Тарихы терең Павлодар волейболы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Тарихы терең  Павлодар волейболы 21.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы

Биыл аймағымызда волейбол спорты жаңа екпін ала бастады. Осыдан 3 жыл бұрын қаржылық қиындықтарға байланысты өзге командаларға ауысқан жергілікті волейболшылар қайтадан оралуда. Бұл спортта өңірдің өзіндік тарихы бар екенін ескерсек, волейболдың өткені мен бүгінгісін саралап көрдік.

 

Оралхан ҚОЖАНОВ

Даладағы тартыс

 

Әрине, өткен тарихты ардагерлерден асып ешкім айта алмайды. Осы орайда, волейбол спортының ардагері Талғат Мамашевті әңгімеге тартқан едік.

- Аймақтың спорттық өмірін қызықты да тартысқа толы волейболсыз елестету қиын. Өңірде аталған спорт түрімен 20 мың адам тұрақты айналысады. Өткенге көз жүгіртсек, облыста өткен ғасырдың 20-шы жылдардың аяғында волейбол спорты жайлы түсінік қалыптаса бастады. Техникумдарда, №1 және №8 мектептерде мықты командалар құрылды. Солардың негізінде облыстық құрама жасақталып, бірден алғашқы Қазақ КСР чемпионатының жүлдегері атанды. Команда сапында С.Кобенко, П.Шишкин, М.Шипицын, Н.Горелик, З.Жақсыбаев, Н.Коробов сияқты шеберлігі жоғары ойыншылар өнер көрсетті, - дейді Т.Мамашев. Өңірдегі волейбол спортының жаңа дүмпуі соғыс жылдарынан кейін орын алған. Жастар Ленин паркін волейбол алаңына айналдырған. Көктем бастала сала күздің соңына дейін жарыстар қыза түскен. Көрермендердің қызығушылығы артқаны соншалық, өздерінің ішінен командалар жасақтаған. Осылайша, «жеңілген команда ұшады» деген тәртіппен турнирлер ұйымдастырылып тұрыпты. Жарыста шеберлігімен көзге түскен волейболшылардың атағы сол кездегі кино әртістерінен кем болмапты. Әсіресе, көптің ішінен майдан даласынан аман-есен оралған ұзын бойлы Василий Щербинко ерекшеленген. М.Малыгин, В.Сорокин, И.Телешов, Ф.Бойко сияқты ойыншылардың да деңгейі жоғары болған.

- Уақыт өте келе аймағымызда спорттық ойындар бойынша алғашқы мамандар пайда бола бастады. Қазақ дене тәрбиесі институтының (қазіргі Қазақтың спорт және туризм академиясы) түлектері А.Исембаев пен Л.Козлов оқушылардың арасынан мықты команда жасақтап, ел чемпионатында әрдайым жүлделі орындарды иеленіп жүрді. Ең елеулі оқиғаның бірі - №188 теміржол мектебінде спорт залының ашылу еді. Жаңа нысан волейболмен жыл бойы жаттығуға мүмкіндік берді. Игі іске ұйытқы болған Владимир Лифшиц еді. Аталған мектептің бұрынғы директоры өңірдегі балалар-жасөспірімдер волейболының дамуына көп үлес қосты, - дейді Т.Мамашев.

 

Балалардың бағын ашты

 

