Ұстаздар әулеті

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Ұстаздар әулеті 02.10.2021

Ұстаздар әулеті

Айналамызда саналы ғұмырын шәкірттердің санасына сәуле шашып, білім беру ісіне арнаған жандар көп. Әулетімен бір мамандыққа қызмет етіп, бір мақсатқа тер төгіп келе жатқан жандар да баршылық. Ертіс ауданының тумалары – ағайынды Қасен, Қасымтай Молдабековтер ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, бірнеше буын шәкірт тәрбиелеп шығарған. Олардан тараған ұрпақтар да бүгінде облыстың білім беру саласына үлес қосуда. Молдабековтер әулетінен он төрт мұғалім шыққан екен.

Әулеттің үлкені Қасен Сәдуақасұлы - білім беру саласында 42 жыл бойы талмай еңбек еткен еңбек ардагері. Қасымтай Сәдуақасұлы да - ғұмырын шәкірт тәрбиелеу ісіне арнаған жан. Соңынан ерген жалғыз қарындастары Күлжамал да білім беру саласында із қалдырған.

Қарапайым математика пәні мұғалімі Қасен Сәдуақасұлы жылдар өте келе мол тәжірибе жинап, мектеп басшылығының тізгінін қолына алады. Кейін ауылдық кеңестің төрағасы ретінде жемісті қызмет еткен. Зайыбы Күлбайрам Әутәліпқызы – қазақ тілі пәні мұғалімі. Бүгінде отбасындағы бес қыздың үшеуі ата-анасының жолын жалғап, табысты еңбек етуде. Алма №43 орта мектепте қазақ тілі, Маржан №2 Ертіс орта мектебінде орыс тілі, Мәншүк №36 мектепте математика пәндерінің мұғалімдері. Білім беру саласына қосқан үлестері лайықты бағаланып келеді.

Қасымтай Сәдуақасұлы да Ертіс ауданының білім беру саласына үлес қосқан. Қарақұдық орта мектебінде 35 жыл бойы балаларды еңбекке баулыған. Жұбайы Майра Қайдарқызы да осы мектепте қырық жылға жуық табан аудармай, ауыл балаларын білім нәрімен сусындатты. Математика пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған ол білім беру саласына ғұмырының 43 жылын арнапты. Қос мұғалім тәрбиелеп өсірген бес ұлдың екеуі білім беру саласына қызмет етіп келеді.

Ағайынды Бауыржан, Қайыржан Молдабековтер өмірлік жарларын осы саладан жолықтырған. Бауыржан Қасымтайұлы еңбек жолын Қарақұдық орта мектебінің тарих пәні мұғалімі болып бастап, көп жылдар бойы тәжірибе жинады. 2017 жылдан бастап Қызылжар орта мектебінің директоры қызметінде. Жұбайы Жанат Қияшқызы №2 Ертіс орта мектебінде химия пәні мұғалімі болып еңбек етуде. Ерлі-зайыптылардың педагогика саласына үлес қосып келе жатқандарына отыз жылдан асыпты.

Қарағаш орта мектебінде математика пәні мұғалімі болып қызмет жолын бастаған Қайыржан Қасымтайұлы кейін Ұзынсу орта мектебінің директоры болды. 2020 жылдан бастап Павлодар қаласындағы №43 мектептің директоры қызметінде. Зайыбы Айгүл Амангелдіқызы – Павлодар қаласының №6 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

- Молдабектер әулетінде көпшілігіміз ұстаздық жолды таңдадық. Мұғалімдер отбасында өскендіктен таңдауымыз осы мамандыққа түскен болар. Әулетімізге түскен келіндер де мұғалімдер болып шықты. Менің өмірлік жарым Болат Қайыржанұлы Орумбаев та - мұғалім. №2 Ертіс орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің маманы, – дейді Маржан Қасенқызы сүйікті мамандығы туралы сөз етіп.

- Менің таңдауыма тікелей әсер еткен әкем Қасен Сәдуақасұлы еді. Ол кісі Ертіс ауданының Ертіс, Қарағаш, Тоқта мектептерінде директор болды, кейін Қарақұдық ауылдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. Жұртшылық әкемнің ақыл-кеңесіне көп жүгінетін. Қоғамда беделі жоғары болғанын бала жүрегіммен мақтан етіп өстім. Кейін әкем: «Ұстаздық – ең құрметті мамандық. Қыз балаларға лайықты қызмет. Қызым, сенің қабілетің бар, қолыңнан келеді!» деп маған сенім артқаннан кейін осы мамандықты меңгеруге бел будым. Сонда орыс тілі пәні мұғалімім Эмма Острожко: «Дұрыс таңдау жасадың. Мұғалім – жанға шуақ сыйлайтын мамандық. Жылдар өте келе өзіңнен оқып кеткен шәкірттерің кездесіп, ризашылығын білдіргенде, мұғалім үшін ең үлкен сый осы болады!» дегені әлі есімде. Мұғалімімнің осы сөзіне білім беру саласында қызмет етіп жүрген 27 жылда көзім әбден жетті. Мектептен түлеп ұшып, өмірден өз орындарын тапқан шәкірттерім алдымнан шығып, алғыстарын айтқанда ерекше сезімге бөленемін. Бұл – тек ұстаздық еткен жандарға тән шынайы сезім, - дейді Маржан Қасенқызы.

Бір қызығы, Молдабековтар әулетінің келіндері де білім беру саласын таңдапты. Зәуреш Кайырбекқызы 2008 жылдан бастап Қызылжар орта мектебінде тарих пәні мұғалімі болып қызмет етіп келеді. Әйгерім Маратқызы - Павлодар қаласының №32 мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі. Білім беру саласында қызмет еткеніне жиырма жылға жуықтапты.

Инсар Нұржанұлы – ғұмырын білім беру ісіне арнаған Молдабековтер әулетінің үшінші буын өкілі. Қызылжар орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі болып қызмет етеді. Түрлі деңгейдегі жарыстарда бақ сынап, аудан намысын қорғап жүр.

Педагогика саласында көп жылдар бойы қызмет етіп, балаларға білім дәнін сеуіп келе жатқан Молдабековтер әулетінің еңбегі көпке үлгі. Ертіс ауданынан шыққан талай шәкіртке жол көрсетіп, өмірлік бағдар берген ұстаздарына деген шәкірттер алғысы шексіз. Әулет тарихы – ұрпақтар сабақтастығының айқын үлгісі.


Торғын ОРАЗАЛЫ


Количество показов: 308

Возврат к списку