«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022
90
Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022
88
Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022
93
Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022
94
Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022
91
Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022
94
Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022
88
Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022
84
Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022
91
«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022
98
Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022
87
Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022
82
«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022
81
Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022
81
Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022
87
Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022
93
Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022
172
«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022
81
Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022
78
Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022
82
Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022
85
Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022
90
Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022
81
Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022
199
Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022
78
Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022
84
Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022
75
Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022
82
Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022
81
Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022
73
«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022
81
Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022
79
Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022
82
ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022
74
Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022
78
«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022
118
Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022
470
Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022
346
Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022
587
Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022
679
Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022
527
Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022
573
Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022
539
Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022
525
Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022
592
Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022
525
Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022
554
Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022
568
Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022
518
Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022
535
«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022
651
«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022
669
Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022
651
Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022
631
Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022
666
Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022
729
Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022
645
Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022
624
Жомарт жандар
10:21 14.06.2022
632
Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022
648
Өкінішке қарай, соңғы уақытта әскери бөлімдерде сарбаздардың өз-өзіне қол жұмсау фактілері көбейіп кетті. Жұмбақ жағдайда өмірмен қош айтысқан өрімдей жігіттер тағы бар. Ел аман, жұрт тыныш бейбіт заманда қатардағы жауынгерлердің жарық дүниеден өтуі күллі қазақ жұртының қабырғасын қайыстырғаны анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда арнайы комиссия құрып, қайғылы оқиғалардың мән-жайын тексеруді және алдын алуды қатаң тапсырды. Осы орайда әскери бөлімдердегі қысымдықты азайтудың қадамдары қандай болуы тиіс деген мәселені «Алаңның» талқысына салған едік.
Дана НҰРЖІГІТ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты (пікір интернеттен алынды):
- Әскерде болып жатқан төтенше жағдайлар, жас курсанттардың құпия жағдайдағы өлімі, әскердегі әлімжеттік оқиғалары бозбала бойында бүр жарып келе жатқан отаншылдық сезімді аяздай қарып, санасына ауыр соққы болып тиеді. Осындай оқиғаларды естіген қай ана баласын әскерге жібергісі келеді?! Қай жас әскерге қаймықпай барып, елдің шекарасын қызғыштай қорып, азаматтық борышын абыроймен атқаруға ұмтылады?!
Соңғы статистикалық деректерге зер салар болсақ, көпшіліктің бойын үрей билейтіні анық. 2021 жылы әскери қызметшілердің өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша 16 қылмыс тіркелді. Ал биылғы жылдың төрт айында 4 қылмыстық іс қозғалған. Жақында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы әскери бөлімде бесінші жағдай тіркелді. Мұндай жаңалықтардан соң жаның түршігеді. Түптеп келгенде, әскери училищелердің курсанттары мен мерзімді қызметтегі сарбаздар бейбіт уақытта қазаға ұшырамауы тиіс. Бұл – қоғамда орын алып жатқан проблемалардың айнасы. Сондықтан болашақ әскери қызметшілермен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін қайта қарау қажет. Арнайы бағдарлама әзірлеу де артық болмайды. Біздің басты міндет – Отан алдындағы борышын өтеуге ниетті жастардың амандығын сақтау.
Мейірман АРЫЗБЕКОВ, Павлодар қаласындағы №5512 әскери бөлімі әскери полиция бөлімшесінің аға офицері, аға лейтенант:
- Әскери бөлімдерде оқыс оқиғалардың алдын алу бағытында жүргізілетін ауқымды жұмыстардың бастысы – профилактикалық шаралар. Біз Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге келген әр сарбазбен жеке де, топпен де сөйлесіп, көңіл-күйін, ой-пайымын байқаймыз. Осы орайда Ұлттық Ұланда, оның ішінде Павлодар қаласындағы әскери бөлімде соңғы 3-4 жылда әлімжеттік фактілері тіркелмегенін атап өткен жөн. Бұл екі бөлімде 15-20 жыл бойы тынбай еңбек етіп келе жатқан психологтар жұмысының жемісі деуге болады. Әрине, әскерге келгенге дейін әр азамат - бір үйдің еркесі, кенжесі. Кейде отбасылық қиындықтары бар жігіттер де келеді. Оларды ерекше бақылауға алып, жүйелі түрде әңгімелесеміз. Сондай-ақ, әр апта сайын сарбаздардың дене жарақаттарын байқаймыз. Бөлімдегі барлық бейнебақылау камералары да тұрақты түрде тексеріледі.
