Төрт тұлғаға перзент болу - тағдырдың сыйы

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022  90

Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022  88

Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022  93

Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022  94

Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022  91

Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022  94

Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022  88

Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022  84

Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022  91

«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022  98

Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022  87

Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022  82

«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022  81

Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022  81

Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022  87

Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022  93

Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022  172

«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022  81

Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022  78

Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022  82

Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022  85

Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022  90

Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022  81

Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022  199

Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022  78

Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022  84

Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022  75

Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022  82

Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022  81

Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022  73

«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022  81

Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022  79

Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022  82

ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022  74

Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022  78

«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022  118

Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022  470

Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022  346

Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022  587

Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022  679

Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022  528

Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022  573

Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022  539

Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022  525

Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022  592

Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022  525

Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022  554

Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022  568

Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022  518

Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022  535

«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022  651

«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022  669

Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022  651

Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022  631

Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022  666

Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022  730

Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022  645

Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022  624

Жомарт жандар
10:21 14.06.2022  632

Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022  648

Төрт тұлғаға перзент болу - тағдырдың сыйы	09.06.2022

Төрт тұлғаға перзент болу - тағдырдың сыйы

Адам баласына ата-ананы таңдау мүмкіндігі берілмеген. Қай әкенің кіндігінен өрбіп, қай ананың құрсағына бітеріміз бір Аллаға ғана аян. Десе де, құдіреті күшті Құдайдың назары түскен пендесін ұлыларға ұрпақ етіп, елден ерекшелейтіні және бар. Бұған бүгінгі кейіпкеріміз Мақпал Мусинаның тағдыр-талайы дәлел.

 2 (1).jpg

– Мақпал Шаханқызы, тағдыр сізді Шахан Мусин, Бауыржан Момышұлы және Рәбиға Сыздықова секілді қазақтың үш бірдей тұлғасына перзент етіпті. Бұл тағдырдың сыйы ма, әлде сынағы ма?

– Төртеу деңіз. Бұл қатарға туған анамды – Ғайникамал Баубекованы да қосар едім. Мен үшін ол да - бірегей тұлға! Ел алдында жүрген екі бірдей мықтының жүрегін жаулауы тегін емес әрі ол - өнерпаздар ортасында танымал адам. Ал тағдырдың сыйы ма, сынағы ма дегенге келсек, сыйы дегеніміз дұрыс-ау. Төртеуі де танымал тұлға болды. Төртеуін де ерекше жақсы көрдім, бөліп-жармай, бәріне бірдей қарадым. Әлбетте, ерлі-зайыптылардың ажырасуы - отбасы үшін үлкен сынақ. Әсіресе мұндайда балаларға қиын. Сондықтан қос тараптың да баланың көңіліне, сезіміне ерекше назар аударғаны маңызды. Қандай жағдай болсын, адами қарым-қатынасқа сызат түспеуі тиіс. Баланың әке-шешесімен көрісіп, сөйлесіп тұруына ешқандай кедергі болмауы керек. Жалпы, бір-бірінен екі бөлек өмір сүрсе де, бала санасында «бұрынғы ата-ана» деген ұғым болмайды. Сол себепті бәріне разымын. Олар ақылды адамдар еді. Бәріне түсіністікпен қарайтын. Бізді махаббатқа, мейірімге бөледі. Олардан көп дүниені үйрендім.

– Белгілі актер, ақын, туған әкеңіз Шахан Мусиннің мінезінен тағдыр салған тауқыметтің іздері байқалатын ба еді? Ол кісі қандай әке болды?

– «Көзден кетсе, көңілден де кетеді» дейді. Дұрыс айтылған. Шынымен, елдің назарында жүріп, өмірден өткен соң, ұмытылып кететін жандар баршылық. Осы орайда газеттің марқұм әкелерім мен аналарымның есімін атап, еске алып, олардың өмір жолына қызығушылық танытып, ұрпақ жадында қайта жаңғыртып жатқанына қуандым. Бұл - жақсылықтың белгісі. Тарихты ұмытуға болмайды. Тарихтың қайғы тұнған беттеріне де құрметпен қарауға тиіспіз. Әр заманның өз батыры болады. Олар ел жадынан ұмытылмайды. Ал менің әкем, 16 жол өлең жазып 18 жыл түрме тауқыметін тартқан, тағдыр қанша ауыртпалық салса да мұқалмаған, еңсесі түспеген, бүгілмеген, қайта өнерімен елдің сүйікті ұлына айналған Шахан Мусин – нағыз қаһарман!

