Тарихи әділеттік орнады!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Тарихи әділеттік  орнады! 16.12.2021

Тарихи әділеттік орнады!

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары халыққа да, ел билігіне де оңайға соққан жоқ. Жұмыссыздық жайлап, еңбекақы уақытылы берілмей жатқан тұста нақты шешімдерді тез арада қабылдап, әлеуметтік мәселелерді оңтайлы түрде реттеу басты талаптардың бірі еді. Сондай қиын-қыстау сәтте қырық атанға жүк болар қиындықты қайыспай көтерген қазақ қыздарының бірі – Рысты Жұмабекова. Еңбек жолын ауылда қатардағы мұғалім ретінде бастап, кейін кәсіби Парламенттің алғашқы депутаты, Білім және ғылым министрлігі комитетінің басшысы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Осы аптада мерекеге орай «Nur Otan» партиясының ең жоғары марапаты - «Белсенді қызметі үшін» медалімен марапатталды. Тәуелсіздік күніне орай Рысты Мағауияқызымен тілдесудің сәті түсті. Осыдан 30 жыл бұрынғы қам-қарекетті еске алып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқыға салдық.

 

- Рысты Мағауияқызы, бүгінде Құрметті демалысқа шықсаңыз да қызметтен қол үзбей, жиған-терген тәжірибе-ңізді әріптестеріңізбен бөлісіп жатқаныңызды білеміз. Сол қауырт жұмыстың арасында алтын уақытыңызды бөліп, сұхбат беруге келіскеніңіз үшін көп рақмет!

- Өзім еңбек жолын бастап, кәсіби маман ретінде қалыптасқан Ертіс-Баян өңірі мен үшін қашан да ыстық. Аймақтың айнасына айналған ата басылым – облыстық «Saryarqa samaly» газеті 90 жылдан астам уақыттан бері бұқараның көңілінде жүрген тақырыптарды тереңінен қаузап келеді. Сондықтан баспасөздің ұсынысынан бас тартқаным жарамас. Оған қоса, өскелең ұрпақ бүгінгі жетістікке жету жолын білгені, санаға түйгені артық болмайды деп ойлаймын.

- Олай болса, әңгімеміздің әлқиссасын Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастасақ. Қазақстан азаттық алған тұста Ақтоғай ауданында білім беру бөлімінің басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқар-дыңыз. Сол кезде қуанышпен қатар келген қиындықты қалай еңсердіңіздер?

- Шыны керек, оған дейін дербес мемлекеттік саясаты, заңдық нормалары, былайша айтқанда тәуелсіз жұмыс істеу принципі болмағандықтан, ауыртпалықтар аз болған жоқ. Кеңес Үкіметі тараған соң жұрттың абдырап қалғаны рас. Бірақ жергілікті биліктің қол қусырып отыратын уақыты болмады. Зейнетақы, міндетті әлеуметтік төлемдер, жалақы берілмей жатқан тұста мәселелерді қолдан келгенше тез арада шешу негізгі міндетіміз еді. Мен әлі күнге дейін жұртшылықтың сол уақыттағы төзімділігіне, шыдамдылығына, қарапайымдылығына қайран қала-
мын. Айлар бойы бір тиынсыз отырса да «Менің ақшам қайда?» деп әкімдіктің есігін теуіп кірген емес. Ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-біріне көмегін көрсетіп, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара білді. Алдымен көпбалалы отбасыларға, жалғыз қалған қарттарға қарайласып жатқанымызда «Оның зейнетақысын бергенде менікін неге бермейсің?» деп санасқан адамды көрген жоқпын. Тіпті қиналып бара жатса, «Мүмкіндік болса, әлеуметтік ақымның бір бөлігін бере аласыздар ма?» деп жай ғана сұрайтын. Қазіргідей әкімдік түгілі министрлікке басып кіріп, оның қызметкерлеріне қол көтеру атымен болған жоқ. Соңғы жылдары ақпараттық алаң ашық болып, шетелдің қаңсығы қанға сіңіп бара жатқаннан ба, қайдам, әйтеуір «бас жарып, көз шығаратын» жағдайға дейін жететін кездер орын алып жатыр. Бұл – өзекті өртейтін жайт. Меніңше, заман өзгерсе де, адамның ішкі мәдениеті мен сана-сезімі жоғары болуы тиіс. Иә, қазір әлеуметтік қиындықтар бар. Бірақ оны салмақты түрде айтып, билік пен бұқара мәселені шешу жолдарын бірлесе талқыласа, әлдеқайда дұрыс болар еді.

