Түліктің санын шектегеннен ұтамыз ба?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Түліктің санын  шектегеннен ұтамыз ба? 09.12.2021

Түліктің санын шектегеннен ұтамыз ба?

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындап жатқан «Жеке қосымша шаруашылық жайлы» заң жобасы қоғамның қызу талқысына түсуде. Егер аталмыш құжат қабылданса, жеке аулада ұстайтын мал санына шектеу қойылмақ. Бұл тұрғыда көптің пікірі екіге жарылғаны рас. Өзгеріс жалпы елде мал басуының өсуіне тежеу болмай ма? Сауалды «Алаңның» талқысына салған едік.

Алмасбек Садырбаев.jpg 

Алмасбек САДЫРБАЕВ, Ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы (пікір ғаламтордан алынды):

- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Жеке қосымша шаруашылық жайлы» заң жобасын қабылдау тапсырылған-ды. Әрине, мемлекет басшысының көздеген мақсаты дұрыс еді. Бірақ Үкімет бұл заңды қазақтың шаруасына қарсы қылып шығарды. Неге десеңіз, ауыл шаруашылығы министрлігі бұл заң жобасын қосалқы шаруашылықтарды қолдау, біріктіру сынды әдемі сөздермен әрлей келіп, «ауыл ішінде ұстайтын малдың санын шектеу қажет» дегенді әкеліп қосып қойды. Ендігі жерде ауыл ішінде бір үйдің екі сиыр ұстауына бола ма, жоқ па, мұның өзі үлкен сұрақ болып тұр. Бұл заңның орындалуын әлбетте жергілікті әкімдік қадағалайды. Ертең бір қисық-қыңыр әкім Еуропаға барып келіп, ол жақтың бір қаңсық дүниесін елге келіп таңсық қып тықпалауы бек мүмкін. Мәселен, «Еуропада мал жүрмейді екен», «көшеде тезек жатпайды екен» деп ауылды сергелдеңге салмасына кім кепіл?! Төрт түліктің саны өспесе, ауыл шаруашылығы саласы қалай дамиды?

Ахмет Серкебаев.jpg 

Ахмет СЕРКЕБАЕВ, ауыл шаруашылығы саласының ардагері:

- Ауылды жерде де, қалалы жерде де мал шаруашылығы заңмен реттелуі керек. Осы салада жұмыс істеп жүрген кәсіп иесі ретінде белгіленген норманың сақталғаны дұрыс деп есептеймін. Мал шаруашылығымен айналысатын отбасылардың ең әуелі малды жаятын жайылымдық жері болуы тиіс. Мәселен, сиыр басына 3-5 гектар, қой басына 2-3 гектар арасы деген белгіленген нормалардың сақталғаны абзал. Бір үй жүз сиыр бағып отырса, бір үйде екі тоқты ғана болуы мүмкін. Малдың саны жайылымдық жердің көлеміне қарай шектеліп отыруы керек деп есептеймін. Сонда ғана экологиялық және санитарлық талаптарға толыққанды жауап беруге мүмкіндік туатын шығар. Ал жайылымдық жері кең бола тұрып, мал санын шектеу ешбір қисынға келмейді. Айтпағым, заң жобасы жан-жақты зерттеліп қабылданғаны абзал.

Самат Әлімбеков.jpg

Самат ӘЛІМБЕТОВ, ауыл тұрғыны:

- Заң жобасы айтарлықтай өзгеріс әкеледі деп айта алмаймын. Себебі, етті өткізу бағасы өспей, керісінше жем-шөптің бағасы қымбаттай түскен сайын мал ұстаған ағайын малды көбейтуге ынталы емес. Тіпті, бақташы табу да қиын. Жастардың басым бөлігі қалаға қоныстанып, ауылда қалған әке-шешесінің қора толы төрт түлікке ие болуға да шамасы жетпейтіні рас. Содан соң мәселенің бір шеті жайылымдық жерге келіп тіреледі. Ауылдың өзінде бос жатқан жер жоқтың қасы. Жердің көбі 49 жылға жалға берілді де, жайылым жерлердің көлемі айтарлықтай азайып қалды. Шабындық жерлер де аз. Бұрындары тұрғындар шөпті жергілікті шаруа қожалықтарынан сатып алатын. Қазір шаруалардың өзі малына шөп таба алмай дал. Бұл - барлық ауылға ортақ мәселе. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кез келген заң жобасын мұқият зерттеп, арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін оң шешім қабылдаса екен.

 

«Алаңды» үйлестірген – Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 1351

Возврат к списку