Тұңғыш Редактор

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Тұңғыш  Редактор 21.10.2021

Тұңғыш Редактор

Әр үлкен істің бастауында ірі қайраткер тұлға тұратыны анық. Бұл тарихтың екінің біріне бұйырта бермейтін сыбағасы деуге болады. Бүгінде Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тарихында Бейсембай Кенжебаевтың есімі айрықша құрметпен аталады. Бейсембай Кенжебайұлы небары 25 жасында Павлодар округінің үнпарағы болған «Кеңес туы» газетінің тұңғыш редакторы ретінде бекітіліп, 1929 жылы 15 ақпанда басылымның алғашқы нөміріне қол қойды.

Тарихқа аз-кем шегініс жасасақ, 1928 жылдың 21 желтоқсанында Павлодар округтік партия комитеті орыс және қазақ тілінде газеттер шығару туралы қаулы алады. Орыс тілінде шығатын газет «Советская деревня» деп аталады да, қазақ тіліндегі газеттің атауы «Кеңес туы» болып бекітіледі. «Кеңес туының» алғашқы нөмірі 1929 жылдың 15 ақпа-
нында жарық көреді. Әрине, алдымен оны ұйымдастыру бойынша іргелі міндеттер тұрды. «Кеңес туы» газетінің жұмысын нығайтуға көрнекті партия, совет қызметкерлері жіберілді. Газеттің алғашқы нөмірінің жарық көруіне, содан кейінгі жылдары округтік партия комитетінің бюро мүшесі болған Әмірғали Епмағанбетов, округтік партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің мең герушісі Кәрім Әжібековтер зор көмек көрсеткен. Кейіннен бұл азаматтар газет жұмысына белсене араласып, жылдар бойы редакция алқасының тұрақты мүшесі болады. Газет сол кезде жүргізілген саясатқа сәйкес партия алға қойған келелі міндеттерді шаруаларға өз тілінде кең жеткізіп, оның айбынды үгітшісі бола білген. «Кеңес туы» газетінде редактор болған кездерін, басылымды шығаруда кездескен қиыншылықтарды газеттің тұңғыш редакторы Бейсембай Кенжебаев кейін былайша еске алады: «Бұрын ешқандай негізі болмаған газетті шығару, қарапайым тілмен айтқанда, инемен құдық қазғандай болды. Газет араб әрпімен шығатын болды. Бірақ араб әрпінің өзі де атымен жоқ болатын. Ал табыла қалған күн де тере қоятын әріп теруші де болмайтын. Округтік партия және кеңес атқару комитеттерімен келісіп, белгілі мөлшерде әріп сатып әкелу үшін Қазан қаласына арнаулы адам жібердік. Сөйтіп арада үш ай өткенде Қазан баспаханасынан газет шығаруға жететін әріп пен баспахана жабдықтарын алдық та, іске кірістік. Газеттің бірінші нөмірін шығаруға округтік партия комитетінің бірінші секретарі П.В.Жигарев адам айтқысыз көмек көрсетті. Баспахана жұмысын тәртіпке келтіруге, газет және баспахана қызметкерлерін іріктеп алуға тікелей өзі көмектесіп, қамқорлық жасады. Сонымен «Кеңес туының» бірінші нөмірін Әмірғали, Кәрім үшеуіміз қол қойып шығарған едік», дейді. Осылайша, Бейсембай Кенжебаев Павлодар өңірінде тұңғыш қазақ газетінің қалыптасып, халық игілігіне қызмет етуіне мол еңбек сіңірген тұлға ретінде облыс тарихында қалды. Бүгінде редакция қорында Б.Кенжебайұлының сол кездегі қызметіне қатысты облыстық мемлекеттік архивтен табылған бірнеше жеке деректерінің көшірмесі сақталған. Мәселен, оның жеке анкетасында былай деп жазылған: Аты-жөні: Б.Кенжебаев. Лауазымы – газеттің жауапты редакторы, жұмысқа кіріскен күні - 20.01.1929 жыл. Коммунистік партия мүшесі, 1904 жылы туған, ұлты қазақ. Мәскеуде Сталин атындағы КУТВ (Коммунистический университет трудящихся Востока) оқу орнында 3 жыл оқып, 1925 жылы аяқтап шыққаны көрсетілген. Қолымызға тиген тағы бір құнды құжат - 1929 жылғы 8 қаңтарда Б.Кенжебаевқа берілген 2031 нөмірлі Бүкілодақтық коммунистік партиясы Қазақ өлкелік комитетінің газет жұмысына жіберу туралы іссапар куәлігінің көшірмесі. Айтпақшы, округтік партия комитеті 1929 жылы 3 қаңтардағы, жаңа жылдағы қызметін газеттердің редакциясын жасақтау, типографиясын ұйымдастыру туралы мәселелерді қараудан бастапты. Яғни халық ағарту ісінің маңызды кезеңі жүргізіліп жатқан сәтте Б.Кенжебаев біздің өңірге жолдамамен жіберілген болып шығады. Кеңес өкіметі кезінде баспасөз атаулы партия комитетінің қатаң қадағалауында болғаны белгілі. Жауапты редактор ретінде қызмет ете тұра, Бейсембай Кенжебаев сырттан қырағы көздердің бақылауында болды. Оның нақты қандай бірнеше «сәйкес келмейтін» мақалаларды жариялағаны бізге белгісіз. 1929 жылы толтырылған анкетаның соңында берілген баға мәтінінде былай деп жазылған екен: «Павлодар ұйымында, «Кеңес туы» газетінің жауапты редакторы болып қаңтар айынан бастап жұмыс істейді. Жұмысы қалыпты, қоғамдық-саяси мәселелерде бағыты айқын, теориялық дайындықты тәжірибе жүзінде үйлестіре алмауы себепті шаруашылық-саяси кампания кезінде оңшыл оппортунистік мазмұндағы бірнеше мақалаларды жариялауға жіберді. Жауапты редактор ретінде тек редакциялық алқаның және партия комитетінің көмегімен жұмыс істей алады» деп көрсетілген... Бейсембай Кенжебаев Павлодар округтік «Кеңес туы» газетінің тұңғыш редакторы болып 1929 жылдың 20 қаңтарынан бастап 1930 жылға дейін қызмет етті. Одан кейін газет басшылығына Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, қазақ әдебиетінің аға буын санатындағы көрнекті өкілі, ақын Ғалым Малдыбаев редактор болып тағайындалды. Ол осы қызметті 1933 жылға дейін атқарды. Айтпақшы, газет 1930 жылдан бастап атауын заман талабына қарай «Колхоз» деп өзгерткен болатын. Ғ.Малдыбаев Бейсенбай Кенжебаев бастаған игі істі одан әрі жалғастырды. Б.Кенжебаев Павлодар округтік «Кеңес туы» газетін ұйымдастырып қана қойған жоқ, осы өңірде кейіннен қазақ әдебиетінің классиктері болып атақтары аспандайтын Қалижан Бекқожин, Зейін Шашкин, партия қайраткері – журналист Кәрім Әжібеков, полковник, даңқты қолбасшы Әбілқайыр Баймолдин сынды қарымды қаламгерлерді газет ісіне тарта білді. Осылайша, Павлодар өңірінде қазақ журналис-тикасы өркен жайды. Бүгінде Павлодар облыстық газетінің тарихын сөз еткенде танымал тұлғаның еңбек жолы Кереку өңірінде сайрап жатқанын ерекше мақтан етеміз.

 

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ, «Saryarqa samaly» газетінің бас редакторы.


Количество показов: 413

Возврат к списку