Шыққан шыңы биік еді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Шыққан шыңы биік еді 18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді

Ғалым-филолог Қуандық Жүсіптің туғанына – 80 жыл


Асылы, қазақтың «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деген өсиетнама сөзі ата дәстүрін берік сақтап, ұлттық мұрат-мақсаттар жолында жанкешті еңбек етуші жандарды әспеттеуден туғаны айқын. Осындай ұлағатты ұлы сөзге лайықты ғұмыр кешкен, әлі де кешу үстіндегі өнген-өскен ұрпақтың бірі - Мәшһүр Жүсіп әулеті. Сол әулеттің бас көтерер үлкені, елге танымал атақ-абыройы, беделі бар белгілісі Қуандық Пазылұлы Жүсіп еді. Ол әдеби қауымға, қала берді бүкіл жұртшылыққа өзінің көркем шығармаларымен, елеулі ғылыми еңбектерімен танылған қаламгер әрі ғалым болатын. Шынында, Қуакең - ата жолын өмірлік мұрат етіп, осы жолда аянбай тер төгіп, кейбір тұстарда саз да кешкен жандардың бірі. Әрине, мұны өмір жалғастығы, дәстүр сабақтастығы десек те, ол қасиетті екінің бірі бойына дарыта бермесі анық. Мұның айғағы ретінде біз Қуандық Пазылұлының шығармашылық өмір жолы мен адамдық болмыс-бітімін, алға қойған мақсат-мұратын айтсақ болады. Ендеше аталмыш қаламгердің ізгі қасиеттеріне, үлгілі іс-әрекеттеріне бір сәт тоқталып өтелік. Қуакең қазақтың киелі жері, жаннатты өңірі - Баянауылда туып-өскен. Баянауылды қалайша киелі мекен, қасиетті жер демейсің?! Осы өңірдің бір өзінен ғылымның әртүрлі саласы бойынша жиырма бес академик шыққан болса, өнер майталмандарын санауға саусақ жетпейді. Расында, қазақ мемлекетінің айбынды ханы - Абылайдың кеңесшісі, көмекей жырау Бұқардан бастап, атағы әлемге әйгілі бүгінгі Олжасқа дейінгі әдебиет пен мәдениет қайраткерлерін тізсек, олардың тізімі жазылар қағаз бетіне сыймасы анық. Қуандық Пазылұлы 1959 жылы Баянауыл қазақ орта мектебін бітірген соң, Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтына оқуға түседі. Институт қабырғасында жүргенде-ақ ол өлең-әңгімелер жазып, мерзімді басылымдардан көріне бастайды. Әдебиетке деген ынта-ықыласын байқаған ғалым-ұстаздар оның терең білім алуына мүмкіндік жасап, Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аспирантурасына түсуге жолдама береді. Сөйтіп 1969 жылы аспирантураны тәмамдай салысымен, білгір ғалым, танымал әдебиетші Қажым Жұмалиевтің жетекшілігімен «Қазақ прозасындағы тартыс және жаңа адам» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бірақ Қуакең айтыс-тартысқа толы әдеби қауымның қалың ортасынан қашып, тыныштықты, татулықты сүйетін қалпымен Семей педагогика институтына жолдама алады. Осы жоғары оқу орнында табаны күректей жиырма жеті жыл жұмыс істеп, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ұстаз алдын көріп, дәріс алған шәкірттердің өзі қаншама?! Қазіргі кезде олардың алды - академик, ғылым докторы мен кандидаттары болса, артқылары мектепте оқытушы атанып, халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Егер атап көрсетер болсақ, олардың қатарында танымал ғалым, академик Ғарифолла Есімт, тағы басқалар бар. Осы орайда, Қуандық Пазылұлының ерекше бір қырына тоқтала кеткен жөн. Ол – болашақтың білікті мамандарын даярлау жолындағы қажырлы еңбегі. Түптеп атағанда, өзіндік ұстанымы бар ұстаздығы. Егемен еліміздің ертеңгі ұл-қыздарын тәрбиелейтін педагог кадрларын дайындау – өте бір маңызды іс екені сөзсіз. Бұл істі, яғни атадан балаға мирас болып қалған (Қуандықтың әкесі Пазыл – «Ленин» орденімен марапатталған майталман мұғалім – С.С) абыройлы жұмысты жалғастырып қана қоймай, оны ақ жүрек, адал ниетімен атқарды. Және де бұл жолда Темірқазықтай бұлтартпас турашылдығынан бір танған емес. Бұл оның асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы екенін дәлелдемек. Шығармашылық өмір жолындағы бір шыққан белесі - проза саласындағы жемісі. Көркем шығарма жазумен сонау студенттік кезден айналыса бастаған қаламгер 70-жылдары өнімді еңбек етіп, біршама тәуір туынды берді. Таратып айтатын болсақ, «Қара кемпір» (1974), «Бір әйелдің өмірі» (1975), «Армандастар» (1979), «Қыздар, жігіттер» (1981), «Однокурсники» (1989) атты повестері мен әр жылдары баспалардан басылып шықты. Сөйтіп, еңбегі еленіп, 1979 жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне сайланды. Аталмыш қаламгер драматургия саласында да қалам қарымын танытып, «Ұл мен қыз» атты пьеса берді. Драманың Семей