Шемішке майын да шығара алмаймыз ба?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Шемішке майын да шығара алмаймыз ба? 07.10.2021

Шемішке майын да шығара алмаймыз ба?

«Өңірдің агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамуда» деп ауыз толтырып жар салғанымызбен, қайта өңдеу ісі тұралап тұрғаны жасырын емес. Өзімізде өсетін дақылдарды кәдеге жаратпай, өзгеге жалтақтап отырғанымыз рас. Жергілікті шаруалар әлі күнге дейін шикізатты сыртқа өткізуге мәжбүр. Кейін ол дайын өнім ретінде «қайта оралып», павлодарлықтар қымбат бағамен сатып алуда.

Шикізат һәм «Шедевр»

 

Солардың бірі – өсімдік майы. Көптеген шаруашылықтар күнбағысты өсірумен тұрақты айналысып жүрсе де, оны қайта өңдеу бойынша жобалар жоқтың қасы. Әйтпесе, жыл сайын жиналған дақыл көлемі облыс тұрғындарының сұранысын қамтамасыз етуге ағыл-тегіл жетеді екен. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Төлеген Көшербаевтың мәліметінше, бүгінде аймағымызда күнбағысты қайта өңдеумен 10 шаруашылық айналысады. Бірақ, олардың барлығы рафинадталмаған өнімді шығарады. Ал тұрғындардың басым бөлігі рафинадталған өсімдік майын пайдаланатынын ескерсек, сырттан тасымалданатын «Шедевр», «Маслозавод №1», «Слобода», «Золотая семечка», «Заречное» сияқты өнімдерге сұраныс көп.

- Жыл сайын аймағымызда шамамен 110 мың тонна күнбағыс жиналады. Жергілікті кәсіпкерлер 26 мың тоннасын ғана іс қылып, рафинадталмаған өсімдік майын шығарады. Қалғаны Алматы, Өскемен және тағы басқа өңірлерге жөнелтіледі. Облыс тұрғындарының өсімдік майына деген сұранысы жылына 9100 тоннаны құрайды. Кісі басына шаққанда әр адам жылына 12 литр өсімдікмайын тұтынады. Биыл 8 айдың қорытындысына көз жүгіртсек, жергілікті кәсіпкерлер 2195 тонна рафинадталмаған өсімдік майын өндірген. Бұл жалпы сұраныстың 36 проценті ғана, -
дейді Т.Көшербаев.

 

Екеуі де елеулі

 

Бірақ аталған көрсеткіш тұрғындардың сол өнімді тұтынғанын білдірмейді. Жеңгелеріміз қандай өсімдік майын қолданатынын білмекке жан-жаққа хабарластық. Байқағанымыз рафинадталған түрі де, рафинадталмағаны да ас бөлменің «төрінен» орын алады екен.

- Иісі бар демесеңіз, рафинадталмаған өсімдік майының да өзіндік ерекшелігі бар. Көбіне салат әзірлеген кезде кәдеге жаратамын. Бір жағынан нағыз табиғи өнім ғой. Ал рафинадталған түрі бірнеше рет тазалау сатысынан өтеді. Түсін шығару үшін қоспа қосады дегенді де естігенмін. Екеуінің бағасында айырмашылық жоқ. Өз басым екі түрін де бірдей қолдана беремін, - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Бәтима Махметова.

 

Жұрт жәрмеңкеден табады

 

Дүкендерге ат басын бұрған кезде рафинадталмаған өсімдік майын кездестіре алмадық. Сұраныс болмаған соң, сөреден табылмауы заңдылық шығар деп топшыладық. Оны көбіне ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінен кездестіре аласыз. Тұрғындардың 5 литрлік құтыға құйылған өнімді іздеп жүріп сатып алғанын көз көрді. Сондықтан да, мүлдем сұраныс жоқ деп кесіп айтуға болмас. Өнімін жәрмеңкеде саудалайтындардың бірі – «Белоусов» ЖК басшысы Константин Белоусов.

- Күнбағысты өсірмеймін. Успендік шаруалардан сатып алып, шағын цехта қайта өңдеймін. Былтыр күнбағыстың әр тоннасы 180-350 мың теңгеден сатылды. Әдеттегідей дақыл нарықта молынан болса, баға арзандай түседі. 3 келі күнбағыстан 1 литр өнім аламын. Шағын цех болғандықтан, өндіріс қуатымыз төмен. Жылына шамамен 50 тонна өнім шығарылады. Өткен сенбіде облыс орталығында ұйымдастырылған жәрмеңкеде 250 литр өсімдік майын саудаладым. Бағасы - 600-800 теңге аралығында. Баға айырмашылығының себебі бар. Менің жеке рецептім бойынша дайындалған суық жағдайда сығылған түрі қымбаттау. Сапасы жоғары болғандықтан, тұтынушылар тарапынан сұраныс көп, - дейді К.Белоусов.

 

Баға қандай?

