Шыңдалу шеберханасының ұстасы

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  273

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  260

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  264

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  260

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  270

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  257

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  296

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  298

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  293

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  319

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  308

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  320

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  306

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  334

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  333

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  430

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  391

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  394

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  475

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  486

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  417

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  478

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  465

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  422

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  478

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  425

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  656

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  554

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  568

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  546

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  553

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  543

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  486

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  541

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  570

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  670

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  592

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  664

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  658

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  655

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  641

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  670

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  639

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  726

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  768

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  764

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  721

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  712

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  727

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  743

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  932

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  959

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  845

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  728

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  822

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  740

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  790

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1015

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1009

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  963

Шыңдалу шеберханасының ұстасы 13.05.2021

Шыңдалу шеберханасының ұстасы

Тұлға туралы қалам тартуға жүрексініп отырғаным рас. Туа біткен талант болғанымен, дүние есігін ашқаннан танымал болу ертегіде де кездесе бермейтін шығар. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Сол ортада шыңдалады, шорт кетпесе, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мақсат-межеге, мазмұнға ие болады. Әңгіме әлқиссасын бұлай бастауыма себеп - әмбебап адам Мұхит Мүрсәліұлы Омаровтың жүріп өткен еңбек жолына қарап-ақ осыншама соқпақты артқа қалдырған жан жайлы атүсті жазу мүмкін емес деген ой келді.

