Тұңғыш Президенттен бата алған бала

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Тұңғыш Президенттен бата алған бала 16.12.2021

Тұңғыш Президенттен бата алған бала

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Баянауыл өңіріне бірнеше мәрте ат басын бұрып, елдің тыныс-тіршілігімен танысқан. Біздің бүгін әңгімемізге арқау етеріміз – 2005 жылғы Баянауыл халқының Елбасымен кездесуі.

Тарихи тұлға, тұңғыш Президентпен кездесу жұртшылықтың есінен кете қоймас. Әсіресе, Мусиндер отбасы үшін бұл тарихи оқиға болды. Елбасы орталық алаңда халықтың ыстық ықыласы, қолпаштауымен келе жатып, анасының қолында тұрған сәбиге көзі түседі. Баланы өзіне жақын қабылдап, қолын ұсынып, көтермек болғанда, сәби жатырқап, жылап қоя берген екен. «Балам, жылама! Бақытты бол!» - деп, сәбидің қолынан ұстап, батасын берген кешегі бір жастан енді асқан бала бүгінде 17 жасар бозбала. Президенттің батасын алған Әділжан – Серік Мусиннің немересі. Дәлірек айтқанда, Серік атаның дәрігер ұлы Дәулетбектің баласы. Әділжан Мусин бүгінде Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мектебінің 11-сынып оқушысы. Әке жолын қуып, дәрігерлік мамандыққа баруды қалайтын Әділжан қазірдің өзінде мектеп қабырғасында биология пәнінен түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлдегер атанып жүр. Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев университетіне оқуға түссем деген асқақ арманының жетегінде үлкен дайындық үстінде. Ағасы Тілеухан аталмыш оқу орнының үшінші курс студенті екен. Елбасымен кездесу сәті Серік Мазанұлының кешегі күндей көз алдында. «Ол кезде мен академик Қаныш Сәтбаев музейінің директорымын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев музейге қарай келе жатып, жол жиегінде келінімнің қолында тұрған немереме көзі түсті. Қолына алып көтергісі келді ме, қолын созып еді, немерем, кішкентай ғой, жылап қалды. Сөйтіп, қолынан ұстап батасын берді», - деп елжіреп, өткен күнді еске алды. Елбасынан бата алған немересінің ел сүйсінер, арқасүйер азаматы болғанын қалайды. Әділжан – оқу озаты. Мектептің премьер-министрі де болған. Қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрген жалынды жас - дебат клубының мүшесі. Көбінесе саяси, экономикалық, ғылыми тақырыптарда ой-пікірін еркін білдіріп жүрген ол «Қазақстанның мүмкіндіктері өте жоғары. Қазір экономикамыз өсуде. Болашақ – жастардың қолында», - дейді. Әділжан Дәулетбекұлы өзінің Елбасымен кездесуін тағдырдың сыйы деп есептейді. Бос уақытында гитара аспабын серік етуі оның жан-жақты екенін байқатады. Елбасынан бата алған кешегі балғын, бүгінгі бозбала медицина саласын өмірлік бағыт етіп алған екен, асқақ арманына адаспай жетсін деген ниеттеміз.

Әлия ТАУКЕНОВА, Баянауыл ауданы.

 


Количество показов: 967

Возврат к списку