Тұрақтылық - орнықты дамудың кепілі

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  94

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  96

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  96

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  95

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  108

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  119

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  93

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  95

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  87

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  91

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  92

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  92

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  198

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  223

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  194

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  207

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  247

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  195

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  246

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  193

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  190

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  198

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  223

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  208

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  213

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  195

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  203

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  209

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  228

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  412

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  419

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  453

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  453

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  476

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  445

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  441

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  431

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  395

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  458

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  476

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  551

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  733

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  582

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  491

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  569

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  512

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  654

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  594

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  756

Айлық аз
11:25 12.05.2022  634

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  592

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  632

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  583

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  692

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  562

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  631

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  661

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  789

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  563

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  573

Тұрақтылық - орнықты дамудың кепілі 30.04.2022

Тұрақтылық - орнықты дамудың кепілі

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясы өтті. «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атауымен ұйымдастырылған саяси маңызы зор жиында жаңа сын-қатерлерді еңсеруде еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайту, отаншылдық рухын көтеруге баса мән беру керектігі айтылды. Президент «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейтінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ассамблея сессиясын Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізу игі дәстүрге айналғанын және мұның зор символдық мәні бар екенін атап өтті.

– Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Қазір қатерлі күндер артта қалды. Сол кезде қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз. Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз, – деді Президент. Мемлекет басшысы жаңа сын-қатерлердің туындауына ықпал ететін геосаяси ахуалдың ушығып тұрғанына тоқталды. Оның пікірінше, мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухты көтеруге баса мән беру керек.

– «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Осы ретте саяси және қоғамдық плюрализмнің радикалды сипат алуына жол берілмейді. Әсіресе, азаматтарды кемсітуге, олардың ары мен намысын таптауға болмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің пікірінше, Ассамблея құрылған уақыттан бері азаматтық бірлікті нығайтуға елеулі еңбек сіңірді.    

– Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа жағдайда біздің бейбітшілік пен келісім жөніндегі саясатымыздың берік әрі институционалды тірегі қызметін атқа-ратынына сенімдімін. Бүгінгі сессияның міндеті – Ассамблеяның саяси жүйені реформалау ісіндегі орны мен рөлін анықтау, оны әрі қарай дамытудың бағытын белгілеу. «Біз әртүрліміз – біз теңбіз» қағидаты саяси жаңғырудың іргелі компоненті деген пікірді ұстанамыз, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің үш негізқұраушы басымдығын айқындап берді. Біріншісі – саяси реформаларды жүзеге асыру ісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін күшейту.

– Қазақстан халқы Ассамблея-сының Мәжілістегі квотасының жойылуы демократиялық сайлау стандарттарының сақталуына қатысты бірқатар мәселенің күн тәртібінен алынуына септігін тигізеді. Осы ретте Ассамблеядан ұсынылған сенаторлар жалпыұлттық интеграция мен этномәдени әралуандылық негізінде Қазақстандағы этникалық топтардың барлық мүддесін тиімді қарастыратын болады. Мұндай модель Қазақстанның парламенттік жүйесінің халықаралық тәжірибесі мен ерекшелігіне сай келеді, – деді Президент. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясынан Сенат депутаттығына ұсынылатын үміткер-лерді таңдаудың тиімді әрі ашық рәсімдерін әзірлеу қажет екенін атап өтті. Бұл мәселенің бәрі «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» жаңартылған заңда көрініс табуға тиіс. Президент бұл бағытта Ассамблея тарапынан түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізілуі қажет деп санайды.

– Елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің жалпыазаматтық құндылықтарды құрметтеуі және өздерін Қазақстанмен байланыстыруы аса маңызды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы біздің үлкен жетістігіміз. Оны жан-жақты нығайтуға міндеттіміз. Партияларға дауыс бергенде жаңа саяси жағдайда бейбітшілік пен келісімді және халықтың бірлігін кім аса маңызды деп санаса соған басымдық беріледі, – деді Мемлекет басшысы. Ақпараттық жұмыстарды күшейту және Қазақстан халқы Ассам-блеясының қоғамдағы әлеуетін арттыру мәселесі екінші басымдық ретінде аталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, еліміздің әрбір азаматы жұртшылықтың алдына шыққанда ұлттық мүдде мен қазақстандық патриотизм қағидаттарын басшылыққа алуы керек. Бұл – аса маңызды.

– Болған және болатын сыртқы қақтығыстар азаматтарымыздың арасында ұлтаралық жанжал тудырып, жікке бөлінуге пайдаланылмауы керек. Оған жол беруге болмайды. Мұндай арандатушылықтар болып жатыр. Оны көріп отырмыз. Бірақ арандатушылар қайда тұрса да, қандай құжаттармен тұлғасын жасырса да, қалай құбылса да біздің бірлігімізге нұқсан келтіріп, мемлекетіміздің дербес саясат жүргізу құқығын бұза алмайды. Бейбітшілік пен тұтастық – басты құндылығымыз, онсыз болашақ жоқ екенін бәрі есте ұстауы керек. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ, болмайды да, – деді Президент. Мемлекет басшысы біздің алуантүрлі мәдениетімізді танытатын бірегей ақпаратты кеңінен таратуға, ауқымы кеңейіп келе жатқан қазақтілді аудиториямен тығыз жұмыс істеуге шақырды. Оның пікірінше, Қазақстанның дамуына өзге этностардың қосып жатқан үлесі туралы мемлекеттік тілде айту өте маңызды. Осы бағытта жұмыс істейтін БАҚ-қа қолдау көрсетіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев келесі айда жаңа диалог алаңы – «Ұлттық құрылтайдың» алғашқы отырысы өтетінін хабарлады. Бұл жиын елімізді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғамды жұмылдыруға бағытталған.

– Бұл жалпыұлттық диалогтың әмбебап моделіне айналады. Құрылтайдың құрамына депутаттар, ҚХА мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, барлық өңірдің, сондай-ақ Азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестердің, бейресми ұйымдардың, бизнес қауымдастықтар мен өндіріс саласының өкілдері кіреді. Ассамблея Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек. Себебі, түптеп келгенде, екеуінің мақсаты –
ортақ. Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал. Кеше тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар сессиясы өтті. Оның ұсынымдарын мұқият зерделеу қажет, – деді Мемлекет басшысы. Үшінші басымдық – құқық қорғау қызметін күшейту. Осы бағытта Ассамблея медиацияға негізделген кәсіби келіссөз жүргізушілердің бірегей институтын қалыптастыруға кірісті.

– Этномедиация оқу орталығын құру керек. Онда тұрақты оқу курстарын ұйымдастырып, аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігі даярлықтан өтуге тиіс. Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым министрліктеріне Мемлекеттік басқару академиясымен, ҚХА Хатшылығымен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп, осы мәселе жөнінде жүйелі ұсыныстар енгізуді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент Қазақстан қоғамның барлық саласы батыл өзгерістер жолына түскенін атап өтті. Осыған байланысты Конституцияға елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін толықтырулар енгізу туралы бастама көтерілді.

– Біз жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшеміз. Бұл сапалы түрде өзгеруді Екінші Республика деп атауға болады. Жұмыс тобы Ата Заңның 33-бабына түзетулер әзірледі. Бұл – тұтас Конституцияның үштен бір бөлігі. Осы өзгерістерді енгізу туралы заң жобасы Конституциялық кеңестің қарауына жіберілді, жақын арада шешімін шығарады, – деді Президент. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев әзірленген түзетулердің тарихи маңызы бар деп есептейді. Бұл мемлекеттілігімізді дамытудың жаңа кезеңін білдіреді.

– Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі.   Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын. Референдум –
аса маңызды демократиялық институт. Алайда Қазақстанда ол соңғы рет 1995 жылы қазіргі қолданыстағы Конституция бекітілген кезде өткізілді. Одан кейін «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң қабылданды. Бірақ содан бері Конституцияға төрт рет өзгертулер енгізілгеніне қарамастан, ол іс жүзінде қолданылған жоқ. Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халық қалауының айқын көрінісі болады деп есептеймін. Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытымызды нығайтады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент Жаңа Қазақстан дегеніміз, шын мәнінде, Әділетті Қазақстан екеніне тағы да тоқталды.

– Жаңа Қазақстан – қарқынды түрде өзгеріп жатқан әлемде ұлттық бірегейлігімізді нығайтудың жолы. Жаңа Қазақстан ұғымын сан-саққа жүгіртіп, бұрмалауға болмайды. Азаматтардың бәрін ортақ іске жұмылдырмайынша, мемлекеттік аппарат та, қандай да бір саяси шешімдер мен экономикалық тетіктер де елімізді жаңартуға қауқарсыз. Жаңа Қазақстанды құру үшін жеке және қоғамдық құндылықтар жүйесін толығымен реформалау қажет. Біз непотизм мен патернализмге, сыбайлас жемқорлық пен компрадоризмге түбегейлі тосқауыл қоямыз. Жаңа Қазақстан әділдіктің территориясына айналуы керек. Ол үшін тек заңның әріптерін ғана емес, рухын да ұстану қажет. Заңдар догма емес, ол азаматтардың өзекті мәселелерін шешу үшін жетілдіріліп отыруға тиіс. Заң, әділдік және тәртіп біздің бақуатты өмірімізді айқындайтын нақты факторларға айналады, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев диалог мәдениетін қалыптастыру және қоғамда өзара түсіністік пен сенімді нығайту қажет екеніне арнайы тоқталды. Мұның бәрі елдің жарқын болашағы мен халықтың әл-ауқаты үшін қажет.

– Біз көзқарастарымыз бен наным-сенімдеріміздегі айырмашылықтарға қарамастан, бір-бірімізді түсінуге және құрметтеуге тиіспіз. Бізді біріктіретін, күшейтетін, үйлестіретін ортақ құндылықтарға ұмтылуымыз қажет. Біздің «Әртүрлі көзқарас - біртұтас ұлт» деген қағидамыз мызғымайды. Патриотизмнің жоғары құндылықтарын ұлтаралық артық-шылық сезімімен алмастыруға, достық пен бірліктің орнына бір-біріне деген өшпенділікке жол берілмейді, – деді Президент. Мемлекет басшысы төзбеушілік пен «өзіміз және өзгелер» деп бөлінудің кез келген көрінісінің қатаң түрде жолын кесуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы өзінің бірлігін сақтауға, нығайтуға тиіс. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана Жаңа Қазақстанды құра аламыз деп есептейді.

– Біз барлық жоспарымызды міндетті түрде жүзеге асырамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз! Сөз соңында сіздерді алда келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

akorda.kz

   

Жұмыла көтерген жүк жеңіл!

 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзіне орай жұртшылық пікірлері:

 

photo5429250425409878530.jpg

- Ассамблея бүгінде қоғамдық маңызды саяси іс-шаралардың бел ортасынан көрініп, ел арасындағы бірлік пен достықтың қозғаушы күшіне айнала білді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен бұл сессияда көптеген мәселелер қозғалып, нақты тапсырмалар берілді. Атап айтсақ, жаңартылған саяси реформалар, экономика және әлеуметтік мазмұндағы этностық саясат ауқымын кеңейту, этносаралық келісім мен жастар саясаты сөз болды. Сонымен қатар, Президент Ассамблеядан 5 депутаттың Сенатқа сайлауға түсетіндігі туралы мәлім етті. Одан бөлек, ол азаматтық қоғам институттарының маңыздылығын атап өтті. Өзім 1994 жылдан бастап қоғамдық жұмыстарға араласып, этносаралық татулық пен ауызбіршілік бағытында еңбек етіп келемін. Ел басшысымен бірге «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы жаңа саяси реформалардың жүзеге асуына атсалысайық. Елдің іргесін мықтап, бейбіт аспан астындағы бірлік пен татулығы жарасқан қуатты мемлекетке айналайық дегім келеді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл!