Француз жазушысы Оноре де Бальзактың «Жігер таланттан да маңызды болуы керек. Егер талант табиғаттан берілсе, оны дамыту мен жетілдіруге, жолдағы қиындықтарды батылдықпен жеңу үшін жігер маңызды» деген сөзі бар екен. Жігер дегеннен шығады, жиырмаға толар-толмас шағында аудандық газеттің тілшісі атанған жігіт сол кезде шыңдалу шеберханасына түскенін сезді ме екен?! Ол уақытта Краснокутск атанған аудандағы «Коммунистік еңбек» газетінің редакциясында бес жыл қызмет атқарып, жоғарыда еске салған жігерінің жалындап тұрғанын байқатқан Мұхит Мүрсәліұлын 1972 жылы аудандық комсомол ұйымының екінші хатшысы, кейін басшысы етіп сайлайды. Бойдағы ұйымдастырушылық қабілет, бұқарамен тіл табыса білу тәсілі, білгенімен шектеліп қалмай, үнемі іздену, біліктілікті арттыру сынды қасиеттерімен көзге түскен ағамыз кейіннен облыс орталығына шақыру алады. Қалалық партия комитетінің бөліміндегі қызметтен бастап, облыстық мәдениет басқармасының басшысы лауазымына дейін жетті. Осы тұста қазақылық иісі алыстап бара жатқан өңірде қазақ театрын ашу мәселесімен тікелей араласқанын қазір аңыз етіп айтуымызға болады. Кірпіш жігін кірпішпен басумен іс бітпейді. Сірескендермен тіресті. Тасадан тас атқандармен күресті. Қиындықпен бетпе-бет келгеніне қарамастан нәтижеге ұмтылды. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі облысымыздағы іргелі қара шаңырақ – Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының «отымен кіріп, күлімен шықты». Нәтижесіз іс болушы ма еді? Отыз жылдан аса уақыт бұл театр еліміздегі үздік шығармашылық ұжымдар көшіне ілесіп келеді. Павлодар қаласы әкімінің бірінші орынбасары, облыстық экономика басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында жүріп, біздің бүгінгі қаһарманымыз өңірдің әлеуметтік мәселелерімен ғана емес, өндірісті өлкенің әлеуетін арттыруға бір кісідей атсалысты. Қазір тек елес сияқты сезілетін өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы тоқырау туралы ерінбегеннің бәрі естелік айтады. Тәуелсіздіктің тұсауы енді кесіліп, тәй-тәй басқан шағында «байдалы түгіл бас қайғы» дегендей заманда Мұхит Мүрсәліұлының кризис-менеджерлік қабілетін байқаған басшылық оған облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тізгінін ұстатты. Басқаны былай қойғанда, алпауыт кәсіпорындардың «тізесі бүгіліп» тұрған кездегі баспасөздің жағдайы мәз болсын ба?! Таралым төмендеп кеткен. Кадр тапшылығы тағы бар. Бір сөзбен айтқанда, «әупірімдеп» күн көріп отырған редакциядағы ахуал «анау айтқандай» емес еді. Республика көлеміндегі өзге басылымдармен байланысты нығайтып, қаламы қарымды қаламгерлерді тартуды қолға алды. Нарықтық қатынаста бағың жану үшін бірінші кезекте бәсекелестікке бейімді болу шарт. Ол дегеніңіз газеттің мазмұнын арттыру, оқырман жүрегінің төрінен орын алу сынды кезеңдерден тұрады. Мұқаңның басшылығымен ұжым осы соқпақтардан сүрінбей өтті. Еңсесі көтеріліп, елдің сүйіп оқитын басылымына айналды. Енді қайтпек керек?І Осы сауалдың жауабын көреген басшы басылымның болашағынан іздеді. Жастарды тартып, жаңаша леп беру керек деп шешті. Ол кезде өңірлерде журналистика факультеттері жоқ. Алып шаһарлардағы түлектер өңірлерге бара бермейді. Сол себепті кадр мәселесінде жергілікті шығармашыл жастар арасынан іріктеуге мән берді. Сөзіміз дәлелді болуы үшін мына бір жағдайға оралып өтуді жөн көрдім. Отан алдындағы азаматтық борышымды өтеп келіп, ауыл мектебінде мұғалімдік қызмет етіп жүрген кезім еді. Анда-санда ауыл жаңалықтарын, елдегі ілкімді істер мен еңбек адамдары жайлы очерктер жазып, жастықтың жалынымен шумақ құрып жүрген менің кейбір өлеңдерім мен қысқа ақпараттарым аудандық газетте жарқ ете қалатын. Шығармашылық тойымсыздығым тоқтамай, кей-кейде облыстық басылымға шығуды дәметіп қоятыным болғанын несіне жасырайын. Жүрексінуді білмей, кей шимақ-шатпақтарымды «Сарыарқа самалына» жөнелтіп қоям. Кейде «мұрты басылып», кейде қаз-қалпында жарық көріп жүрді... Көз алдымда дәл бүгінгідей сақтаулы, 2001 жылдың маусым айы еді. Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің бас редакторы Мұхит Омаровтың қолы қойылған хат алдым. Онда мүмкіндігіме қарай редакцияға келіп кетуімді сұрапты. Қарапайым ауыл мұғалімі үшін мұндай шақырудың қандай әсер беретінін өзіңіз ойлай беріңіз. Дереу жолға жиналдым. Ұзын дәлізбен тура жүріп, бас редактордың қабылдау бөлмесіне кірдім. Жүрексініп тұрғанымды да жасыра алмаспын, бірақ оны өзгеге сездірмеуге тырыстым. Өйткені, бұл менің қабылдау бөлмесіне бірінші рет бас сұққаным еді. Телефон тұтқасын қоя сала орнынан көтеріліп амандасқан редакторды көргенде бағанағы «батырлығым» қайда кеткенін өзім де сезбей қалыппын.

