Татулық – тірегіміз

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Татулық – тірегіміз 16.10.2021

Татулық – тірегіміз

1992 жылдың 18 қазанында ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі өтті. Осы оқиға 18 қазан – Рухани келісім күні болып бекітілуіне себеп болды. Содан бері Қазақстан елдер мен ұлттар арасындағы рухани келісім мен татулықты сақтауда бүкіл әлемге үлгі болып келеді.

Қазақ жерінде 150-ден астам ұлттың және 18 діни конфессия өкілдері тату-тәтті өмір кешуде. Бұдан біздің елдегі рухани келісім мәселесінің бір жүйеге түскенін аңғаруға болады. Иә, Тәуелсіздіктен бергі 30 жыл ішінде барша қазақстандықтар татулықтың алып тай қазанынан дәм татып келеді. Яғни, ұлты басқа болса да, ұраны бір екенін, тілі басқа болса да, тілегі ортақ екенін көрсетіп келеді. Бұл – бүгінге дейін жеткен жетістігіміздің, бағындырған биік белестеріміздің ең мәртебелісі. 1992 жылы 15 қаңтарда алғаш рет «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданды. Бұл елдегі діни конфессиялық қарым-қатынастарды реттеуде және елдегі діни тұрақтылықты нығайтуда өз рөлін атқарды. 2011 жылы аталған заңға тағы өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа заманға сай жұмыс жүргізіле бастады. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дәулет Зәкарияновтың сөзінше, облыста 13 түрлі діни конфессияның өкілі және 156 діни бірлестік бар. Оның 98-і Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына, 25-і Православиеліктерге, 8-і Католиктерге, 7-і Елуіншілер діни ұйымына, 4-і Жетінші күннің адвентистеріне, 3-і Евангелие христиан-баптистеріне, 3-і Иеговы Куәгерлеріне, 2-і Методистерге, 2-і Пресвитериандарға, 1-і Лютерандарға, 1-і Жаңаапостолдық ұйымға, 1-і Кришна санасы қоғамына, 1-і Иудеизм діни бірлестігіне қарасты. 2015 жылы облыстық дін істері басқармасы жанынан «Діни бірлестіктер» клубы құрылған. Осының арқасында аймақтағы барлық діни конфессия өкілдері елде болып жатқан саяси, әлеуметтік және діни сенім мәселелерін бір үстелдің басында талқылау мүмкіндігі пайда болған.

- Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері дін саласында көп өзгеріс орын алды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында оншақты ғана діни мекеме болған. Мысалы, бір мешіт, бір Православ шіркеуі болды. Сонымен қатар, католиктер, Протестанттар секілді басқа да шағын конфессияларға қатысты бір-бір ұйым болды.Оның өзінде кейбірінде жеке мекеме болған жоқ, үйлеріне жиналып, ғибадат-құлшылықтарын жасайтын. Тәуелсіздіктен кейін діни бірлестіктер саны күрт көбейді. Кеңес өкіметі кезінде жұмыс істеуіне тыйым салынған бірқатар діни ғибадат ұйымдары қайта ашылды. Оған Қазақстанның демократиялық жолға түсіп, азаматтардың діни сеніміне бостандық берілуі басты себеп болды, - дейді Дәулет Қоқанұлы. Қазақстанда ұлттар арасындағы татулық тұрақтылығын сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі туралы айтпай кетуге болмайды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Айнұр Райысованың сөзінше, облыс бойынша 100-ден астам этномәдени бірлестік ұйымы бар.

- Рухани келісім мәселесі әлемнің көптеген елі үшін басты міндетке айналғанына куәміз. Бұл – біз үшін де маңызды. Елімізде өмір сүретін этностардың татулығы мен ауызбірлігі – біздің ең басты құндылығымыз. Елімізде Ассамблея құрылғаннан бастап, барлық этнос өкілдері сол ұйымның төңірегіне топтасып, қарым-қатынастарын нығайтты. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығында этностардың тілдері мен мәдениетін дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, «Ақсақалдар алқасы», «Жастар қанаты», «Медиация орталығы», «Аналар кеңесі» сынды құрылымдардың көздегені – елдің татулығы мен береке-бірлігі. Қазір Ассамблеяның бағыты өзгерген. Бұрынғыдай жеңіл-желпі іс-шараларды доғарып, үгіт-насихат және ағарту жұмысына ден қойып жатырмыз, - дейді Айнұр Мақсұтқызы. Ел тыныштығы мен тұрақтылығын сақтау, ұлттар мен ұлыстардың келісімде өмір сүруі - мемлекет саясатының бір бөлігі. Қазақ қоғамында «Рухани келісім» терминінің пайда болуымен діндер мен ұлттар арасында бір ортақ мақсат пен мүдде орнады. Яғни, елдегі барлық ұлттар арасында татулық пен түсіністік болса ғана өркениетке жол ашылатыны баршаға мәлім болды.

 

Тілеуберді САХАБА.

 


Количество показов: 654

Возврат к списку