Профилактикалық жұмыстар командирлермен, мерзімді келісімшарт бойынша қызмет атқаратын жауынгерлермен де жүргізіледі. Айталық, олар сарбаздардан, олардың туыс-туғандарынан қаржы талап етпеуі үшін ай сайын банк карталары тексеріледі. Тізіп айтар болсақ, осындай ауқымды жұмыс көп. Бәлкім, қоғам үшін олар көзге ілінбейтін іс болып көрінуі мүмкін. Десе де, қайғылы жағдайлардың алдын алу жолында дәл осындай кездесу, түсіндіру, әңгімелесу, ой бөлісудің маңызы зор.
Жанарыс ХЫЗЫР, «Сенімен болашақ» ата-аналар қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы:
- Әскери бөлімдерде орын алған соңғы қайғылы жағдайлар ата-аналардың, жеткіншектердің әскерге деген сенімін одан әрі түсірді десек, артық айтқандық емес. Бүгінгі күні аналар мен әкелер балаларын Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге жіберуден қорқып қалды. Сенімді қайта күшейтіп, ескі жүйені жою үшін түбегейлі өзгерістер керек. Солардың бірі – сарбаздардың ата-аналарынан комитет құру. Бір жылға шақырылып, қатардағы жауынгер атанған бозбалалардың ата-аналары әскери бөлімдерге барып, сондағы жағдайды, командирлер мен сарбаздар арасындағы қарым-қатынасты бақылағаны жөн. Әйтпегенде, бүгінде кейбір әскери қызметшілер мен «тәжірибелі» сарбаздарға «қой!» дейтін ешкім жоқ. Өкінішке қарай, әскери қызмет атқарып, азаматтық парызын өтейтіндердің басым бөлігінде мейірімділік, адамгершілік, жанашырлық жоқ. Сондықтан қоғамдық бірлестіктер, белсенді азаматтар семинарлар өткізіп, кездесулер ұйымдастырып, адами құндылық туралы әңгіме өрбітсе де, құба-құп.
Сонымен қатар, бүгінгі күні Отан қорғауға аттанған жігіттердің көбі әлсіз, шыдамсыз әрі сылбыр. 18 жасқа дейін еңбек етіп, өмір талабына сай икемделіп, шынығып үлгермегендер сәл қиындықты көтере алмайды. Әскерге барар-бармаста үйін сағынып, еркіндікті аңсайды. Өз қатарластарымен байланыс орнатуда қиналады. Осының барлығы өзекті өртейтін жайттарға әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан әскердегі әлімжеттікті тыю үшін ата-аналар мен қоғамның бақылауын күшейтіп, жастардың жігерін жану керек.
«Алаңды» үйлестірген – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.
«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022
90
Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022
88
Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022
93
Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022
94
Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022
91
Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022
94
Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022
88
Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022
84
Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022
91
«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022
98
Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022
87
Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022
82
«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022
81
Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022
81
Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022
87
Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022
93
Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022
172
«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022
81
Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022
78
Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022
82
Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022
85
Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022
90
Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022
81
Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022
199
Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022
78
Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022
84
Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022
75
Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022
82
Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022
81
Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022
73
«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022
81
Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022
79
Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022
82
ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022
74
Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022
78
«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022
118
Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022
470
Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022
346
Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022
587
Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022
679
Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022
527
Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022
573
Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022
539
Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022
525
Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022
592
Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022
525
Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022
554
Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022
568
Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022
518
Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022
535
«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022
651
«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022
669
Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022
651
Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022
631
Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022
666
Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022
729
Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022
645
Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022
624
Жомарт жандар
10:21 14.06.2022
632
Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022
648