Тәуекел - менің басты қаруым!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Тәуекел - менің басты қаруым! 23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!

Нұрқанат Қайраттың есімін жергілікті жырсүйер қауым жақсы біледі. Айтыс сахнасында суырыпсалмалық қасиетімен танылып үлгерген. Десе де, уақыт өте жас азамат кәсіпкерлік салаға біржола бет бұрып, бүгінде Түркияда бизнесін табысты жүргізуде. Стамбулмен сауда жасау ісін қолға алған Нұрқанат Қайратпен байланыс орнатып, әңгімеге тартқан едік.

 

- Әңгіме әлқиссасын тәуекел - менің басты қаруым деген сөзіңізден бастасақ. Қаншалықты тәуекелшіл жансыз?

- Алдымен аяулы Алашыма Ыстамбулдан ыстық сәлем жолдап қояйын! Менімен сұхбат құруға ниеттенгеніңізге мың алғыс! Жалпы, менің тәуекелді серік етуім мектептегі бастауыш сыныптан басталды. Себебі 10 жасымнан айтыс сахнасына шығып, көрерменнің көзайымына айналдым. Өз басым күреспен бозкілемге де шыққан адаммын. Бірақ, қара күшті сынайтын жерде емес, маған ең қатты тәуекел сахнаға шыққанда қажет болатын. Сахнада қызардым, сөз таппадым, ойландым, толғандым, түбінде шыңдалдым. Осының бәрінен өтуге кішкентай Нұрқанат үшін үлкен тәуекел керек еді. Ішімдегі қорқынышты бала кезімнен жеңе алғаннан кейін маған басқа жерлерде тәуекел ету деген өте оңайға түсетін болды. Өзгелерге де ғибрат болсын! Студент кезімде ата-анамды қасиетті қажылыққа жіберсем деп қатты армандадым. Тіледім. Ата-анама ән де шығардым.   Сол әнде: «Күндеріңді қажы болған, Жүздеріңді разы болған, Біз көрейік әрқашан», - деген қайырмам бар. Әнімді де айтып, дұғамды да қыла беремін. Солай уақыт зымырап өтіп жатты. Түркияға оқуға келгенімде Ауғанбай атты жақын досымнан Пайғамбарымыз Мұхаммедке арналған мүшәйра болатынын естідім. Қатысып көрейін деп бел байладым. Өлең де құйылып түсті. Ойымда түк жоқ. Мүшәйраға өлеңімді жібердім. Бір кезде Астанадағы Әзірет сұлтан мешітінен бас жүлде алғанымды айтып, ұйымдастырушылар хабарласты. Және оның жүлдесі кіші қажылыққа жолдама болды. Дәл сол кездегі сезімді сөзбен жеткізе алмаймын. Жанарыма қуаныштың жасы келіп тығылды. Ол жүлдемді анама сыйладым. Анамның алғашқы шетелге сапары қасиетті мекенге бағытталғанына қуаныштымын. Біз риясыз тілесек, әрекетін жасасақ, Жаратқан үшін ешқандай дүние қиын емес. Тәуекелге байланысты өмірімде ғажап оқиғалар өте көп. Сондықтан мен үшін үлкен қару - тәуекел. Тек әрекет жаса!

- Нұрқанат, сізді айтыскер ақын ретінде жақсы білеміз. Қазіргі кезде Түркия елімен сауда кәсібінде есіміңізді жиі естіп жүрміз. Осы тұста айтыстан кәсіпке кетуіңіз жөнінде айтып өтсеңіз...

- Ақындық - Жаратқанның маған берген үлкен сыйы. Айтысымды, ақындығымды ешқашан тастамадым. Әлі де додаларға түсемін. Кәсіпке кеткенімнің себебі - еркіндікті жақсы көремін. Бір ортаға, жұмысқа байланғым келмейді. Намысты да, табысты да болып, дүниелік заттарға бас қатырмай, сахнаға шықсаң да, саясатқа кірсең де қалтаңды ойламай, еліңнің сөзін сөйлегенге не жетсін! Қазақ ұстаз тұтатын Абайдың әкесі кім еді. Әрине, рухани да, материалдық та бай - Құнанбай! Оның екі жақты да бай болуы ұрпағына тікелей әсер етті. Менің кәсіпке жасаған қадамым Отанға да, отбасыма да пайдалы болады деп сенемін! Көп созбай бұл сұраққа Абайдың сөзімен жауап берсем: «Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық». Жан-жағына шуағын шашатын қайырлы, дәулетті, бай, жомарт кәсіпкер болуды өзіме мұрат қылдым!

- Тәуекел түбі - жел қайық, ұшасың да, кетесің дейді. Кәсіп және тәуекел деп Түркиядан бірақ шықтыңыз. Тәуекел қайығынан ұшып кетуден қорықпадыңыз ба?

- Менің өмірде сүйенетін бір формулам бар. Тәуекел, әрекет, білім және нәтиже. Әлемді таңқалдырып жатқан Илон Маск тәуекел етпегенде, өз-өзіне сенбегенде қазіргідей жетістікке жетер ме еді?! Қай мықтының жүрген жолын қарасаң, бәрі де тәуекелден басталған. Менің де азды-көпті жетістігім әуелі Алла, сосын тәуекелім, еңбегім, білімімнің арқасында. Тағы да бір айта кетер дүние. Түркия - маған бөтен ел емес. Себебі, осы мемлекеттің университетінен, ұстаздарынан білім алып, тілін үйренгенмін. Тұрмысын, тілін білетін елге келіп, өз кәсібімді бастау маған сондықтан аса қорқынышты болған жоқ.