- Өзіңіз айтқандай, соңғы уақытта кейбір мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар арасында түсініспеушілік туындап, оның соңы дауға ұласып жатады. Бұған кей маман-дардың, әсіресе жастардың білім-білігінің төмен болуы әсер етіп жатқан жоқ па?

- Мемлекеттік қызмет саласында ұрпақтардың алмасуы қашан да қиын болады. Бұрынғы кеңестік кезеңді көксегенім емес, десе де, сол уақытта билікте, атқарушы органдарда еңбек ететін адамдар қатаң сүзгіден өтетін еді. Қарым-қабілеті, еңбекке деген икемділігі бар-ау дейтін азаматтарды ерте кезден дайындайтын-ды. Мәселен, бізді де мектепте директордың орынбасары болып жүрген тұста-ақ партиялық мектептің оқуына жіберді. Осындай бір сабақтастық, тәлімгерлік, басшылық қызметке сатылардан өту деңгейі үзіліп қалғандай болып көрінеді кейде. Көп жағдайда мемлекеттік қызметшілердің жұртпен ортақ тіл табыса алмауына тәжірибесінің аздығы да әсер етіп жатады. Мемлекеттік қызметшілер тек кабинетте отырмай, қоғамдық орындарды, үйлерді аралап, көпшілікпен кездесіп, сөйлесе білсе, шешілмейтін мәселе жоқ.

- Сіз 1995-1999 жылдары депутаттық қызмет атқарған Қазақстан Республикасының алғашқы Мәжілісінің де тәжіри-бесі болған жоқ. Бұл – егемен елде құрылған бірінші Парламент. Сол тұста заң шығару ісінде қай елдің заңнамаларын негізге алдыңыздар?

- Иә, алғашқы кәсіби Парламентке жүктелген міндет жүгі жеңіл болған жоқ. Бұрын-соңды болмаған, ел дамуының жоспарын айқындайтын заңдарды талқылап, қабылдап, олардың іске асуын қадағаладық. Бастысы, сол уақытта ел дамуының бағдарын белгілейтін Ата Заңымыз – Конституция қабылданды. Меніңше, бізге бастапқы уақытта тәжірибе емес, теория жеткен жоқ. Себебі алғашқы депутаттардың басым бөлігі әр өңірден жиналған білікті мамандар болды. Былайша айтқанда, халықтың жағдайы қандай екенін, оларға не керектігін көзбен көріп, біліп келген едік. Сондықтан экономикасы құлдырап, енді ғана аяққа тұра бастаған Үкіметтен әлеуметтік мәселелерді шешу үшін қыруар қаражаттың бөлінуін талап еттік. Бірақ сол қаражаттың қалай жиналып жатқанын, оның қалай бөлінетінін, жалпы заң шығару жүйесін білген жоқпыз. Десе де, Заманбек Нұрқаділов, Әбіш Кекілбаев, Өмірбек Жолдасбеков, Фариза Оңғарсынова сынды мықты алдыңғы буын өкілдері жөн-жосықты түсіндіріп, білмегенімізді үйретті. Сол ағаларымыздың ақыл-кеңесімен 20-ға жуық депутат Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде заң саласы бойынша білім алдық. Яғни, бізге теория тәжірибеден соң ғана келді. Сол кезде екеуін ұштастырып, заң шығару ісіне білек сыбана кірістік. Германия, Англия, Франция сынды дамыған елдердің заңнамаларын қарап, олардан аларымызды алып, өз жағдайымызға сай реттедік. Үкіметтің, министрліктің, әкімдіктің сол заңдар аясында қалтқысыз қызмет етуін бақылауда ұстап, тұрғындардың талап-тілектерін жеткіздік. Білім, денсаулық, әлеуметтік қамту, зейнетақы сынды қоғамдық маңызы зор жүйелерді реттеу үшін көп еңбек, көп уақыт жұмсалды. Оның нәтижесі жаман болмағанға ұқсайды.