Ойлап отырсам, әкемнің тағдыры халқымыздың басына түскен тауқыметпен бірдей екен. Ол кесе-көлденеңдеген қиын-дықтарға қарсы тұрды, адам төзгісіз жағдайларда да адам болып қалу керектігін дәлелдеді. Өзгелерге үлгі болды. Қаншама ауыртпалық кездессе де, адамгершіліктің ақ туын биік ұстады. Ол өлең жазуға ерте жастан құмар болыпты және өзін ақын санады. Өзінің айтуынша, дәл осы поэзия оны өмірге құштар еткен. Поэзия оның үміті еді. Сол бір үміт тығырықтан жол тапты, теперіштен мұқалмай, тауқыметті еңсеруге күш берді. Ауыр күндер, азапты жылдар өлеңге айналып, әкемді ажалдан құтқарды.

3 (1).jpg

Ол репрессияға ұшыраған жылдары жазған өлеңдерін, лагерьде туған шумақтарын санасында ғана сақтаған. Оларды баспа бетінде жариялау былай тұрсын, қағазға түсірудің өзі мүмкін болмаған. Тек қайта құру басталған 1980 жылдардың ортасында ғана әкемнің өлеңдері газет-журналдарға басылып, оқырманымен қауышты. Дегенмен оның кейбір шумақтары, өлеңдері 1960-1970 жылдардың өзінде-ақ белгілі бір ортада кең таралған. Мәселен, Қалижан Бекхожин, Ғафу Қайырбеков, Қуандық Шаңғытбаев, Тахауи Ахтанов, Хамит Ерғалиев секілді қаламгер достары біздің үйге қонаққа келгенде міндетті түрде әкемнен қоржын түбінде жатқан өлеңдерін оқып беруді сұрайтын. Әсіресе, «Терезе» деген өлеңі көп оқылатын. Әкем мұны 22 жасында түрмеде шығарған екен. Отырғандардың оны ерекше толқыныспен, тебіреніспен тыңдайтыны есімде. Кейбірінің көзінен жас ыршып түсетін. «Терезе» тыңдаушылардың көкейіндегі көп жайды қозғаса керек.

Әдетте түрме тауқыметін тарт-қандар өмірге өкпелі болады деген түсінік қалыптасқан. Бірақ мұның әкеме ешқандай қатысы жоқтай. Ол әзіл-қалжыңға жақын еді. Небір нәубеттен аман құтылуына да осы бір қасиеті септескен шығар деп ойлаймын. Ол тауқымет тартқан жандай емес, керісінше өмірге риза, құштар, көңілді адам еді. Қиындықтың өзін әзілге жеңдіретін және әрбір дүниенің жақсы жағын көруге тырысатын. Оның өмірге шағым айтқанын көрген де, естіген де емеспін. Пенде болған соң өзіміз де небір келеңсіздіктерге тап болып жатамыз ғой. Күйгелектікке салынған сондай сәттерде үнемі әкемді еске аламын. Біздің басымыздағы қиындық ол тартқан зардаптың қасында түк те емес.

– Өгей әкеңіз, батыр Бауыржан Момышұлын қалай қабылдадыңыз?

– Оны «ата», «аташка» деп атадым және ата ретінде қабылдадым. Біріншіден, ол әкемнен әлдеқайда үлкен көрінетін. Екіншіден, бес жастағы мен үшін оны «ата» деу қолайлы болды. Бауыржан Момышұлы анам Ғайникамалға 1961 жылы үйленді. Олар 12 жыл, 1973 жылдың наурызында анам қайтыс болғанға дейін бірге тұрды. Анам туралы жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабында да айтылады. Батыр Бауыржан мен анамның үйленуі сол кезде үлкен шуға айналған. Шешем әкеммен ажырасты. Анам үш баласымен Баукеңнің қолына барып кірді. Батыр да өз әйелімен ресми түрде ажырасты. Баукеңнің онымен бірге тұрмағанына да біршама уақыт өткен екен әрі араларында бала болмаған. Сөйтіп шешем екеуі заңды некеге тұрады. Анамды Қамаш дейтін.

