Тапшылық туындамауы тиіс

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Тапшылық  туындамауы тиіс 26.08.2021

Тапшылық туындамауы тиіс

Бүгінде аймақтағы алқаптарда жиын-терім жұмыстары қызу жүріп жатыр. Дәнді және майлы дақылдардың, картоп пен көкөністің өнімділігі былтыр-ғыдан асып түседі деген болжам бар. Өңірімізде өсірілетін кейбір өнім түрлерінің көлемі тұрғындардың сұранысынан бірнеше есеге көп екенін атап өткен жөн. Сол себепті келесі жылдың мамыр айына дейін картоп, сәбіз тапшылығы туындамауы тиіс.

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиын барысында күзгі жиын-терім жұмыстары талқыланды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашевтің айтуынша, биыл егіс алқабы өткен жылмен салыстыр-ғанда 37,4 мың гектарға ұлғайып, 1 468,9 мың гектарды құрады. Осы уақытқа дейін 70,9 мың гектар жерден 66 мың тонна дәнді дақыл, 0,9 мың гектардан 23,9 мың тонна картоп, 0,33 мың гектар алқаптан 8,5 мың тонна көкөніс және 0,1 мың гектардан 3,5 мың тонна бақша өнімдері жиналды.

- Аймақта өңір тұрғындарының жалпы сұранысынан 7,5 есе көп картоп, 11,4 есе артық сәбіз өсіріледі. Сондықтан аталмыш өнім түрлерін келесі жылдың мамыр айына дейін сақтауға мүмкіндік болады. Облыста жалпы сыйымдылығы 412 мың тонна болатын 141 қойма бар. Жыл соңына дейін 35 мың тонна картоп пен көкөністі сақтайтын 5 қойма пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, өңірде 890 мыңнан астам астықты сақтауға қауқарлы 257 қамба бар, - деді Н.Мақашев. Жиын барысында Тереңкөл ауданының әкімі Серік Батырғожинов, Успен ауданының әкімі Николай Дычко аудандағы жиын-терім жұмыстарының барысы туралы баяндады. Айталық, биыл Успен ауданында 18 мың гектар алқапқа қарақұмық егілді. Бұл былтырғы көлемнен 4 мың гектарға көп. Аудан басшысының сөзінше, бүгінде гектарынан 8 центнер өнім жиналуда. Жалпы түсім 13 мың тоннаны құрайды деген жоспар бар. Бұл ретте облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов картоп, көкөніс пен астықты сақтауға баса назар аударуды тапсырды.

- Астық, көкөністі жинау, оларды сақтау жұмыстарының сапалы жүргізілуі маңызды. Келесі жылдың қыс-көктем айларында облыста картоп, сәбіз, басқа да өнімдер тапшылығы туындамауы тиіс. Сондықтан өткен жылғы тәжірибені негізге ала отырып, қазіргі уақыттан бастап жергілікті шаруалармен тұрақтандыру қорын қолжетімді бағадағы көкөністермен қамту бойынша меморандумдар жасалуы керек. Форвардтық келісімшарттар негізінде астықпен қамтамасыз етуге міндетті шаруалардың жұмыс барысы да үнемі бақылауда болуы қажет, - деді аймақ басшысы. Жоспар бойынша, күзгі дала жұмыстары бір ай аралығында аяқталып, 25 қыркүйекке дейін өнімдердің барлығы жиналуы тиіс.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА,

Суретті түсірген - Владимир Бугаев (мұрағат). 

Количество показов: 806

Возврат к списку