тағылым 1.JPG

- Танысқанымызға өте қуаныштымын, Жұмабек бауырым. Қажымұрат ағаң мақтауыңды жеткізіп бергеннен кейін жеке шақырып, жақын таныссам деп едім. Тырнақалды еңбектерің жаман емес көрінеді. Өз басым жастардың шығармашылықпен айналысқанын құптаймын. Иә, әңгімеңді айта отыр, – деді ол кісі. Жарықтық Қажекең, Қажымұрат Смағұлов ағамыз менің хаттарымды қорытып, күзеп-түзеп бастырып жүрген жан екенін кейін білдім. Аз-кем әңгімелескеннен кейін Мұқаң менің аталарымды білетіндігін айтты. Бұрын-соңды таныс емес адамның мұндай сөзінен кейін өн-бойым жібіп кете барды. Емін-еркін отырып ұзақ сөйлестік. Сондағы ұққаным – өнерден таласы бар жастардың болашағына бағыт беріп, атадан қалған «бұлақ көрсең, көзін аш» ұстанымын жалғастырмақ ниеті бар екен. Ағаның саулығын тілеп орнымнан тұруға ниеттенген тұста мен үшін күтпеген ұсыныс айтты.

- Жазғы демалыс уақытында осындағы алдыңғы толқын журналист ағалардың қасында болып, шығармашылығыңды шыңдай түссең қайтеді. Бүгін болмаса ертең бір кәдеңе жарар, дегенде не айтарымды білмей, мен «қабырғаммен» кеңесіп келсем қайтеді деппін. Облыс орталығынан онша шалғай болмаса да, туған ауылыма жеткенше уақыт құрғыр өтпей қойды. Үйдегі анама осындай ұсыныс алғанымды айтуға асықпын. Қанша жерден тағатсызданып тұрсам да, шынымды айтайын, қалаға ауысу туралы ешқандай ой жоқ менде. Оның үстіне ата-баба дәстүрімен отбасындағы сүт кенже қарт анасынан асып қайда барсын. Ал анамның ауылдан қозғалмасын анық білемін. Алайда, жүрегім мұндай жағымды жаңалықты жеткізуге алып-ұрып тұр-ақ. Араға біраз уақыт салып үлкен шаңыраққа аға-апаларым түгел жиналды. Мұндайда үйдің іші думанға толып кетпей ме. Дастархан басында анам менің мәселемнің нүктесін қойғандай болды. Тәубесін айта отыра, ақжол тілегендей болды маған. Ендігі жерде оны тастап ешқайда кетпейтінімді айтып мен қарсылық білдірдім.