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәлі-метіне сүйенсек, жыл басынан бері өңірдегі өсімдік майының бағасы 25 процентке қымбаттаған. Өзге қалалардағы жағдайға көз жүгіртсек, біздегі ахуал жақсы сияқты. Өсімдік майын шығаратын бірнеше зауыты бар Шығыс Қазақстан облысының өзінде баға 17 процентке қымбаттаған. Нұр-Сұлтан қаласында 30 процентке, Тараз қаласында 41 процентке, Орал мен Шымкентте 38 процентке, Жезқазғанда 34 процентке қымбат-таған. Бұл кестеде Павлодар облысы екінші орында екен. Жалпы, басқармадағылар, қай өнімді алып қарасақ та, өзге өңірлермен салыстырғанда Павлодар облысында баға төмендеу екенін алға тартуда.

- Басқарма жанындағы мониторинг тобының мүшелері күн сайын әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын бақылау жұмыстарын жалғастыруда. Кәсіпкерлермен түсіндіру шаралары жүргізіліп, 15 пайыздық үстемеақының сақталуы қатаң бақылауда. Бұдан бөлек, сауда желілеріне жеңілдетілген несиелер ұсынылып, олар өз кезегінде әлеуметтік азық-түлік өнімдерін арзандау бағамен сатуы тиіс, - дейді басқармадағылар. Сауда желісі демекші, өсімдік майының бағасын білмекке «Small» сауда орнына бас сұқтық. Ондағы өнімдердің бағасы өндірушілерге байланысты әртүрлі екен. Мәселен, «Шедевр» 772 теңге (1 л), «Забота» 799 теңге, «Олейна» 915 теңге, «Майское» 725 теңге, «Кудесница» 725 теңге, «Күнкей» 789 теңге, «Каролина» 589 теңге, «Маслозавод №1» 789 теңге, «Золотая семечка» 1205 теңге тұрады екен. Айтпақшы, рафинадталмаған өсімдік майы да сөреден табылыпты. Жергілікті өнім – «Галицкое» өсімдік майы 805 теңгеден сатылуда.

 

Жаңа жоба

Жоғарыда аймағымызда рафинадталған өсімдік майын шығаратын кәсіпорынның жоқтығын айттық. Жыл басында биыл бұл бағытта жаңа жоба іске асатыны айтылған-ды. Оның тағдырын білу үшін ауыл шаруашылығы басқармасына хабарластық. Төлеген Көшербаевтың айтуынша, жыл соңына дейін Павлодар қаласындағы «Павлодарский агрокомплекс» ЖШС жауапкершілігі өз жұмысын бастауды көздеп отырған көрінеді. Белгілі болғандай, аталған кәсіпорын жылына 900 тонна өнім шығармақ. Бұл – өңірімізде күнбағысты қайта өңдеп, рафинадталған өсімдік шығару бойынша жасалған алғашқы әрі батыл қадам. Ендігі жерде жергілікті шаруашылықтар дақылдарын сыртқа жөнелтпейді. Өнім өзімізде дайындалып, сәйкесінше бағасы да біршама арзан болады деп күтілуде. Әйтпесе, өзімізде өңдеу орындары болмағандықтан, күнбағыстың барлығы дерлік Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарына, тіпті Ресей мен Қытайға жөнелтілетін. Кейін өндіріс пен жол шығындары есепке алынып, жергілікті нарыққа қымбат дайын өнім түрінде қайтып келетін-ді.

 

Меморандум қажет

 

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері Байболат Рахымжанов өңірдегі жаңа цехтың ашылуы өңірдегі өсімдік майы бағасын тұрақтандыру мәселесін түпкілікті шешпейтінін айтады.

- Әлеуметтік маңызы бар өнімдер жергілікті әкімдіктің назарында болғандықтан, бағаны тұрақтандыру тетіктерін ойластыру қажет. Жәрмеңке өткізумен іс бітпес. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысындағы қайта өңдеу кәсіпорындарымен меморандум жасауға болады. Олар павлодарлық шаруалардан шикізатты арзан бағамен алса, сәйкесінше, өнімді арзан бағамен босататын еді. Бұл - қос облыс әкімдерінің араласуымен тындырылатын шаруа. 2014 жылы аймағымызда ұн, нан қымбаттап, бағаны тұрақтандыруға министрлік те ынталы болған еді. Сол жылы павлодарлық шаруалар бидайды 85 мың теңгеден сатып алып, оның 25 мың теңгесі мемлекет есебінен өтелген-ді. Мұны айтып отырғаным, әрдайым бағаны реттеудің тетіктерін, жолдарын қарастыру керек, - дейді Б.Рахымжанов. Сала ардагері өзгеге жалтақтамай, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде облыста ірі-ірі қайта өңдеу зауыттарын салуды қолға алу керектігін айтады. Себебі, шикізат мол. Өңірдегі өсімдік майы бағасын тұрақтан-дырудың бірден-бір жолы – осы, дейді ол. Қорыта айтсақ, өсімдік бағасын тұрақтандыру үшін қайта өңдеу бағытында тың жобалар қолға алынса игі. Шикізат жеткіліксіз болса, қайта өңдеу туралы айтпас та едік. Шемішкеге «көміліп» жатып, өсімдік майын қымбатқа сатып алатынымыз күйіндіреді.


Количество показов: 770

Возврат к списку