Талапты күшейту керек

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Талапты күшейту керек 13.04.2021

Талапты күшейту керек

Өңірде құрылыс саласына қатысты қордаланып қалған күрмеулі мәселе көп. Мердігерлердің жауапсыздығы, сапалы жобаны жасаушылардың жоқтығы, кадр мен жергілікті материалдар тапшылығы қарқынды арттыруға салқынын тигізіп отыр. Саладағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында құрылыс индустриясын дамытуға бағытталған өңірлік жол картасы жасалмақ. Стратегиялық құжат нақты қандай бағыттарды қамтуы тиіс?

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Олқылықтан опық жейді

 

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен жиын барысында құрылысты жобалау, нысандарды салу мәселесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Облыс қала құрылысы және жерді бақылау басқармасының басшысы Арман Бекбосынов жан-жақты жүргізілген талдау қорытындыларымен таныстырды. Соның нәтижесінде көптеген кемшілік анықталды. Солардың бірі – әріптестік орнатуға болатын компаниялардың аздығы. Арман Бекбосыновтың айтуынша, өңірде 958 құрылыс мекемесі бар. Десе де, олардың ілуде біреуі ғана жобаларды жүзеге асыруға қауқарлы.

- Аймақта тіркелген 958 құрылыс компаниясының бүгінде тек 17 пайызы жұмыс істейді. Оның бар-жоғы 3 пайызымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға болады. Сол сияқты өңірдегі 283 жобалаушы ұйымның 6 пайызы ғана – жұмыстарды жасауға дайын толыққанды мекеме. Мұның барлығы облыста құрылыс саласына қойылған міндеттерді орындап, діттеген межелерге жетуге кедергі келтіріп отыр, - дейді А.Бекбосынов. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов мұндай көрсеткіш жергілікті құрылыс саласына төніп тұрған зор қауіп екенін алға тартты. Лицензиялары бар, бірақ жұмыс істеуге қауқарсыз компаниялардың шама-шарқын қайта қарау қажеттігін айтты.

- Инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізбестен құрылысты бастау – ең басты проблема. Кез келген нысанды салмас бұрын оның инфрақұрылыммен қамтылуы тиіс екенін кейбіреулер әлі күнге дейін түсінбей келеді. Жобалаушы компаниялардың бірі үшінші қабаттан кейінгі плитаны жобаға қоспауы – мүлде қисынға келмейтін дүние. Сонда ғимарат қабаттарының арасы қалай бөлінеді? Өкінішке қарай, осындай ойға қонымсыз қателіктер жиі кездеседі, - деді Ә.Сқақов. Бұл ретте құрылыс, жобалау, техникалық бақылау компанияларының өкілдері де бірқатар мәселеге қатысты өзекті жайттарды ортаға салды. «Kazakhstan Project» ЖШС өкілі Мұрат Әлжановтың айтуынша, мемлекеттік сатып алуларға қатысатын компанияларға қойылатын талаптарды күшейту керек.

- Лицензиясы бар компаниялардың барлығы бірдей мемлекеттік сатып алуларға қатыса алады. Ал олардың біліктілік талаптары, мамандармен қамтылуы ескерілмейді. Табыстың көп бөлігін салық ретінде өтесе болғаны. Мұны пайдаланған кейбір компаниялар мемлекеттік конкурста жеңіске жету үшін қосымша салық төлейді. Мәселен, жобалаушы компаниялардың бірі жыл басынан бері 840 млн теңгелік жобаларды ұтып алды. Ал бұл кәсіпорында небары 8-10 адам жұмыс істейді. Сондықтан жұмыстың сапалы боларына сену қиын. Осы іспетті олқылықтар болмас үшін конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды күшейту керек, - деп есептейді М.Әлжанов.

«Стройпроектгрупп» ЖШС өкілі Сержан Асанбаев бұл мәселенің техникалық бақылау ұйымдарына да қатысты екенін айтты.

- Бүгінде құрылыс нысандарының барлығында дерлік бірлі-екілі техникалық бақылау компаниясы ғана жұмыс істейді. Олар тапсырысты көп алып, кейін құрылыс барысын бақылай алмайды. Кейбір компаниялар нысандар салынып жатқан алаңға екі аптада бір рет қана барады. Бұл ретте де құрылыстың сапалы боларына күмән көп, - дейді С.Асанбаев. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар қосалқы мердігерлер мәселесін көтерді. Арман Бекбосыновтың айтуына қарағанда, көп жағдайда бас мердігерлер жұмысқа қосалқы мердігерлерді тартып, соның салдарынан қиындықтар жиі туындайды. Нысандар мерзімнен кеш тапсырылады, жүктелген істер сапасыз атқарылады, жұмысшыларға айлық уақытылы берілмейді және тағысын тағылар. Оған қоса, бас мердігерлер сырттан компания тарту жайын тапсырыс берушілермен, техникалық бақылау компанияларымен келіспейтін көрінеді. Ал қолданыстағы ереже бойынша, қосалқы мердігерлер жұмыстың белгілі бір бөлігін ғана атқаруы тиіс. Облыс әкімі Ә.Сқақов аттестациялаудан өткен мамандары жоқ қосалқы мердігерлердің жұмысын реттеуге қатысты ұсыныстарды дайындап, құзырлы министрлікке жолдау қажеттігін айтты.