7.jpg

Олардың қосылуы үлкен шуға ұласты дедім ғой. Бұл іс Қазақстан Жазушылар одағының партбюросында қаралған. Оның шешімі бойынша коммунист Бауыржан Момышұлына қатаң сөгіс жарияланды. ЦК-ның сол кездегі бірінші хатшысы Исмаил Юсупов Баукеңе «біреудің әйелін неге тартып аласың» деп түсініктеме жазуын талап етіпті. Сөйтсе мұның алдында «Қазақ әдебиеті» газетінде батырды айыптаған мақала жарияланған екен. Баукең түсініктемені араб қарпімен қазақша жазыпты та, ләм-мим деместен шығып кетіпті. Араб қарпін білмейтін Юсупов көмекке Дінмұхамед Қонаевты шақырады. Ол бұл уақытта Министрлер кеңесінің төрағасы. Үш жолдан тұратын түсініктемеге үңілген Димекең әбден күліп алады да, алғашқы екі жолын оқып беріпті. Соңғысын оқымапты. Шатақтау дүние жазылған ғой. Мұны маған Мекемтас аға Мырзахметов айтты. Ол аспирантурада оқыған жылдары біздің үйде тұрды әрі Бауыржан Момышұлының жеке хатшысы және сенімді өкілі болды.

Батырға тұрмысқа шыққанда анам 40 жаста екен. Оның үстіне үш баласы бар әрі жүрек ауруына шалдыққан. Анам жүрек ұстамасымен ауыратын. Мұның бәрін Баукең білмеді емес, білді. Ендеше жер ортасы жасқа жеткенде олардың желігуіне не себеп болды деген заңды сауал туындайды. Меніңше, жауабы түсінікті. Мұның бәрі тектен-тек емес. Оларды ерекше бір сезім байланыстырып отыр және ол тұтқиылдан тұтанған сезім емес. Бұл сезім ертеде пайда болған. Анам Баукеңмен соғысқа дейін, 18 жасқа толар-толмас шағында танысқан екен. Кейін майданда кездесіп, табысқан. Анам концерттік бригадамен бірге майдан даласына барып, жауынгерлер алдында өнер көрсеткен. Өкінішке қарай, соғыстан кейін олардың жолы екіге айырылған. Тек жиырма жылдан кейін кездесіп, бір-бірінсіз өмірдің мәні жоқ екенін ұққан. Менің бар білетінім осы. Баукеңнің күнделіктерінде бұл туралы егжей-тегжейлі жазылған болуы мүмкін.

Әкем анамның бұл әрекетіне түсіністікпен қарады деп ойлаймын. Өйткені оның анам туралы жаман пікір айтқанын, оның әрекетін талқыға салып, сынаған сәтін көрген емеспін. Колыманың қиындығын көрген, Сібірдің суығын кешкен, түрменің тауқыметін тартқан әкем үшін әйелінің кетіп қалуы айтарлықтай трагедия да болмаған сияқты. Оның үстіне әкем перзент сүйгізіп, тәрбиелегені үшін анама үнемі риза екенін айтып отыратын. Кейін әкем Рәбиға Сыздықовадай тамаша адаммен шаңырақ көтерді. Онымен өмірінің соңына дейін, яғни қырық жылдай бақытты ғұмыр кешті. Әкемнің Бауыржан Момышұлымен арадағы байланысы да жаман болған жоқ. Бір-біріне құрметпен қарады. Баукеңнің әкеме қолтаңба жазып сыйлаған кітаптары соның дәлелі.

– Рәбиға Сыздықовамен арадағы қыл өтпес сыйластығыңыз туралы көп естідік. Бұл туралы Рәбиға апайдың естелігінен де оқыдық...