Виталий СВИНЦИЦКИЙ, облыстық «Полония» поляк қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

 

photo5431665790463096982.jpg

- ҚХА құрамынан ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат сайлау құқығына ие болып, таңдауымды жасадым. «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты сессия барысы жағымды жаңалықтарға толы болды. Әр өңірден келген этномәдени бірлестіктердің өкілдері жүздесіп, қарым-қатынас орнатты. Жалпы айтқанда, еліміздегі ұлт пен ұлыс өкілдері арасындағы бірліктің артқан күні болды десем болады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея мүшелері тек этномәдени салада, қайырымдылық пен еріктілер сапында ғана емес, адам құқықтарын пайдалану, этномедиация, жастармен жұмыс, кикілжіңдердің алдын алу, кикілжіңдерден кейінгі реттеу жұмыстарында да қажетті деңгейде белсенділік танытуы қажет екенін атап өтті. Әрине, ҚХА – бірегей институт. Бұл мақсатта Ассамблея жұдырықтай жұмылып, жұмыс атқаратын болады.

Аурика ДЯК, «Буковина» румын-молдаван мәдени-қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

 

WhatsApp Image 2022-04-29 at 14.07.48.jpeg

- Мемлекет басшысы бір айдан кейін жаңа диалог алаңының алғашқы отырысы – Ұлттық құрылтай өтетінін мәлімдеді. Бұл құрылтайдың құрамына бейбітшілік пен бірлік мәселелерімен кешенді түрде айналысатын ҚХА-ның өкілдері кірді. Бір сөзбен айтқанда, Ассамблея Ұлттық құрылтаймен бірлесіп жұмыс атқаратын болады. Басты жаңалықтың бірі - Президент сессияда Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды. Соңғы рет 1995 жылы қолданысымыздағы Конституция бекітілген кезде өткен екен. Сондықтан еліміз үшін аталған ұсыныстың мәні жоғары деп есептеймін. Сессия барысында экономикалық мәселелер және оларды сәтті шешудің маңыздылығы айтылды. Расымен де, білім мен ғылымның дамуына кезек келді. Өйткені, бұл - жаңа жетістіктердің кілті. Әрине, Жаңа Қазақстанымызға жаңа жетістіктер қажет. Мемлекет басшысы «Еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухын көтеруге баса мән беруіміз керек. «Бірлігіміз – әралуандылықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз тиіс» деп атап өтті. Сол себепті, бейбітшілік пен бірлік - біздің басты құндылықтарымыз екенін естен шығармайық. Оларсыз болашақ жоқ. Отанымыз Қазақстанның өркендеуіне жұмыла атсалысайық!

Светлана ШИН, облыстық ҚХА «Қоғамдық келісім кеңесі» төрағасының орынбасары, Павлодар ауданы корей орталығының төрағасы.


Количество показов: 925

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  94

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  96

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  96

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  95

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  108

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  119

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  93

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  95

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  87

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  91

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  92

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  92

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  198

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  223

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  194

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  207

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  247

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  195

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  246

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  193

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  190

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  198

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  223

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  208

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  213

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  195

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  203

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  209

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  228

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  412

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  419

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  453

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  453

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  476

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  445

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  441

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  431

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  395

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  458

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  476

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  551

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  733

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  582

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  491

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  569

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  512

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  654

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  594

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  756

Айлық аз
11:25 12.05.2022  634

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  592

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  632

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  583

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  692

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  562

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  631

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  661

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  789

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  563

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  573

Раздел не найден.