 

Маман да, материал да тапшы

 

Құрылыстағы күрмеулі мәселелердің тағы бірі – жергілікті өнімнің аздығы. Арман Ілиясұлының айтуына қарағанда, құрылыс материалдарының 40 пайызы ғана өңірде өндіріледі. Қалғаны басқа облыстар мен шет мемлекеттерден жеткізіледі. Әсіресе, кірпіш тапшылығы ерекше байқалады. Мәселені шешу үшін нысандарды тек кірпіштен емес, панельден, монолитті құрылымдардан салу ұсынылды. Бұл бастаманы Павлодар қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Александр Рюмкин қолдады. Оның айтуынша, басқа құрылыс материалдарының сапасы кірпіштен еш кем түспейді әрі оларды пайдалану облыс тәжірибесінде бұрыннан бар.

- Көршілес облыстардағы құрылыс компаниялары Екібастұзда екі жылдан кейін шығарылатын кірпіштерді қазірден-ақ сатып алып жатыр. Ал бұл уақытта жергілікті фирмалар бұл материалды басқа өңірлерден тасуға мәжбүр. Осы және басқа да құрылысқа қажетті заттардың болмауынан кейбір жобалар уақытылы тапсырылмайды, - деді Ә.Сқақаов. Құрылыстағы қарқынды кейбір мемлекеттік қызметшілер біліктілігінің төмендігі мен кадр тапшылығы да тежеп отырғанға ұқсайды.

- Әсіресе, білім, спорт саласындағы басшылар құрылыстың қыр-сырын білмейді. Егер бөлінген бюджеттің қаржысы жетпесе, жобадан кез келген тұсты алып тастауы мүмкін. Яғни, қандай да бір жұмыстың маңыздылығына емес, оның шектеулі қаржы көлеміне сай келуіне ғана мән береді. Мәселен, Ақсу кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуда спорттық құрал-жабдықтар мен желдету құрылғысы, Павлодар ауданы Ольгинка ауылында мәдениет үйін жөндеуде су және кәріз желілерін тарту жұмыстары ескерілмеген. Осындай жағдайларда жобалық-сметалық құжаттамаларды қайтадан жасап, мемлекеттік сараптамадан өтуге тура келеді, - деді А.Бекбосынов. «ГСУ Құрылыс» ЖШС өкілі Дәулет Мұстафиннің сөзінше, кей кездері мемле-кеттік конкурс негізінде ресімделген және құрылыс компанияларына берілген жоба-ларда айтарлықтай айырмашылықтар болады. Сондай-ақ, бұрын жобаның электронды және қағаз жүзіндегі нұсқалары берілсе, бүгінде мөрі жоқ көшірмелер ғана қолға тиеді. Соның салдарынан құрылыс барысында қиындықтар туындайды. Осы орайда кадр тапшылығы да сөз болды. Бүгінде сумен, жылумен қамтушылар, тас қалаушылар, ішкі әрлеу жұмыстарымен айналысатындар өте аз. Өткен жылы жоғары оқу орындарын 414 түлек тәмамдаса, оның 284-і ғана жұмысқа орналасты. Торайғыров университетінің инженерия факультетінің деканы Руслан Мұқановтың айтуынша, қазіргі уақытта студенттерге тәжірибелік білім беру қолға алынды. Алдағы уақытта дуалды оқытуды енгізу де жоспарда бар. Жиын соңында аймақ басшысы жоғарыда аталған мәселелердің барлығын ескере келе, құрылыс саласын дамытуға бағытталған жол картасын әзірлеуді тапсырды. Оны дайындау барысына осы саладағы компаниялар, ардагер құрылысшылар мен қоғам өкілдері белсене араласуы керек.

- Облыста құрылыс көлемі төмен. Заманауи технологияларды қолдану бойынша артта қалып отырмыз. Бұл кемшін тұс қаржыға тіреліп тұрған жоқ. Мәселе жергілікті құрылыс индустриясының дайын еместігінде болып тұр. Салада кемшін тұстар жетіп артылатындықтан, инвесторлар тарапынан да қызығушылық жоқ. Жаңа стратегиялық бағдарлама мамандарды оқытудан бастап, жобалау, нысандарды салуға дейінгі ауқымды кезеңдерді қамтып, әділ бәсекелестіктң дамуына тың серпін беруі тиіс, - деді Ә.Сқақов. Сонымен қатар, Әбілқайыр Бақтыбайұлы салалық қауымдастықтың жұмысын жандандыру қажеттігін айтты. Дәл осы ұйым құрылысшылардың өзекті мәселелерін көтеруі тиіс.


Количество показов: 371

Возврат к списку