Ұстаздың есімі берілді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Ұстаздың есімі берілді 12.10.2021

Ұстаздың есімі берілді

Ақсу қаласына қарасты Мәмәйіт Омаров ауылы Жамбыл орта мектебіндегі «Рухани жаңғыру» кабинетіне осы арнайы залдың ашылуына ұйытқы болған, асық жинау мен қамшы түрлерін зерттеуге ден қойған ұлағатты ұстаз Жиенхан Қаманайдың есімі берілді.

Газетіміздің тұрақты оқырманы, басылым жанашыры Жиенхан Қаманайдың ұлттық құндылықтарды ұлықтауда еткен еңбегі ерен. Жамбыл орта мектебінің мұғалімі елімізде алғашқылардың бірі болып білім ордасының жанынан «Рухани жаңғыру» кабинетін ашты. Бағдарлама жарияланған сәттен бастап ел рухын жаңғырту мақсатында тер төкті. Асықтың 3 мыңнан астам түрін жинап, бояп, балабақша мен бастауыш сынып оқушыларына арналған сылдырмақ, санамақ, дойбы сынды заттарды жасап, ұлттық ойынымыздың сан қырлы сырын ашты. Қамшының жұрт біле бірмейтін 20-дан астам түрін дайындап, олардың әрқайсысының ерекшелігін өскелең ұрпаққа үйретті. Облысымызға, тіпті күллі республикаға осы өнерімен танылды. Бірнеше рет арнайы жобаларымыздың кейіпкері болып, газет бетінде бар білген-түйгенімен де бөліскен еді. Өкінішке қарай, осы жылдың мамыр айында Жиенхан Қаманай ағамыз өмірден өтті. Бірақ артында өшпес із қалдырды. Өзі іргетасын қалаған «Рухани жаңғыру» кабинеті - соның жарқын үлгісі. Ендігі ретте бұл кабинет қолөнер шеберінің есімімен аталатын болады. Ақсу қаласының Құрметті азаматы, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Светлана Қондыкерова мұндай игі істің ұрпақ тәрбиесіне берері мол екенін атап өтті.

- Шебер әдіскер, қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз Жиенхан Қаманай көзі тірі болғанда 5 қазанда 62 жасқа толар еді. Саналы ғұмырын ел рухын жаңғырту, ұмыт болған құндылықтарымызды дәріптеу, ана тілінің аясын кеңейтуге арнаған азаматтың есімі жұрттың жадында сақталары хақ, - деді С.Қондыкерова. Жиенхан ағаның ұлы - Алтайхан асық, қамшыны зерттеуге ынталы оқушыларға ой салар деген ниетпен әкесі дайындаған бір топ дүниені «Рухани жаңғыру» кабинетіне тапсырды.

- Әкеміздің қолынан шыққан әр заты біз үшін ыстық. Сондықтан, өзі жасаған ұлттық дүниелерін келешек ұрпақ көрсін, зердесіне түйсін деген мақсатпен осы кабинетке қоюды жөн көрдік. Шәкірттерінің кәдесіне жарар деп аманаттадық. Әкеміздің есімін кабинетке беру ісінің басы-қасында болып, атсалысқан барша жанға алғыс білдіреміз, - деді А.Жиенханұлы. Қазақта «Жақсының аты өлмейді» деген жақсы сөз бар. Жиенхан ағаның еткен еңбегі, көркем мінезі, ұлтқа, Отанға деген сүйіспеншілігі, елді дамыту жолында қосқан сүбелі үлесі әрқашан ұрпақ есінде сақталары анық.

 

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

 



Количество показов: 653

Возврат к списку