– Әкем Рәбиға апайға 1962 жылы үйленді. Рәбиға апай ол уақытта Ғылым академиясына қарасты Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істейтін. «Абай тілі» тақырыбында докторлық диссертация жазуға дайындалып жүрген кезі. Олардың жұп құрауын тағдырдың нағыз сыйы дер едім. Екеуіне ортақ дүние көп еді. Бір-бірін ерекше құрметтейтін. Әкем өз музасын сол кезде ғана тапқандай боп көрінеді маған. Олар бақытты ғұмыр кешті. Рәбиға апай шынымен тамаша адам еді. Үй шаруасына қаншалықты тиянақты болса, ғылыми жұмысына да соншалықты жауапкершілікпен қарайтын. Әкем оның әр жетістігіне қуанды. Бір-бірімен үнсіз ұғынысып, бір-бірін үнемі қолдап отыратын. Мен оны екінші анам деп қабылдадым. Одан көп дүние үйрендім. Жұмысқа ерекше жауапкершілікпен қарауды бойыма сіңірген де - сол кісі.

– Анаңыз Ғайникамал туралы не айтар едіңіз?

– Анам 1921 жылы бұрынғы Семей облысында туған. Әкесі Бекбай Баисов 1860-1938 жылдары өмір сүрген. Ауқатты адам болыпты. Абай әулетімен жақын араласқан. 1940 жылы Семейдегі алғашқы Абай музейі дәл осы Бекбайдың үйінде ашылған. Бұл үйге Абайдың өзі де, ұлдары да жиі аялдаған екен. Абайдың алғашқы кітабының жарыққа шығуына қаржы бөлген де - дәл осы Бекбай Баисов. Кітап 1909 жылы Петербургтегі И.Бораганскийдің баспаханасында басылды. Байдың ұрпақтарына деген көзқарас теріс болса да, Бауыржан Момышұлы әйелінің текті жерден шыққанын мақтан ететін.

Ғайникамал әнге құмар болыпты. 1936 жылы Семейдегі облыстық өнер олимпиадасында топ жарып, Алматыдағы республикалық байқауға жолдама алған. Сөйтіп оны Алматыдағы музыкалық техникумның вокал класына қабылдайды. Бұған қоса мемлекеттік филармонияның хорында өнер көрсетеді. 1941 жылы филармонияның солисі атанады. Соғыс жылдары концерттік бригадамен бірге майданда ән шырқаған. Өкінішке қарай, оқ пен оттың ортасында ән салып жүргенде дауыс желбезегін қатты зақымдап алады. Осылайша, оны 1945 жылдың наурызында әншіліктен әртістікке ауыстырады. Кейін Павлодардың облыстық драма театрына жіберілген. 1947 жылы Семейдің облыстық музыкалық драма театрына ауысады. Шахан Мусинмен осы жерде табысқан. Бұл әкемнің Колымаға 10 жыл «саяхаттап» келіп, өзінің сүйікті театрына оралған беті екен. Олар театр сахнасында қос ғашық Ақан сері мен Ақтоқтының рөлін ойнап қана қоймай, өмірде де жұп құрап, шаңырақ көтерді. Бірақ анам әуелде «халық жауына» тұрмысқа шығуға қорыққан екен.

1949 жылы әкем екінші рет сотталып, Сібірге айдалды. Анам бір жасар Шәпиғамен бірге әкемнің соңынан кетіпті. Кемел сол жақта 1950 жылы дүниеге келген. 1951 жылы анамның үлкен әпкесі олардың хал-жағдайын білу үшін Сібірге барады. Мұндағы тұрмыстың мәз емес екенін көрген ол Ғайникамалды балалардың болашағы үшін өзімен бірге Алматыға жүруге көндіреді. Әкем қарсы болмапты. 1951 жылдың жазында Алматыға оралған анам Гоголь атындағы театр-өнер училищесіне қайта қабылданып, оны 1953 жылы тәмамдайды. Виноградов көшесіндегі «әртістер үйінен» пәтер алып, мемлекеттік филармонияға жұмысқа орналасады. Ол уақытта «байдың ұр­пағына», «халық жауының» әйеліне қырын қарайтындар көп еді ғой. Десе де анамның алдынан үнемі жақсы адамдар кездесіп отырған. Солардың бірі – Ахмет Жұбанов. Ол Ғайникамалдың талантын жоғары бағалаған. Анам 1958 жылы қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі онкүндігінде концерт жүргізген. 1960 жылы «Достық» жолының ашылуына арналған салтанатты концертке қа­тысқан.

