Ширек финалдың «шекарасында»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Ширек финалдың «шекарасында» 28.09.2021

Ширек финалдың «шекарасында»

Литвада футзалдан әлем чемпионаты өтіп жатқаны белгілі. Өз тобында бірінші орынды иеленген Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Таиландты 7:0 есебімен есеңгіретіп, өз тарихында тұңғыш рет ширек финалға жолдама алды. Ендігі қарсыласы - Иран құрамасы.

Отандық үлкен футболдың жайы белгілі. Ал соңғы жылдары елімізде футзалдың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен жөн. Клубтық деңгейде алматылық «Қайрат» еурододаларда жыл сайын үздіктердің қатарынан табылуда. Жасыратыны жоқ, әу баста құраманың барлығы дерлік бразилиялық ойыншылар болатын. Қазір қазақ жігіттері команданы алға жетелеуде. Ұлттық құраманың сапында да ел азаматтығын алған 2-3 шетелдік футболшы бар демесеңіз, өзгесі өзіміздің қара домалақтар.

Литвада жалауын желбіреткен әлем біріншілігінде отандастарымыз топтық кезеңдегі алғашқы кездесуін Коста-Рикамен өткізіп, 6:1 есебімен ұтты. Ойынның оныншы минутында Шыңғыс Есенаманов есепті ашты, ал екі минуттан кейін Дәурен Тұрсағұлов оны еселеді. Осы кезде Пабло Родригес жауапты бір гол салды. Дегенмен Қазақстан құрамасы үш минутта екі гол салды, Жуниор (14-ші минут) және Тайнан (17-ші минут). Екінші тайм да қазақстандықтардың айқын басымдығы байқалды. 27-ші минутта Біржан Оразов қарсылас қақпасына дәл соққы жасады, сол минутта Тайнан дубль жасады.

Екінші кездесуде алаң иелері – Литваны 3:0 есебімен жеңдік. Гол авторлары: Тайнан, Тұрсағұлов, Ақбалықов. Ал топтағы соңғы кездесуде Венесуэламен тең түстік. Есеп: 1:1. Қазақстандықтардың сапынан дуглас мергендігімен танылды.

1/8 финалға жолдама алған құрамалар осал емес. Себебі, топтан суырылып шығу табандылықты талап етеді. Осы ретте, Тайланд құрамасына қарсы кездесу қиынға соғады-ау деп болжаған едік. Бірақ, олар қарсылыс көрсете алмады. Кездесудің алғашқы минуттарында 2-3 гол өткізіп алған тайландықтар қалған уақытта қақпаны бос қалдырып, шабуылшыны шығаруға мәжбүр болды. Отандастарымыздың кейінгі голдары бос қақпаға соғылғанын атап өткен жөн. Тіпті, қақпашы Игита да доп соқты.

Ендігі қарсылас жайлы айттық. Жалпы, бұл біріншілікте Бразилия, Аргентина, Испания, Ресей, Португалия құрамалары чемпиондықтан басты үміткерлердің қатарында. Отандастарымыз сенсация жасап, чемпионаттың жүлдесіне ие болатынына сенім білдіреміз.

Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 995

Возврат к списку