірі шаруашылықтар жалақыны көтеріп, жұмыскерлерді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету арқылы кадр мәселесін реттеп отыр. Жұмыскерлерге өздері де мал асырауға мүмкіндік бар.

- Осы аптада ауыл шаруа-шылығы қызметкерлері күні тойланады. Жергілікті шаруаларға жылы лебізіңізді білдірсеңіз.

- Мемлекеттік қолдау деп жар салғанымызбен, әр істің бабын таба білген шаруалардың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Жылдың төрт мезгілінде де тер төгіп, күннің ыстығы мен суығына төзе білген фермерлерге қандай мақтау айтса да лайық. Биылғы рекордтық көрсеткіштер - шаруалардың еселі еңбегінің нәтижесі. Ауыл шаруа-шылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тілеймін!

- Сұхбатыңызға рақмет!

 

Әңгімелескен – Оралхан ҚОЖАНОВ.

 


Количество показов: 2389

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  422

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  410

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  419

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  406

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  417

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  400

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  467

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  438

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  437

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  483

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  452

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  485

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  449

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  493

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  510

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  569

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  534

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  541

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  639

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  649

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  560

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  640

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  629

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  568

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  642

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  567

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  815

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  720

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  730

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  707

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  715

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  735

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  629

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  702

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  728

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  839

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  732

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  833

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  825

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  824

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  803

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  818

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  781

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  891

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  932

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  932

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  874

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  867

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  880

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  884

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  1142

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  1113

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  1010

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  872

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  1017

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  880

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  938

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1174

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1163

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  1127