Әкем Сібірден 1954 жылы оралды. Сөйтіп отбасының төрт көзі түгенделген. Ол бірден Жас көрермен театрына қабылданды. Біршама уақыттан кейін әкем Шәкен Аймановтың шақыруымен Әуезов атындағы қазақ драма театрына ауысты. 1955 жылы кинодан да рөл бұйырды. Оны бұл салаға жақын досы, режиссер Мәжит Бегалин шақырған екен. Дәл сол жылы мен туыппын.

– Шахан Мусин мен Ғайникамал Баубековадан туған үш перзенттің тағдыры қалай өрілді? Олар қазір қайда?

– Үлкеніміз Шәпиғаның 1948 жылы Семейде туғанын жоғарыда айттым. Өкінішке қарай, 2020 жылы өмірден өтті. Ол КСРО Кинематографистер одағының мүшесі болды. 1977 жылы ВГИК-ті – Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтын тәмамдады. «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеді. Қазақстандағы әйел кинематографистер қауымдастығын басқарды.

Кемел 1950 жылы Сібірде, дәлірек айтсақ Новосібір облысы Михайлов ауданы Чумаково селосында туған. Мектепті бітірген соң ҚазГУ-ға оқуға түсті. Бірақ тәмамдаған жоқ. Бұған оның ерекше мінезі әсер етті деп ойлаймын. Нағыз романтик еді, саяхаттауды ұнататын, үнемі тосын оқиғалардың ортасынан табылатын. Пошта таситын вагонның жолсерігі болып жұмысқа тұрып, Сібір мен Қиыр Шығысты тегіс аралап шықты. Тіпті Приморск өлкесіне дейін барып, Находка қаласында балық аулау траулерінде жұмыс та істеген. Өкінішке қарай, өмірден ерте кетті. Алматы қаласында қайтыс болды.

– Қазір Санкт-Петербургте тұрасыз ба?

– Иә. 1973 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің Шығыс-тану факультетіне оқуға түстім. Қытай филологиясы кафедрасында оқыдым. Университеттен кейін Ленинградта біржола қалдым. Өйткені тұрмыс құрған едім, балаларым өмірге келді. Қызметім шет тілдерімен байланысты болды. Алдымен жапон және ағылшын тілдерінен ғылыми-техникалық әдебиеттерді аудардым. Кейін орта мектепте және медициналық лицейде ағылшын тілінен сабақ бердім. Бұдан кейін ағылшын тілінен көркем аударма жасауға көштім, баспалармен жұмыс істедім. Қытай тілін меңгергенімді қайтейін, сол күйі бұл қабілетімді кәдеге жарата алмадым. Ол уақытта Кеңес-Қытай арасы суып кеткен еді. Тиісінше, қытай тілінің де қажеті болмады. Тәжірибе болмаған соң, білетін дүниемнің бәрі ұмытылды.

Негізі екі қалада, Санкт-Петербург пен Алматыда қатар тұрдым десем де болады. Туған-туыстарымды көріп, әкемнің қасында көбірек болу үшін Алматыға жиі келетінмін. Әкем қайтыс болған соң келуім тіпті жиіледі. Өйткені екінші анам Рәбиға апайға барынша қолдау көрсетуге тырыстым. Екі қаланың ортасында жүріп тиімді іспен шұғылдануды көздедім. Айталық, Санкт-Петербургтен арнайы көрме әкеліп, ұйымдастыруға болады. Сөйтіп құр босқа жүргенше пайдалы іспен айналысайын деп шештім. Достарым мен таныстарымның арасынан идеямды қолдайтындар табылды. Осылайша, біз мәдени жобалармен айналыса бастадық. «Диалог культур» жеке коммерциялық емес ұйымы құрылды. Ұйымдастыру жұмыстарының бәрі осы ұйым арқылы реттелді. 2007 жылдан бері ұйымның бастамасымен Алматы мен Петербургте біршама көрме өткізілді.

– Көрмелер қандай тақырыпқа арналған?

