Техникалар аздық етеді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Техникалар аздық етеді 16.10.2021

Техникалар аздық етеді

Облыстағы кейбір қалалар мен аудандарда жол-көлік апаттары азаймай тұр. Бұл ретте жылдамдықты өлшейтін құралдардың, арнайы техникалардың жетпеуі оқыс оқиғалардың орын алуына әсер етпей қоймайды. Жаяу жүргіншілер жолында да бағдаршамдар, жарық шамдары аз.

 

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың төрағалы-ғымен өткен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында өңірдегі жолдар мен көшелерде апаттық жағдайлардың санын азайту жолдары талқыланды. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, 2015 жылы аймақта 1021 жол-көлік оқиғасы орын алса, өткен жылы 705 апат тіркелді. Жол-көлік оқиғаларының жалпы саны азайғанмен, кейбір аудан-қалаларда жазатайым оқиғалардың саны артуда. Мәселен, Екібастұз қаласында былтыр 94 апат болса, биыл 109 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ақсу қаласында жол апаттарының саны 9-дан 14-ке дейін өсті.

- Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі - жылдамдықты шамадан тыс асыру бойынша 124 дерек тіркелді. Бұл оқиғалардың жалпы санының 27,5 пайызын құрайды. Елді мекендерде алып жүруге болатын радиолокаторларды қолдануға тыйым салынғандықтан, автоматты режимде жұмыс істейтін стационарлық жылдамдық өлшегіштерді орнату қажет. Қазіргі уақытта Павлодар қаласындағы 37 стационарлық жүйенің тек 21-і жұмыс істеп тұр. Облыс орталығында олардың санын көбейтіп, бұл жүйелерді Екібастұз бен Ақсуда орнату керек, - деді Ж.Қайыров. Жаяу жүргіншілер жолына қатысты да мәселе бар. Сараптамалық жұмыстар нәтижесі өңірдегі 970 өтпе жолдың тек 49-ы бағдаршаммен, 20-сы жарық шамдарымен, 75-і стробоскоптармен жабдықталғанын көрсетті. Жыл басынан бері қозғалысы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде 50 жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам қаза тапты және 87 тұрғын түрлі жарақат алды. Бұған дейін тәртіп сақшылары Павлодар қаласындағы 12 қауіпті жол учаскесіне және Екібастұздың осыған ұқсас бес жеріне бағдаршам орнатуды ұсынған болатын. Аталған қалалар басшылығы жол қиылыстарын жобалау басталғанын айтып, жұмыстарды келесі жылы аяқтауға уәде берді.

- Алдымен қолданыстағы бюджетке қарай облыс орталығында қауіпсіз инфрақұрылым құру қажет. Жалпы, әр әкімдік полиция бөлімдерімен бірлесіп, көлік және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту жоспарларын осы жылдың соңына дейін және келесі жылға дейін бекіту керек, - деді Ә.Сқақов. Жиын барысында қыс кезінде қала сыртындағы жолдарды күтіп ұстау мәселесі де қаралды. Полиция департаментінің ақпараты бойынша өткен қыста облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдарда 71 апат орын алған. Бірақ жолдарды күтіп ұстауға жауапты мекемелер бұдан сабақ алмағанға ұқсайды. Олар биыл да жолдарды күтіп ұстауға қажет инертті заттарды, жанар-жағармайды қажетті көлемде алмаған.

- 93 арнайы техниканың 24-і жөндеуді қажет етеді. Біздің облыстың аумағында 1,6 мың шақырымнан астам республикалық жолды күтіп ұстау үшін 55 арнайы автокөлік қажет. Алайда іс жүзінде мұндай техниканың тек 36 бірлігі бар. Оның өзінде жетеуі жұмыс істемейді, - деді Ж.Қайыров. Аймақ басшысы тәртіп сақшыларына жол қызмет-терінің дайындығын ұдайы бақылауды және жолдарды қар басып, қозғалыс тоқтаған жағдайда қолайсыздық тудырған мердігерлер туралы тұрғындарға хабарлауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 


Количество показов: 537

Возврат к списку