Театр қайраткері - ел жадында

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Театр қайраткері -  ел жадында 21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында

Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының іргетасын қалаушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Тәпеновке арналған мемориалды тақта ашылды. Ескерткіш тақта қазақ театрының қабырғасына орнатылды.

 

Өңірдегі қазақ театрының абызына айналған Ерсайын Тәпенов 1945 жылы Семей өңірінде дүниеге келген. Мәскеу қаласында мемлекеттік театр өнері институтын режиссер мамандығы бойынша бітіріп, Мәскеу сатира театрында тәжірибеден өткен. Оқу бітіріп келіп, Семей, Торғай, Қарағанды облыстық театрларында қызмет істеген. 1990 жылдан бастап Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында бас режиссер қызметін атқарды. Ол осы еңбегі арқылы Ертіс-Баян өңірінің мәдени-рухани дамуына айрықша үлес қосты. 1986 жылы сахнаға шығарған Сәкен Жүнісовтің «Өліара» спектаклі үшін «Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» атағы берілді. 1995 жылы Президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанса, 2011 жылы РФ Мәдениет министрлігінің бұйрығымен «А.П.Чехов атындағы алтын медальмен» марапатталды.

- Ерсайын Қандержанұлының есімі Ертіс-Баян жұртына ғана емес, бүкіл Қазақстанға таныс. Ол кісі біздің театрдың іргетасын қалап, бүгінгі деңгейге жету жолында тер төкті. Сондықтан, ол кісінің есімі ұмытылмайды, - деді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Бегалинова. Бүгінде жергілікті қазақ театрының бетке ұстар артистерінің көбі - Ерсайын Қандержанұлының мектебінен өткендер. Себебі, ол режиссер бола жүріп, өзінен кейін келген бір буын ұрпақты тәрбиелеп, театр сахнасында шыңдады. Көзінде жалыны, бойында дарыны бар жастарды тартып, өнер ордасын сапалы кадрмен қамтамасыз етті. Міне, солардың бірі – ҚР Мәдениет қайраткері Бейбіт Шәнім.

- Мен театр ашылған соң бір айдан кейін келдім. Ол кезде біздің сахнада «Айман-Шолпан» спектаклі ғана жүріп жатты. Міне, сол кезден жас мамандарды шақыра бастады. Ерсайын ағамыздың ерекше қасиеті – актерлерді алыстан тани білуінде. Ол кісі адамның ішкі жан-дүниесін көзінен көріп отырады. Мысалы, кейбір рөлдеріміз дұрыс шықпай жататын болса, ақырын ғана: «Мына жері осылай болса, қалай болады?» деп сұрақ қояды. Яғни, өзінің білімі мен тәжірибесін осындай жолмен бөлісті. Сондықтан, ол кісімен жұмыс істеу өте ыңғайлы болды. Ерсайын аға әлемдік деңгейдегі және қазақтың барлық классикалық туындыларын осы театр сахнасында қойды. Ол кезде жас актерлер сахнада жүргені болмаса, классикаға көп бара қойған жоқ. Бірақ жас актерлерге деген сенімінің арқасында барлығын жоғары деңгейде алып шықты, - дейді ол. Мемориалды тақтаның ашылу рәсімін театр директоры Арман Темірбек және режиссердің інісі Бейсахан Тәпенов жасады.

Бейсахан ТӘПЕНОВ, Ерсайын Тәпеновтің інісі:

- Бүгін Ерсайын ағамыздың құрметіне ескерткіш тақта ашып, ерекше толқып отырмыз. Осы өнегелі іске мұрындық болған замандас-тарына, әріптестеріне Тәпеновтер отбасынан алғыс білдіреміз. Ерсайын ағамыз театрдың ашылуы жолында және одан кейін дамуына аянбай тер төкті. Өзінің айтуы бойынша, алғашқы жылдары көптеген кедергілер болған. Бірақ, соның барлығын жеңіп шықты. Бұл ағамыздың еңбекқорлығы мен қазақ өнеріне ғашықтығын білдіреді.

Тілеуберді САХАБА

 


Количество показов: 565

Возврат к списку