Ал тың игеру және өндірістік құрылыс жылдары өңірдегі волейбол спорты қарыштап дами бастады. Аймаққа жан-жақтан көптеген жастар қоныстанды. Олардың қатарында шеберлігі мол А.Куц, Н.Павлов, А.Матвейчук, Э.Кривопушкин, И.Ходус, А.Гайчуков, В.Абрамович бар. Кейін Л.Стальной, Р.Андреев, К.Аймұқашев, Э.Семенов, Г.Твердохлеб, С.Варвянской, Ф.Парамонов сияқты мықтылар қатарға қосылып, облыс құрамасы Қазақстанның кеңестік халық шаруашылығы біріншілігінде топ жарды. 1956 жылы облыс құрамасы қатарында үздік ойыншылары бар алматылық «Буревестник» командасымен терезесі тең ойын көрсеткен. Сол жылы алматылықтар КСРО чемпионы атанған. Кейінгі жылдары аймағымызда балалар спорт мектептері ашыла бастады. Оқушыларды Н.Павлов, В.Устименко, И.Коротченко, А.Тертычный, М.Джафаров сияқты білікті мамандар жетістікке жетеледі. Оқушылардың арасынан Н.Антипин, Ю.Гапонов, Ю.Кан, Т.Мамашев, В.Тейхриб, В.Иванов сияқты үздіктер суырылып алға шығып, өңірдің волейбол тарихында есімдері алтын әріптермен жазылды. Мықты ойыншылардың көп болуы өңірде бұқаралық спортты ғана емес, кәсіби волейболды дамытуға жол ашты. Жергілікті партиялық-кеңестік орган басшылығының қолдауымен «Металлург» кәсіби клубы құрылды. Команда сапында В.Фербер, Н.Серебренников, Г.Лукомский, А.Щербинин, Г.Фимушкин, И.Пильников, Н.Сапунов, Полтавский, А.Тарасов сияқты ойыншылар өнер көрсетті. Клубты Юрий Кан жаттықтырды. «Металлург» КСРО чемпионатының бірінші лигасында («А» класы) тәуір нәтиже көрсетті. Кейін «Мәди» клубының дәурені жүрді.

 

Әйелдер волейболы әдемі

 

Әйелдер волейболының дамуы да назардан тыс қалған жоқ. 1950-жылдары алғашқы командалар тіркеле бастады. Үздіктердің қатарынан И.Насонова, В.Шахлина, А.Фомина, Л.Комарова,  Г.Лузанова (облыстағы тұңғыш волейболдан КСРО-ның спорт шебері), апалы-сіңлілі Лакмандар, Т.Дралова табылды. Тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі әйелдер волейболының дамуы 1996 жылы құрылған «Ертіс-Казхром» командасымен байланысты. Аталған ұжымның қоржынында ел чемпионатының түрлі марапаттары көп. Ал ерлер волейболына келсек, 2012 жылы құрылған «Павлодар» командасы облыс намысын әлі күнге дейін абыроймен қорғап келеді.

 

Жаңа леп

 

Бүгінде облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов аймағымыздағы волейбол федерациясының президенті ретінде аталған спорттың дамуына баса назар аударуда. Қаржылық қиындықтарға байланысты өзге командаларға ауысқан жергілікті волейболшылар қайтадан оралды. Олардың қатарында Роман Фартов, Алмаз Исин, Виталий Мироненко, Асқар Серік, Анас Жұмаділов, Эдуард Погребняк бар. Ағаларының ізін жалғап, команданы күшейткен Алмаз Кариш, Нияз Нұрғазин, Ануар Қалиев, Рүстем Сапар, Айзат Азмахан, Марк Истомин сияқты ойыншылардың болашағы зор. Команданы Антон Каратаев жеңіске жетелеуде. Аққулы ауданы Шарбақты ауылының тумасы, волейболдан ҚР спорт шеберлігіне үміткер талантты ойыншы Алмаз Исин осы уақытқа дейін көкшетаулық «Ұшқын» командасын жеңіске бастап келген. Ол ендігі жерде туған жерінің абыройын асқақтатуды мақсат етуде.

- Волейболда ойыншылар 35 жастың ауылына қадам басқанда спорттық мансабын аяқтап жатады. Жасым - 31-де. Ендігі жерде облыс әкімдігінің бізге артқан сенімін ақтап, жастармен тәжірибемізбен бөлісіп, аймақтағы волейбол спортын дамыту – басты міндетіміз. Павлодарда дарынды жас волейболшылар жетерлік. Бағыт-бағдар көрсетуге барымды саламын, - дейді Алмаз. «Павлодар» командасының директоры Виктор Мамашевтің айтуынша, облыс әкімдігі биылғы біріншілікте үздік төрттікке ену міндетін қойған.

- Зор қолдау көрсетіліп жатқанын ескерсек, мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік бар. Тәжірибелі ойыншылар қайтадан қатарға қосылды. Шебер жастар да жетерлік. Алдағы маусымда «Павлодар волейболы қайта жанданды» деген сүйінші хабарлар таратылатынына сенім мол, - дейді В.Мамашев. Қорыта айтсақ, Павлодар волейболының өзіндік қолтаңбасы бар. Жылдар бойы іргетасы қаланған спорттың тұғыры биікте болуы тиіс. Ара-тұра проблемалар туындаса да, жеңістің туы желбірейді деген сенімдеміз!

 


Количество показов: 1131

Возврат к списку