Суармалы жердің өнімі артық

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Суармалы жердің өнімі артық 17.04.2021

Суармалы жердің өнімі артық

Биыл аймағымыздағы егіс алқабы 1 490,3 мың гектарға тең. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 59 мың гектарға артық. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді игеру бойынша атқарылған жұмыстар өз нәтижесін бергенін атап өткен жөн. Мемлекет тарапынан қаржылай қолдаудың артуы да шаруаларды «шабыттандыруда».

Карантиннің «салқынына» қарамастан аймағымыздың ауыл шаруашылығы саласы өткен жылды табысты аяқтағаны белгілі. Сөзімізге дәлел болсын, жалпы өнімнің өсімі 27 пайызға артып, 301 миллиард теңгеден асқан. Осылайша, нақты көлем индексі 107,6 пайызды құрап, респуб-лика бойынша үздік үш өңірдің қатарына ендік. Биыл да өңірдің агроөнеркәсіп кешені саласында жаңашылдықтар орын алады деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Асайын Байханов айтып берді. Ең әуелі маңызды науқан – көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы ақпарат берілді. Биыл өңірімізде дәнді дақылдар алқабы 911 мың гектарды, майлы дақылдар 189,4 мың гектарды, картоп 18,8 мың гектарды, көкөністер 7 мың гектарды, бақша дақылдары 2,7 мың гектарды, мал азығы 361,1 мың гектарды құрап отыр. Сапалы тұқым мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Диқандар 145,4 мың тонна тұқым әзірлеген. Бұл қажеттіліктен асып жығылады. Қазіргі уақытта барлығы арнайы зертханаларға жеткізіліп, сапасы анықталған. Көктемгі егіс науқанына 21 мың тонна (былтыр 19,5 мың тонна) арзандатылған дизель отыны бөлініпті. Жауапты операторлар анықталған. Олар: «LF TRADE», «ТК Парнас» және «Рымжан Трейд» серіктестіктері. Әр тоннаның бағасы 189-190 мың теңге аралығында. Оның ішіне оператордың да қызметі кіреді. Бұл – нарықтағы бағадан 20 пайызға арзан. Көктемгі дала жұмыстары кезінде техникаң сыр берсе, орта жолда опық жеп қалуың әбден мүмкін. Осы орайда, шаруалар жыл сайын техника паркін жаңартуды ұмыт қалдырған емес. Жеке қаражатына да, бағдарламалар арқылы да қажетті техникаларды сатып алуда. Бүгінде көктемгі егіс науқанына техника паркінің дайындығы 99 пайызды құрап отыр. Егіс жұмыстарына 207 егіс кешені, 5800 трактор және өзге де техникалар жұмылдырылады деп жоспарлануда. Биыл өсімдік шаруашылығын қолдау мақсатында субсидия ретінде 3,4 млрд теңге қаражат бөлінген. Атап айтсақ, минералды тыңайтқыштар құнын субсидиялау ісіне 867 миллион теңге, саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантиндік объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға 1 472 млн теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға 836 млн теңге, су құнын арзандатуды субсидиялауға 286,2 млн теңге қаражат қарастырылған. Бір атап өтерлігі, соңғы жылдары шаруалар минералды тыңайтқышты қолдануға баса мән беруде. Бұл – жердің құнарлылығын сақтауға таптырмайтын әдіс. Тыңайтқыштың құны субсидияланатынын ескерген диқандар өткен жылмен салыс-тырғанда минералды тыңайтқышты 67 пайызға артық сатып алған. Мол әрі сапалы өнімге қол жеткізудің бірден-бір жолы – суармалы алқапты дамыту. Бұл бағыттағы шаралар өсімдік шаруашылығын өркендетіп қана қоймай, малдың сапалы жемазығын әзірлеуге жол ашып, сүт және ет бағытындағы мал шаруашылығының алға жылжуына түрткі болмақ. Бүгінде аймағымыздағы суармалы алқаптың көлемі 56 мың гектарға тең.

- 1 гектар суармалы алқаптың өнімі жай алқаппен салыстырғанда 10-17 есеге артық. Айырмашылық тайға таңба басқандай көрініп тұрған болар. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар жандануда.
Ең ірі жоба – Ертіс-Успен жасанды су каналының құрылысы. Жоба сәтті жүзеге асса, 10 мың гектар жер суармалы алқапқа айналады деп күтілуде. Осылайша, агроөнер-кәсіп өнімділігі 20 пайызға артып, 250 мың тонна өнім жиналатын болады, - дейді Асайын Байханов. Жиын барысында қайта өңдеу бағытындағы жобалар жайлы әңгіме өрбіді. Белгілі болғандай, алдағы уақытта облыста екі крахмал зауыты пайда болмақ. Бұрындары диқандар ұсақ картопты егіс алаңында қалдырып кетсе, ендігі жерде шикізат ретінде кәдеге жарамақ. Тіпті, бүлінуге шақ қалған картоптың өзін тиімді пайдалануға болады екен. Зауыттың бірі Павлодар ауданының аумағында бой көтермек. Оған 9 гектар жер бөлініп те қойған. Жоба құны – 3-4 млрд теңге. Екінші жоба Ақсу қаласында ашылады деп күтілуде. Күнбағысты қайта өңдеу бағытында да жұмыстар атқарылып жатыр. Естеріңізде болса, осыдан 4-5 жыл бұрын Тереңкөл ауданында шағын күнбағыс майын шығаратын зауыт пайда болған еді. Өкінішке қарай, тағдыры ұзаққа созылмады. Салдарынан жергілікті шаруалар әлі күнге дейін шикізатты сыртқа өткізуге мәжбүр. Кейін сол шикізат дайын өнім ретінде «қайта оралып», павлодарлықтар қымбат бағамен сатып алатыны жасырын емес. Асайын Байхановтың айтуынша, Павлодар қаласының шағын индуст-риалды аймағында жылына 2 мың тонна табиғи таза күнбағыс майын шығаратын кәсіпорын ашылады деп жоспарлануда. Зауыт өнімдері ең әуелі тұрақтандыру қорына жөнелтілмек. Алғашқы өнім жыл соңына дейін сөрелерде пайда болмақ.

 

Оралхан ҚОЖАНОВ.

 


Количество показов: 391

Возврат к списку