Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Тегін үйірме –  ұлт саулығының тетігі 23.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі

Елімізде балалардың шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына баруын жан басына қаржыландыру қағидасы қабылданғаны белгілі. Бүгінде облыста 50-ге жуық спорт клубы жаңа-шылдыққа қадам басқан. Солардың бірі – «De Sport». Ондағы дзюдо, футбол, көркем және спорттық гимнастика үйірмелерінде 500-ден астам бала шеберліктерін шыңдауда.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Аталған клубтың басшысы Михаил Гарафеевтің айтуынша, жан басына қаржыландыру жобасы жалғыз ата-аналарға ғана тиімді емес, спорттық үйірме-лердің табысын арттыруға да жол ашпақ.

- Жаңа бағдарлама арқылы жұмыс істеудің артықшылықтары аз емес. Табысымыз артқан сайын үйірмелерді жабдықтау мәселесі оң шешіледі деген сенімдемін. Спорттық құралдарды да өз қаражатымызға сатып алып, балаларға ұсынуға мүмкіндік бар. Осы жылдың маусым айынан бастап жаңашылдыққа аяқ бастық. Әр спорт түріне бекітілген баға әртүрлі. Мәселен, дзюдо үйірмесіне келген баланың бір жаттығуы 1064 теңгені құрайды. Айына әр бала 12 рет жаттығу өткізеді. Әзірге тиісті қаражат түскен жоқ. Себебі, бір ата-ана табельді толтыруға қатыспаса, құжат қабылданбайды. Оны толтыру электронды форматта жүргізілетіндіктен, кейбір ата-аналар паролін ұмытып жатады. Бізде 500-ден астам шәкірт барын ескерсек, табель толтырудың өзі көп уақытты қажет етеді. Жаңа жүйе болғандықтан алдағы уақытта олқылықтар реттеледі деп ойлаймын, - дейді М.Гарафеев. «De Sport» клубының облыс орталығында 2 филиалы бар. Жақын күндері Павлодар ауданы Новочерноярка ауылында үшінші филиал ашылмақ. Жергілікті әкімдік кері байланысқа шығып, 350 орынға арналған ғимаратты жалдауға ұсыныпты. Ендігі жерде ауыл балалары да тұрақты түрде спортпен айналысуға мүмкіндік алмақ. Айтпақшы, мұнда жаттықтырушылар құрамы толық. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері атағы бар білікті бапкерлер тәлім береді. Бүгінде 15 жаттықтырушы тіркелген. Олар әрдайым білімін жетілдіріп, біліктілікті арттыру курстарына жіберілуде. Дзюдо жаттықтырушысы Денис Амелиннің айтуынша, бұған дейін балалар-жасөспірімдер мектептері дзюдо үйірмесіне баланы 10 жастан бастап алып келген. Жаңа бағдарламаның тиімділігі сол, баланы 4 жастан бастап қабылдап, «іргетасын» мықтап қалауға мүмкіндік зор.

- Батыс елдерінде бұл жүйе әбден қалыптасып үлгерді. Спорттық клубтарға кішкентай кезінен барып жүрген балалар спортты жанына мәңгі серік ететіні дәлелденген. Мемлекет басшысының көздегені де сол. Бұқаралық спортты дамыту - ұлт саулығының кепілі. Десе де, әлі де бұл бағытта жетілдіретін тұстар көп. Мысалға алсақ, зауыттарда жұмыс істейтін азаматтар бос уақытында арнайы спорт түрімен айналысқысы келеді. Қайда барады? Мемлекеттік спорт мекемелері маңына жолатпайды. Спорт клубтарының барлығы дерлік балалар мен жасөспірімдерді қабылдайды. Амалсыздан тренажерлік залдарды ғана жағалайды. Бұқаралық спортты дамытамыз десек, әр жастағы азаматтардың да үйірмелерінің қамтылуын назарға алған жөн, - дейді Д.Амелин. Бүгінде облыста жаңа жүйе арқылы 17 спорт түрі бойынша 87 секция, 239 топ жұмыс істеуде. Жыл соңына дейін олардың қатары артады деп күтілуде.

 


Количество показов: 1012

Возврат к списку