- Әлемде өмірді өзгертетін сиқырлы таяқ жоқ деп айтқан ойыңызды оқыдым. Бүгінде біраз адамның қолдағы сиқырлы таяғы болып, табыс табу жолын үйретіп келесіз. Бұл жолда-
ғы басты мақсат қандай?

- Менің басты мақсатым қазақ жан-жақты болса екен деймін. Қазір ізденген адамға айналамызда мүмкіндік өте көп. Жақсы табыс та табуға болады. Мен ешкімді жұмысынан шығып, кәсіпке келуін үгіттемеймін. Бірақ қазақтың өмірі тек несие жабумен, ипотека төлеумен, айдан айға жетумен өткенін қаламаймын. Сондықтан мектепте жұмыс істесе де, имам болса да қосымша табысы болсыншы деп адамдарға шетелмен сауда жасауды үйретіп жүрмін. Нәтижелер де керемет. Үйде отырған аналардың ішінде сабағыма қатысып, бір депутаттың ресми айлығынан көп табыс табатын жандар да бар. Жастарға ғана емес, жас мөлшеріне қарамай, ықыласы бар адамның бәріне шетелмен сауда жасап, табыс табудың қыр-сырын үйретіп
келемін. Шынымен, сиқырлы таяқ жоқ. Тәуекелге барып, еңбек ету керек!

- Айлықтан-айлыққа дейін өмір сүру - қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе. Кәсіп бастаудағы басты мәселе қаражаттың жетіспегендігі ме? Қалай ойлайсыз?

- Бұл - қоғамдағы өзекті тақырып. Қаншама ата-ана күндіз-түні еңбек етемін деп бала-шағасына, өзінің дамуына көңіл бөле алмауда. Мен де - айлыққа жұмыс істеген адаммын. Бір айлықпен күн көретін жандардың күйін білемін. Мен кәсіпке қаражаттың жоқтығынан емес, саналы түрде келдім. Себебі кәсіп жасау арқылы мен өзіме, отбасыма, айналама көп мүмкіндік жасай алатынымды түсіндім. Кәсібі жақсы жүрген адам табысты болары анық. Табысты адамның санасында еш шектеу, сараңдық болмаса, өзінің, қоғамның дамуына да пайдасы зор! Жалпы, кәсіпке амалсыздан емес, саналы түрде келген жақсы. Сол кезде қандай қиыншылықтар, сынақтар болса да, сіз сынбайсыз! Аяғына дейін барып, жетістікке жетесіз!

- Туған жерге оралу ойыңызда бар ма?

- Өз басым - түбінде Отаныма оралып, барымды, тәжірибемді қазағымның қажетіне жарағанын қалайтын азаматпын! Өмірімнің, көзқарасымның өзгеруіне әсер еткен тұлға - Әлихан Бөкейхан! Мен шетелде жүргеніммен Алаштың, Арыстардың арманынан, адал жолынан алыстап кеткен емеспін! Шетелде өзімдік жоспармен уақытша ғана жүрмін. Алдағы уақытта басқа мемлекеттерде де тұрып көрсек деген ой да бар. Қылшылдаған жасымда әлемді аралап, ойлау жүйемді кеңейтіп, Әлихандай көп тілде сөйлей алсам, жиған-тергенімді жұртыма берсем, тамаша емес пе?! Құдайдан қазақтың болашағы, билігі жақсы жаққа өзгеруіне үлесімді тигізе алатындай ықпалды тұлға болғанымша ғұмыр беруін тілеймін! Еліме аман-есен оралуды
жазсын!

- Тегін сабақтармен қатар ақылы түрде түрлі вебинарлар өткізіп жатырсыз. Жалпы, мотиватор деген ұғымды қалай түсінесіз?

- Жалпы, адамдарды сөздің буына елтіп, уақытша ләззат сыйлағанды ұната қоймаймын. Бар болғаны сөздерімнен кейін ой жүгіртсе екен деймін. Өзінің арманы, мақсаты, принципі адамға мотивация сыйлайды. Иә, өзгеден көп күш-жігер алуға болады. Мысалы, қаншама жыл түрмеде отырып, түбінде Президентке айналған Нельсон Манделаның өмірі, халқы үшін құрбан болған Әлихан, Ахметтердің әрекеттері де - үлкен жігер. Бұл тұлғалардың тағдырына қарап, тек қызығып қана қоймай, ой жүгіртсең, мінездерін өзіңе қалыптастырсаң, сонда керемет нәтиже шығады. Бізде қазір адамдар көп нәрсені біледі. Білу бір бөлек. Оны жасау - бір бөлек әңгіме. Тәуекел керек деген менің сөзімді тыңдап, өзімді көріп, адамдар тек сүйсініп, әрекетке көшпесе, ол қуанатын жағдай емес. Ал, өздері бәрін саралап, амалға айналдырса керемет. Күнделікті бір бет кітап оқысаң да, 500 теңге садақа берсең де, өзгеге жәрдемдессең де, өміріңе жақсы амалдарды кіргізіп отырсаң, өзіңе өзіңнен асқан қозғаушы күш жоқ. Сенің бүгін ұйқыңнан аман тұрғаныңның өзі - үлкен жетістік. Бір күннің өзі - бізге берілген үлкен олжа!

- Алдағы уақытта құрған жоспар қандай?

- Жоспар өте көп. Негізгісін айтайын, бұйыртса кәсіпте жүре беремін. Елге ораламын. Қалғанын, өмірімде қандай өзгерістер болатынын көре жатарсыздар. Ең бастысы, Құдайым қуат берсе, ұлы мақсаттарыма қадам жасай беремін.

- Сұхбатыңызға көптен-көп рахмет! Жұмысыңыз жемісті болсын!

                                                                                       Әңгімелескен - Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

 


Количество показов: 527

Возврат к списку