– Мәселен, ірі жобаларымыздың бірі 2009 жылдың желтоқсанында Ф.Достоевскийдің әдеби-мемо-риалдық музейінде ұйымдасты-рылған «Қазақтар – Санкт-Петербургте: XVIII ғ. – ХХ ғ. басы» («Казахи в Санкт-Петербурге: XVIII в. – начало XX в.») көрмесі. Оның идеясы музей директоры, құрбым Наталья Түймебайқызы Әшімбаевамен болған әңгіме барысында туындаған еді.

Мақсат архивтік құжаттар мен түрлі музейлердің жәдігерлерін пайдалана отырып, қазақ қоғамы мен Ресей империясының астанасы әрі мәдени-ғылыми орталығы Петер-бургтің зияткерлік элитасы­мен өзара байланысының тарихын көрсету болды. Бізді Қазақстанның сол кездегі Мәдениет және ақпарат министрлігі бірден қолдады және оның қолдауынсыз мұның жүзеге асырылуы да қиын еді. Ол кезде бұл ведомствоны Мұхтар Құл-Мұхаммед басқарды. Аталған көрмеге дайындық кезінде «Уәлиханов Санкт-Петербургте» деген тақырыпқа аңсарым ауды. Ресей ғылым академиясы архивінің Шоқан Уәлихановқа арналған қорында (№23 қор) бір жыл отырып, Шоқанның Нева жағалауындағы қалада өткізген өміріне қатысты материалдарды іздедім. Менімен бірге аталған тақырып бойынша белгілі достоевскийтанушы ғалым, Ф.Достоевский әдеби-мемориалдық музейі директорының орынбасары Борис Тихомиров те айналысты. Осы жұмыстың нәти-жесінде «Шоқан Уәлиханов Санкт-Петербургте» («Чокан Валиханов в Санкт-Петербурге») кітабы жарыққа шықты. Бұл еңбектің Қазақстан Мәдениет министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққанын атап өту керек. 2020 жылы аталған кітап қазақ тіліне аударылды. Оны менің өтінішім бойынша Рәбиға апайдың шәкірті, Н.Гумилев атын-дағы ЕҰУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлнар Мұратова тәржімалады. Енді осы кітапты жарыққа шығару керек. Кітапты қазақтілді оқырман-дарға ұсынуға ниетті баспалар мен қызығушылық танытқан адамдардың ұсыныстарын қуана-қуана қарастыруға әзір екенімізді жеткізгім келеді. Бұл біз үшін үлкен қуаныш болар еді.

– Шахан Мусиннің Павлодар облысының Май ауданында туғанын көпшілік біле бермейді. Әкеңіз туған топырақта болдыңыз ба?

– Павлодар өңірінде бала күнімде болдым. Бірақ ол сапардан есімде қалғаны шамалы. Қателеспесем, әкемнің Дариға есімді туған әпкесі Лебяжі ауылында тұрды. Өкінішке қарай, әкемнің өмірі мен шығарашылығы терең зерттеліп жатқан жоқ. Ғаламторда ол туралы аздаған жазба ғана бар. Бұрын ол туралы мақалалар жиі жарияланатын. Алматының шағын көшелерінің бірі Шахан Мусиннің атымен аталады. Енді Павлодардағы көшелердің немесе мәдени ордалардың біріне әкемнің аты берілсе деген тілегім бар.

– Тұшымды әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен – Фархат ӘМІРЕНОВ, арнайы «Saryarqa samaly»
газеті үшін Нұр-Сұлтан қаласынан.

Суреттер Мақпал Мусинаның жеке мұрағатынан алынды.

 


Количество показов: 736

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022  90

Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022  88

Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022  93

Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022  94

Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022  91

Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022  94

Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022  88

Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022  84

Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022  91

«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022  98

Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022  87

Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022  82

«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022  81

Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022  81

Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022  87

Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022  93

Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022  172

«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022  81

Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022  78

Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022  82

Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022  85

Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022  90

Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022  81

Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022  199

Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022  78

Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022  84

Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022  75

Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022  82

Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022  81

Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022  73

«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022  81

Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022  79

Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022  82

ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022  74

Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022  78

«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022  118

Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022  470

Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022  346

Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022  587

Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022  679

Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022  528

Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022  573

Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022  539

Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022  525

Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022  592

Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022  525

Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022  554

Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022  568

Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022  518

Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022  535

«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022  651

«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022  669

Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022  651

Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022  631

Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022  666

Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022  730

Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022  645

Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022  624

Жомарт жандар
10:21 14.06.2022  632

Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022  648