- Депутат ретінде заңдарды дайындасаңыз, 1999-2001 жылдары сол заңдарды нақты іске айналдыруы тиіс Білім және ғылым министрлігіне ауыстыңыз. Бұл қызметте қандай міндеттер қойылды?

- Бастысы – тәуелсіз елдің ұрпағына сапалы білім беру. Осы орайда ұлттық компонентті енгізудің маңызы жоғары еді. Азаттық алғанға дейін тарихымыз бұрмаланып, тіпті кейбір оқиғалардың тарих парақтарынан мүлде алынып тасталғаны белгілі. Соларды қайта жаңғыртып, жаңа буынға өткеніміз туралы нақты деректер мен дәйектер келтіру, жалпы қазақ тілінде оқулықтар шығару негізгі міндет болып белгіленді. Бұған дейін бұл салада да айтарлықтай тәжірибе болмағандықтан, Ресей мен Беларусь елдерінің атқарған ісін електен өткіздік. Сол тұста Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясында ғалымдардың үлкен армиясы тынбай, талмай еңбек етті. Сол ғалымдардың сүбелі жұмысының нәтижесінде ана тілінде білім алатын балалардың саны артты. Бүгінде халықаралық додалардан олжалы оралатын, әлемнің озық университеттерінде оқитын жастардың қатары көп. Бұл да сол уақытта министрлік атқарған жұмыстың жемісі болар.

- Білім демекші, 2001 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып өңірімізге оралып келген соң да бұл саланың дамуына көп көңіл бөлдіңіз. Тіпті, кей әріптестеріңіз әлі күнге дейін «Рысты Мағауияқызы қай мектептің қандай жағдайда екенін, онда қанша мұғалім мен оқушы барын жақсы білетін» деп еске алып жатады. Мұның сыры неде?

- Білім – маңызы зор сала. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың барлығы осы білімнен бастау алады. Сондықтан оған атүсті қарауға болмайды. Егер сол саланы бүге-шігесіне дейін білмесең, қиындықтарды шешуге талпынбасаң, сараптама жүргізбесең несіне басшы болып отырсың?! Сондықтан әр мектептің жағдайын білуім қандай да бір қасиет деп емес, негізгі міндетім мен қызметім деп білемін. Қазіргі күні кей мектептердің басшыларынан «Мұнда қанша бала оқиды?» деп сұрасаң, білмей тұрады. Бұл – қорқынышты. Елдің болашағы мектептен басталады. Сондықтан тәуелсіз елдің ұрпағы сапалы білім, саналы тәрбие алу үшін аянбау керек деп есептеймін.

- Тәуелсіздіктің алғашқы 10 жылдығынан соң мемлекеттік тілде білім беретін мектептер ашу ісіне ден қойыла бастады. Осы бағытта атқарылған істердің жарқын үлгісі ретінде Павлодар қаласындағы №25 орта мектепті атауға болады. Солай ма?

- Қазақ пен қазақ орысша сөйлесетін сол тұста мемлекеттік тілде оқытатын мектептер санын көбейту өте өзекті мәселе еді. Сондықтан №25 мектеп оңтайлы уақытта, сәтті жерде салынған білім ордасы деп ойлаймын. Жаңа шағын аудан бой көтеріп жатқан тұста бұл ұтымды шешім болды. Ол кезде облысқа басшылық еткен Даниал Ахметов оқу орнының жобасын өзі жетілдіріп, өзгерткен еді. Сол мектеп қозғау салып, Екібастұз, Ақсу қалаларында да қазақ мектептерінің саны көбейді. Бұл қуантарлық жайт - Тәуелсіздігіміздің айқын көрінісі.

- Ол кезде көше атауларын өзгерту де өзекті мәселелердің бірі еді...