облыстық драма театрында үш жүз реттен аса қойылуы көрерменнің туындыны жылы қабылдағанын байқатады. Қуандық Пазылұлының бүкіл творчествосын таразылайтын болсақ, салмақты жағы, әрине, оның ғылыми, сыни еңбектеріне тиесілі екенін байқаймыз. Онысы әдебиеттану саласында тосын тұжырым-дамалар, соны ізденістер ізін салып, қазақ лирикасының жанрлық сипаты мен көркемдік ерекшеліктеріне тоқталған туындыларымен айғақталады. Мәселен, «Өлең - сөздің патшасы» деген кітабына әдебиет теориясының мәселелеріне арналған зерттеулері топтастырылған. Автор көрнекті қазақ ақындарының лирикалық шығармаларына теориялық талдау жасап, өлең табиғатын ашуға талпыныс жасайды. Сондай- ақ, сол тұстағы поэзияның жетістіктері мен кемшіліктері туралы да ой саралайды. Қай қаламгердің болса да, ізденістер мен іркілістерге толы шығармашылық өмір жолында шыққан биігі, белгілі бір белесі болады десек, бұл тұста Қуакең асуға арындап, қоржынын толтыра шыққанға ұқсайды. Бұған оның қанжығасына бөктерген жүзден астам ғылыми мақаласы мен бес кітабы куә. Шынында да, Қуандық Пазылұлы – ұстаздық пен ғылыми жұмысты ұштастыра жүріп, әдебиеттану мен әдебиет тарихына қатысты толғақты мәселелер төңірегінде өз ой-пікірлерін мерзімді баспасөз беттерінде білдіріп келген қарымды қалам иесі. Әсіресе, әдеби мұрасын әспеттеуге кеңес үкіметі тұсында тосқауыл қойылып келген өз атасы Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы жазған зерделі зерттеулері әдеби қауымды елең еткізді. Тіпті Мәшекең (Мәшһүр Жүсіп) шығармалары мен қолжазбаларының жариялануы мен насихатталуына әрі жан-жақты арнайы зерттелуіне де өзі мұрындық болды. Өз отбасын, яғни ұлдары мен қыздарын тікелей осы іске жұмылдыруы осыны айғақтайды. Атап айтсақ, өткен ғасыр басында «ұлтым» деп ұлардай шулаған ат төбеліндей аз ғана шоғыр – Алаш ардақтыларының бірі – Мәшһүр Жүсіптің мол мұрасының жиырма томдық шығармалар жинағының топтамасы. Әдебиеттің проза, драматургия салаларында қажырлы еңбек еткен қаламгер кейінгі кезде бір- жола ғылыми зерттеулер жүргізуге ден қойды. 1999 жылы Қуакеңнің «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» (Павлодар, ИПФ «ЭКО», 1999ж.) атты көлемді кітабы баспа бетін көрді. Бұл - ауыз толтырып айтуға тұрарлық қомақты да салмақты еңбек. Олай дейтініміз, біріншіден, монографияда әдебиеттану саласында әлі де жете зерттелмеген лирикадағы стиль және бейнелілік мәселелері төңірегіндегі ойлары тұжырымдалған. Екіншіден, қазақ лирикасын көркемдік әдіс, стиль, бейнелілік тұрғысынан байланыстыра зерттеу мәселесі қарастырылған. Сондай- ақ, еңбек – қазақ өлеңінің көркеюіне көмегін тигізген ақтаңдақ ақындарымыз – Ш.Құдайбердиев, М.Ж.Көпеев, М.Жұмабаев және тағы басқалардың шырмашылығына тоқталуымен құнды. Бұл кітап таралып үлгермей, іле-шала келесі жылы осы баспадан, «Алтын тіл» бағдарламасы бойынша Қуакеңнің «Көркем сөздің құдіреті» деген еңбегі жарыққа шықты. Кітапта қазақ әдебиеті мен тілін оқытудың көкейтесті мәселелері төңірегінде ой қозғалады. Жіліктеп бөліп айтсақ, өлең мен эпостық шығарманы оқытудың жайы, сондай- ақ көркем шығарманың тілін түсіндіріп, сараптауы сөз етіледі. Зерттеуші ұзақ ұстаздық жолында көкейге түйгенін ғылыми тұрғыдан дәйектеп, тың тұжырымдамаларын маман ұстаздарға, жалпы әдебиет- сүйер оқырман қауымға айқын жеткізе білген. Бүгінгі күннің тұрғысынан қарағанда, әдебиеттану әдістемесінің кем тұстарын кертіп алып, кернеуіне салып, ой елегінен өткізген. Онысы қарапайым да жатық тілде шыққан. Қуандық Пазылұлының осындай қырлары бар десек те, негізінде, оның адамдық болмыс-бітімін ұстаздығы мен ғалымдығы құрайды. Тіпті бүкіл өмірдегі мақсат-мұраты да осыған негізделген десек, жаңылыспаймыз. Әсіресе, оның халықтың жарқын болашағын ойлаудан туған келер ұрпақтың тәрбиесіне деген адал ниеті, адамдық қасиеті кімді болса да тамсандырмай қоймасы анық. Қуандық Пазылұлы Жүсіпов қабілет-қарымының арқасында артына айтарлықтай мол мұра қалдырды. Ол еңбектер өзінің құндылығымен бағаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жетері сөзсіз! Сондай-ақ, «Артында бар оңалар» дегендей, бүгінгі күндері Қуакеңнің ұлдары мен қыздары ол жазып қалдырған мол мұрасы том-том кітап болып, жарық көретініне біз сенімдіміз!

                                               Сейфетдин Сүтжанов, әдебиетші-ғалым.

 




Количество показов: 445

Возврат к списку