Суармалы жердің өнімі мол

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Суармалы жердің өнімі мол 24.06.2021

Суармалы жердің өнімі мол

Аймағымызда суармалы алқапты дамыту бағытында қолға алынған жобалар көп. Бұл – агроөнеркәсіп кешенін жандандыру арқылы облыс экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Жобалардың жүзеге асуына «ҚазСуШар» мекемесі атсалысып жатқанын атап өткен жөн.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Оң өзгерістер орын алады


VNB_8576.JPG

Бүгінде аталған компанияның дем беруімен облыста 5 инвестициялық жоба жалғасуда. Железин ауданындағы жұмыстар аяқталып та қойған. Ақтоғай, Павлодар және Май ауданындағы қос жобаның тағдыры – уақыт еншісінде. Жалпы, барлық жобалар сәтті іске қосылса, 17,5 мың гектар суармалы алқап пайда болмақ. «ҚазСуШар» кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалының директоры Жұмагелді Қожановтың айтуынша, суармалы алқапты дамыту арқылы картоп, көкөніс өнімдері, мал азығы молынан жиналмақ.

- Жобалар жүзеге асса, мал бордақылау алаңдары, тауарлы сүт фермалары, көкөніс қоймалары көптеп салынатыны түсінікті. Қайта өңдеу бағытында да оң өзгерістер орын алатынына сенім мол. Бастысы, 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Жобалардың әрқайсысы қолға алынбас бұрын экологтардың, өзге де сала мамандарының пікірі назарға алынды. Тиімділігі есептелді. Түптеп келгенде, суармалы алқапты дамыту ел Президентінің тапсырмасы екенін естен шығармаған жөн, - дейді Ж.Қожанов.

 

«Болашақ-Агро»-ның болашағы зор

VNB_8568.JPG

Бірден айтайық, инвест-жобаларға бөлінген қаражат мемлекеттен бөлінген. «Қазсушар» мекемесі қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалап, үкімет пен шаруаның арасында алтын көпір болып отыр. Жоғарыда атап өткеніміздей, Железин ауданында басталған жұмыстар толығымен аяқталған. Жобаның тиімділігіне көз жеткізу үшін Прииртышск ауылдық округіне қарасты Үрлітүб ауылында орналасқан «Болашақ-Агро» серіктестігіне арнайы бардық. Аталған серіктестіктің құрылтайшысы Қуат Анафиннің айтуынша, инвест-бағдарламаға ілігу оңайға соқпаған. Тиісті құжаттарды реттегенше біраз уақыт өткен. Қайта жергілікті әкімдік, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Қазсушар» кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы мамандары қолдау көрсетіп, «пойыздың соңғы вагонына» үлгеріп қалыпты.

- Жобаға сәйкес, 721,1 гектар жер суармалы алқапқа айналды. Бұған дейін қу тақыр болатын. Жоба құны – 355,9 миллион теңге. Ол қаражатқа 4 су сорғыш станциясы, кешенді трансформаторлық қосалқы станция салынды. Бір су сорғыш станциясы Ертіс өзенінен сағатына 400 текше метр суды алуға қауқарлы. Бұдан бөлек, өзеннен егіс алқабына дейін құбыр төселді. Осы жерден мемлекеттің «миссиясы» аяқталды. Бұдан кейін өз қаражатыма егіс алқабына құбырлар тарттым. 5 жаңбырлатқыш техника сатып алынды. Қажетті ғимараттар салынды. Қысқасы, жобаны соңына дейін жеткізу үшін 1 млрд теңге қаражат жұмсалды, - дейді Қуат Анафин. Жұмагелді Қожанов аталған шаруашылық басшысының батыл қадамдарын жоғары бағалауда. Себебі, көп жағдайда мемлекет өзіне тиесілі шаруаларды тындырып, ары қарай шаруалар қаржының жеткіліксіздігін алға тартып, жобаны аяқсыз қалдыратын көрінеді. ««Болашақ-Агро» серіктестігі – инвестбағдарламаның игілігін көрген еліміздегі алғашқы шаруашылықтардың бірі», деді Ж.Қожанов. Биыл егіс алқабына бидай, күнбағыс, арпа және рапс егіліпті. Қуат Анафин алдағы уақытта элиталы тұқым үлестіретін шаруашылық құруды көздеп отыр. Тиімділігі өзге шаруашылықтарға да зор болмақ. Себебі, тұқым өндіруші мәртебесі бар шаруашылықтан тұқым сатып алғаны үшін арнайы субсидия қарастырылатыны белгілі. Белгілі болғандай, Маусымына 2 млн 900 текше метр су алуға мүмкіндік береді. Жалпы облыста осы тектес 3 инвест жоба жүзеге асырылуда. Солар арқылы аймақтың егістік алқабын кеңейту жоспарда бар. Осылайша, Мемлекет басшысының 2030 жылға дейін респуб-лика бойынша егістік алқабын 3 млн гектарға дейін ұлғайту тапсырмасына үлес қосады.

 

Жоба жолда қала ма?

Аймағымызда суармалы алқап туралы әңгіме қозғалса, жергілікті билік Ертіс-Успен каналының құрылысын алға тартады. Себебі, ауқымды жоба 10 мың гектар жерді суармалы алқапқа айналдыруға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, бүгінде каналдағы құрылыс жұмыстары тұралап қалған. Респуб-ликалық бюджеттен қаржыландырылатын жобаның аяқталуына шамамен 4 млрд 600 млн теңге қаражат қажет етілуде.

- Жобаның құрылысы 2020 жылы басталды. Оған сәйкес, каналдың ұзындығы 12,5 шақырымға тең. Әзірге 7,5 мың шақырымы ғана дайын. Алты аванкамераның біреуі салынды. Бюджеттен бөлінген 5 млрд 800 млн теңге қаражат толығымен игерілді. Қалған соманы алу үшін тиісті министр-лікке өтініш жолдаған едік. Өкінішке қарай, пандемияға байланысты себептер айтылып, өтінішіміз кері қайтарылды. Десе де, қол қусырып отырмай, облыс әкімдігімен бірге жобаның маңыздылығын дәлелдеуге тырысудамыз, - дейді Жұмагелді Қожанов. Қаныш Сәтбаев атындағы канал директорының кеңесшісі Леонид Баталовтың айтуынша, бұл жобаның құрылысы КСРО уақытында қолға алынған. Бірақ, кейін тоқырау салдарынан жұмыстар аяқсыз қалған. Төселген плиталар талан-таражға түскен.

- Каналды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасын табуы тиіс. Егер осы қалыпта 1-2 жыл тұрса, эрозия пайда болып, канал іші құмға толып қалуы әбден мүмкін. Шөп қаулап өсіп кетуі де ғажап емес. Қаржыландыру жалғаспаса, осы уақытқа дейін жұмсалған мемлекет қаржысы суға сіңді дей беріңіз. Мемлекет басшысының суармалы алқапты дамыту жөнін-дегі тапсырмасы жүзеге асуы керек. Жер, су – бәрі дайын. Шаруалар каналдың іске қосылуын асыға күтіп отыр, - дейді Леонид Баталов. Иә, жобаның артықшылығы көп. Тіпті, шаруалар тариф мәселесіне де бас ауыртып отырған жоқ. Канал құрылысы аяқталса, диқандар бөркін аспанға ататыны сөзсіз. Бар үміт – бұл іске жауапты министрліктердің құзырында.

 


Количество показов: 329

Возврат к списку