- Иә, 2000-ыншы жылдардың ортасында ұлттық сананы жаңғырту, «ұйықтап» кеткен халықты ояту, ана тіліміздің мәртебесін арттыру маңызды істердің бірі болды. Ономас-тика мәселесі – солардың өзегі. Облыстық мәслихаттың депутаты болған Ерлан Арын бұл бағытта көп еңбек сіңірді. Қаныш Сәтбаев, Шапық Шөкин, Әбікен Бектұров сынды даңқты жерлестеріміздің кім екенін, қазақ халқы үшін қандай еңбек сіңіргенін есімізге тағы бір мәрте салып, осындай біртуар тұлғалардың есімдерін көше атауларына берудің мән-маңызын түсіндірді. Әрине, мұндай бастамаларды қуана құптағандар да, қарсылық танытқандар да болды. Қайткенмен, тарихи әділеттік орнады! Қаламыздың орталық көшелері елдің дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азаматтардың атымен аталатын болды. Мұны егемендіктің айнасы деп нық сеніммен айтуға болады.

- Ал қазіргі күні сізді қандай қоғамдық мәселелер толғандырады?

- Біріншіден, отбасы институ-тының мәселесі. Отбасы мықты болса, мемлекет те мықты болады. Конституцияда да біздің елдің басты құндылығы адам деп нақты жазылған. Әттеген-айы, соңғы уақытта отбасыларда әлеуметтік мәселелер жиілеп кетті. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында түнгі уақытта ата-анасы жұмыста болған кезде бес бірдей қыздың өмірін жалмаған өрттің орын алуының өзі әлі де шешілмей келе жатқан күрмеулі мәселенің көптігін көрсетті. Содан соң «Nur Otan» партиясы жанынан отбасы, әйелдер, жастар мен балалар ісі жөніндегі республикалық кеңес құрылды. Бүгінгі таңда сол кеңесте қызмет атқарамын. Біз отбасыға қатысты өзекті жайттарды шешу амалдарын қарастырып жатырмыз. Бұл ретте әжелер институтын жаңғырту артық болмас деп ойлаймын. Мәселе немерені күні бойы бағып-қағуда емес, оған тым құрығанда бір сағат уақытын бөліп, ақыл-кеңесін айтып, баланың ой-пікірін білуде. Кезінде өзім әженің тәрбиесін көрдім. Мен мемлекеттік қызметте жүргенде балаларымды әжелері өсірді. Одан жаман болған жоқпыз. Қазақ халқы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бекер айтпаған. Сондықтан отбасылардың жағдайын жақсартуға, олардың әл-ауқатын арттыруға ден қою қажет. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» азаматтарды естіп қана қоймай, тыңдай білуі тиіс. Екіншіден, ауылдағы ағайынның жағдайы алаңдатады. Елді мекендегі балабақшалар, мектептер, мәдениет үйлері жөнделіп жатқаны жақсы-ақ. Енді тұрғындарды сапалы сумен, жолмен, тұрақты жұмыспен қамту мәселесіне баса назар аударған жөн. Ауылдарда қолайлы жағдай жасалса ғана тұрғындар сол жерде шаруасын дөңгелетіп, алаңсыз өмір сүреді. Бұрындары басшылардың бірі «Ауылдағы жағдайды қаладағы деңгейге жеткіземіз» дейтін-ді. Менің пайымымша, бұл ретте ауылдық-тарға алдымен сол деңгейге жетер мүмкіндік берілуі керек. Үшіншіден, жастардың жағдайы ерекше назар аударуды қажет етеді. Олар – кемел келешегіміздің ертеңі. Балалардың білім сапасы, олардың мамандық таңдауы, жұмысқа орналасуы, бос уақытын өткізуі сынды мәселелердің барлығы биліктің күн тәртібінен түспеуі тиіс. Жастардың дамуына, ой-жоспарын жүзеге асыруына жағдай жасасақ, олар да тәуелсіз елдің ертеңі үшін аянбай еңбек етері хақ.

- Әңгімеңізге көп рақмет! Ел игілігі үшін еткен еңбегіңіздің жемісін көріп, ғұмырлы болыңыз!

- Жерлестерімді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Әңгімелескен – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 


Количество показов: 1045

Возврат к списку