«Тұғыры биік Тәуелсіздік»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

«Тұғыры биік Тәуелсіздік» 23.12.2021

«Тұғыры биік Тәуелсіздік»

Екібастұз шаһарында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Жыр додасына Шымкент, Өскемен, Қарағанды облыстары мен Ертіс-Баян өңірінің дүлдүлдері қатысып, сұлу сөзге сусап келген көрермен қауымға тартысты айтыс сыйлады.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ

Екібастұз қаласы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Атамұра» мәдениет орталығының ұйымдастыруымен өткен жыр бәйгесінде аузымен құс тістеген 12 ақын өнер көрсетті. Айта кетерлігі, кеншілер шаһары төл өнерімізді төрге оздырып, Азаттық күні қарсаңында айтыс өткізуді игі дәстүрге айналдырған. Кіл жүйріктер жиналған биылғы айтыс аламанында есімі елге танымал азулы ақындармен қатар болашағынан зор үміт күттіретін жас буын ақындар да сынға түсті. Жыр додасының ашылу салтанатында Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айжан Жұмабаева «Егемен елім еңселі» атты облыстық мүшәйрасының жүлдегерлерін марпаттады. Сондай-ақ Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы атынан «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының басшысы Жарқынбек Амантайұлы мәдениет, өнер және руханият саласына қосқан айрықша үлесі үшін Журналистер одағының мүшесі, ақын Жассерік Сәдуақасов пен «Атамұра» мәдениет орталығының қызметкері, дәстүрлі әнші Жомарт Қабыкеновке «Руханият» төсбелгісін табыс етті.

- Тәуелсіздік тағылымын жастардың санасына сіңіру үшін ұлттық құндылық-тарымызды дәріптеуіміз керек. Азат елдің жарқын болашағын, кемел келешегін бүгінгі ақындарымыз сұңғыла сөзімен мүсіндеп, тәу етер Тәуелсіздігімізді тілге тиек етпек. Жыр жампоздарына сәттілік тілеймін,-деді ардагер журналист, ақын, қазылар алқасының төрағасы Жассерік Жәлелұлы. Сонымен қатар дүлдүлдер дүбірінің әділ бағасын берген қазылар алқасының құрамына ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреты, «Құрмет» орденінің иегері Арман Қани, Журналистер одағының мүшесі, ақын Жұмағали Қоғабай, «Найзатас» журналының бас редакторы Асыл Әбішев, Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының директоры Жарқынбек Амантайұлы кіріп, «кіл жүйріктен кім жүйрік» екенін анықтады. Сөз барымтасына түскен 6 жұп айтыссүйер қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлап, Азаттығымызды жырларына арқау ете білді. Тәуелсіздік таңы атқалы қол жеткізген толайым табыстар мен жүзеге асырылып жатқан жасампаз жобалар өлең-жырмен дәріптеліп, әуезді әуенмен әрлене түсті. Шындықты домбыра шанағына сыйдыра білген шайырлар көкейтесті мәселелерге тоқталып, халық көңілінде жүрген алып ойларды қаузады. Нәтижесінде айтыстың бас жүлдесі павлодарлық ақын Қуанышбек Шармановқа бұйырды. Ақынға Алғыс хат пен 700 мың теңгелік сертификатты табыс еткен Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев айтыс өнерінің өміршеңдігін тілге тиек етті.

- Ел Тәуелсіздігінің арқасында ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, дәстүріміз дәріп-теліп, айтулы айтыс өнері өркендеуде. Жұртты желпінтіп, тыңдарманға түйдек-түйдек ой тастайтын «оюлы төл мұрамыз» жастар арасында кеңінен насихатталуы тиіс. Қалың көпшіліктің көңілінен шыққан бұл айтыс жас ақындарымызға шабыт беріп, шығармашылығына тың серпіліс сыйлайды деп сенемін, - деді әкім. Жыр жәрмеңкесінде бағы мен бабы қатар шауып, жүлделі 1-орын мен 500 мың теңге сыйақыны баянауылдық ақын Аспанбек Шұғатаев жеңіп алса, 2-орынды Нұрқанат Қайрат қанжығасына байлады. Жүлдегер ақынға 300 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Қарағанды облысынан келген Нұрсұлтан Рымбай 3-орынға тұрақтап, 200 мың теңгелік жүлдені иеленді. Сондай-ақ, «Алмагүл Жүгінісова» атындағы арнайы жүлдемен Рауан Қайдаров, «Жүрсін Бәтенұлы» атындағы арнайы жүлдемен Тілек Сейітов, «Түсіпхан Қасымжанұлы» атындағы арнайы жүлдемен Абзал Қабдраш марапатталды. Бұдан бөлек, бірнеше ақынға арнаулы номинация табысталып, әрбір қатысқан ақын дипломдар мен қаржылай сыйлыққа ие болды.

Екібастұз қаласы.

 


Количество показов: 942

Возврат к списку