- Жоқ, балам. Шүкір Аллаға, кешегі күні жастайыңнан әкеңнен қалғанда бір сендерді жеткізсем деп жалбарынған едім. Міне, бүгін сол тілегім қабыл болып отыр. Бар, көр, үйрен, ағалық қамқорлығы шығар, тектінің тілін алсаң жаман болмассың, - деді анам. Не керек, ұзын сөздің қысқасы, шілде айынан бастап облыстық газеттің экономика бөліміне тілшілікке қабылдандым. Тіпті болмаса, жаңа оқу жылы басталған тұста елге қайтып кетермін деген ой да болды. Иісі мұрныма бармайтын салада қиындықтар кездесетіні түсінікті де. Қазіргі кезде ұсақ-түйек боп көрінетін кейбір детальдарға дейін білмегендіктен тісқаққан ағалардан сұрап аламын. Бұл тұста жоғарыда айтып өткен Қажекең – марқұм Қажымұрат Смағұловтан талай нәрсені үйрендім. Кей кездерде білмегеніңді сұрағанда жаратылысынан сатирик боп туған ол кісінің жауабының не рас, не қалжың екенін ұқпайсың. Біраз әуреге салып алады да, қолма-қол сабырлылыққа көшіп, мынау былай болады, мынаны былай жаса дейді. Кейіннен зейнеткерлікке кетерінде өзі жүргізетін «Ауыл» қосымшасын маған аманат етіп кеткені бар. Шындығында, көре-көре көсем боласың дегенді қазекем тегін айтпапты-ау. Журналистиканың өзге салалардан айырмасы сол – негізгі тақырыбың қайсы болса, сол саланы толық зерттейсің, біліміңді жетілдіресің, бүге-шігесіне дейін меңгеруге тиіссің. Әсіресе, «Сарыарқа самалында» бұл - дәстүрлі үрдіс. Редактордың өзі бас болып, осы салаға маманданыңдар деген талап қоятын. Пайдасын осы күнге дейін көріп келемін. Сол уақытта журналистикаға келгендер арасында бүгінде республикаға танылып үлгерген Айбек Қобдабай, Асыл Әбіш, Сая Молдайып, Қайрат Әбілда сынды тілшілер бұл күндері «Ақпарат саласының үздігі» атанған тісқаққан, тәжірибелі журналис- тер көшін бастап жүр. Кейінгі леппен келген облыстық басылымның қазіргі бас редакторы Нұрбол Жайықбаев, Мұрат Аяғанов, Нұржайна Шодыр, Гүлжайна Түгелбай, Құндыз Қабылденовалар ұстазы жақсының ұстамы жақсы екенін дәлелдеп жүр. Табиғаты жаратқан талабы ма, кім білсін, әйтеуір үнемі ізденіп жүретін Мұхит Мүрсәліұлы - 70-тен астам ғылыми және публистикалық мақалалар, монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Ертіс-Баян өңірінің тумалары Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Шәкен Айманов жайлы деректі фильмдердің сценариін жазған. Өңірдің ең ірі жоғары оқу ордасы - С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің экономика, журналистика факультеттерінде дәріс беріп, жүздеген жүйріктің жүгенін сыпырып, бәйгеге қосты. Ертеңін ойлаған ел тал егеді деген тәмсіл бар. Осы қағиданы бекем ұстанған Мұхит Мүрсәліұлы жас журналистерді тәрбиелеу жолында тынымсыз еңбек етіп келеді. Бұл күндері Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде ағартушылық жұмысын жалғастыруда. Қоғамшыл тұлға қол қусырып отыруды қаламайды. Бұған «Бас редакторлар клубы» ҚБ Павлодар облыстық филиалын ұйымдас-тырып, тәй-тәй тұрғызғандығы дәлел. Өңірлік журналистиканың өрге домалауын межелеп, түрлі шараларға ұйытқы болды. Алыс-жақын шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнатуды сәтті жүзеге асырды. Қаламды серік еткен әріптестерінің мүддесін қорғау жолында ештеңеден тайынбай, небір күрделі мәселелер түйінін қою кезінде өз жеке басын талай мәрте «бәйгеге тіккенін» білеміз. Рас, бүгіндері күйбең тірлікті көлденең қойып, уақыттың зырылдауығын қоса байлап жататындар көп. Біздің Мұқаң - ерінген себеп іздейді, іскер салдарымен күрес іздейді деген топтың адамы. Мынадай бір ғана деректі айтпай кетуге болмас. Шығармашылықпен айналыса жүріп жиырма жылдан астам облыстық футбол федерациясына жетекшілік жасау, оған қоса Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетіндегі белсенділік таныту, халықаралық ойындар мен чемпионаттарда комиссарлық ету, инспекторлықты алып жүруге қандай күш, қандай жігер керек?! Осындай тұлғаның өмірлік жолына қарап, кейінгі толқын жастар өздерін қайрайды, еліктейді. Болаттай берік, шойындай шымыр ағаның соңынан ере білу, салып берген соқпағынан таймау - біз үшін үлкен жауапкершілікті талап ететін борыш.

Жұмабек СМАНОВ.

 


Количество показов: 506

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  273

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  260

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  264

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  260

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  270

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  257

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  296

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  298

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  293

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  319

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  308

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  320

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  306

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  334

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  333

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  430

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  391

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  394

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  475

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  486

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  417

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  478

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  465

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  422

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  478

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  425

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  656

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  554

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  568

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  546

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  553

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  543

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  486

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  541

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  570

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  670

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  592

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  664

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  658

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  655

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  641

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  670

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  639

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  726

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  768

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  764

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  721

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  712

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  727

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  743

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  932

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  959

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  845

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  728

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  822

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  740

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  790

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1015

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1009

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  963