Субсидия талаптарын жиі өзгерту дұрыс па?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Субсидия талаптарын жиі өзгерту дұрыс па? 11.11.2021

Субсидия талаптарын жиі өзгерту дұрыс па?

Жасыратыны жоқ, демеуқаржының талаптары жиі өзгеріске ұшырап, фермерлер үшін лотореяға айналғанға ұқсайды. Жақында елімізде субсидияны үлестіруде бірқатар шенеуніктің былыққа батқаны әшкереленді. Екібастұз қаласына жасаған жұмыс сапарында Мемлекет басшысы да қолдаудың нәтижесі көзге көрінбейтінін айтып, бұл бағытта кешенді талдау жүргізуді тапсырған болатын. Субсидияның мақсаты іске асып жүр ме? Ұсақ шаруалар тасада қалып қойған жоқ па? Осы сауалдардың жауабын «Алаң» қатысушыларынан сұрап көрдік.

Нұрболат Мақашев.jpg

Нұрболат МАҚАШЕВ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Соңғы жылдардағы өзгерістерге сәйкес, субсидия алу үшін «Qoldau.kz» сайтына өтініш қалдыру керек. Яғни, барлық шаруа электронды түрде реттеледі. Алғашқыда жүйе дұрыс жұмыс істемей, жиі істен шығып жүргені жасырын емес. Шалғайдағы шаруалар да компьютердің «тілін» түсінбей, өзіне тиесілі қаражаттан қағылған болатын. Яғни, интернет жылдамдығы аз, тіпті жоқ жерде шаруасын дөңгелетіп отырған шаруалар демеуқаржы алуға үлгермей қалды. Қазір фермерлер жаңа жүйеге үйренісіп, өтінішін жедел қалдыруға дағдыланған. Десе де, кейбір жағдайда әлі күнге дейін өтінішті толтыру кезінде ақпараттар толық қамтылмайтынын атап өткен жөн. Бұл – өтінішті қанағаттандыру процесін тежеп, сәйкесінше, қаражаттың кешігіп түсуіне алып келмек. Қазір шаруалар субсидия алу үшін ақпараттық-аналитикалық жүйе, төрт түлікті бірдейлендіру жүйесі сияқты 4 бірдей бағдарламадан хабардар болуы талап етіледі. Жаңа жүйенің ашықтығы сол, кім алғашқылардың бірі болып өтініш қалдырады, сәйкесінше қаражат та жедел түседі. Сондықтан да, ұсақ шаруалар тасада қалып қояды деген пікір дұрыс емес. Шаруаларға барынша мұқияттылық танытқан абзал.

Ахмет Серкебаев.jpg

Ахмет СЕРКЕБАЕВ, ауыл шаруашылығы саласының ардагері:

- Субсидия десе, шаруалардың елең ете қалатыны рас. Әрине, мемлекет тарапынан жасалып жатқан зор қолдауды кімнің алғысы келмесін! Десе де, демеуқаржы жүйесі қолға алынғаннан бері жыл сайын өзгерістер енгізіліп, фермерлердің діңкесі құрып біткені жасырын емес. Жыл сайын субсидия тәртібінің өзгеруінің себебі бар. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әр жылдың қорытындысын саралап, тиімсіз бағыттардың тізімін жаңартып отырады. Айтпағым, бұл бағытта кешенді жоспар қажет. Ұзақ жылға арналған бағдарлама әзірленуі тиіс. Сол кезде субсидия тәртібі тұрақты болып, шаруалардың жұмысы да жүйеленер еді. Елімізде жыл сайын агроөнер-кәсіп кешенін дамытуға бөлінген қаражат көлемі артуда. Биылдың өзінде мемлекеттік қолдау 500 млрд теңгеге жетіп отыр. Қаржы көбейген сайын сыбайлас жемқорлықтың да «иісі» сезіле бастайтыны жасырын емес. Сондықтан да қаражаттың әділ бөлінуін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баса назарда ұстауы керек деп есептеймін.

Нұрлыбек Байғалиев.jpg

Нұрлыбек БАЙҒАЛИЕВ, «Бейсен» шаруа қожалығының басшысы (Май ауданы):

- Ақша артықтық етпейді ғой. Қой шаруашылығымен айналысып жүргендіктен сол бағыттағы субсидияларға қол жеткізуге тырысып көрген едім. Алайда, көптеген талаптар көсе-көлденең шығып, қолымды бір-ақ сілтедім. Ережеге сай, қойлардың әрқайсысына электронды сырға тағу керек екен. Өзге де машақаттары аз болған жоқ. Есептеп қарасам, талаптарды орындауға кеткен шығын субсидияның қаражатымен бірдей. Уақытымды сарп етіп, шығындалып құжат жинап әуреленгенше, демеуқаржыдан бас тарту әлдеқайда тиімді емес пе? Бұл – барлық шаруаларға ортақ мәселе. Бұрындары асылдандыру бағдарламасы шеңберінде әр ірі қараға 18 мың теңге субсидия қарастырылып, ол қаражатқа бас ауыртпай қол жеткізетін едік. Жыл сайын ережелер өзгеріп, шаруалардың жүйкесін жұқартқаны рас. Айтпағым, субсидиялардың талаптары жеңілдетілсе екен. Мемлекеттік қолдау ешқандай қиындықсыз діттеген жеріне жету керек.

 

«Алаңды» үйлестірген – Оралхан ҚОЖАНОВ.

 


Количество показов: 1846

Возврат к списку